Оқытушылардың ар-намыс кодексі

ҚазҰАУ қызметкерлеріне

Пайдалы сілтемелер және құжаттар
Законы, правила, положения, приказы, ресурсы...
Академиялық күнтізбе
------------------------------------------------
Оқытушылардың ар-намыс кодексі
Қазақ ұлттық аграрлық университеті оқытушыларының қауымдастығы осы  Ар-намыс кодексін қабылдауда:
  • Әлемдік ғылым-білім кеңістігінде және агроөндірістік кешенде сұранысқа ие бәсекеге қабілетті маман дайындау, әлеуметтік бағдарланған, жоғары мәдениетті, толерантты тұлға қалыптастыруға жағдай жасау бағытындағы университеттің миссиясын және 2020 жылға дейінгі даму стратегиясын жүзеге асырудағы өз жауапкершілігін;
  • Ұлттық зерттеу университетіне өту үдерісін тиімді жүзеге асырушы Қазақстан Республикасындағы аграрлық білім берудің көшбасшысы ретінде Қазақ ұлттық аграрлық университетінің имиджі мен корпоративті мәдениетін дамыту мен қолдау өз міндеті екендігін назарға алады.
1-бап.
ҚазҰАУ оқытушысы Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарын, ҚазҰАУ Жарғысын, ішкі тәртіп Ережесін, ҚазҰАУ профессор-оқытушылар құрамының, қызметкерлері мен студенттерінің этикалық Ережесін сақтауға міндетті. 

2-бап.
Оқытушы өз университетінің, кафедрасының ар-намысы мен абыройын сақтай отырып:
  • университет дәстүрлерін қадірлеуге;
  • университет беделін арттыруға, оның ғылыми және мәдени дамуына ықпал етуге;
  • ғылымның дамуы мен студент жастарға білім беру-тәрбиелеу жолында жемісті еңбек етуге, өз қызметтік міндеттерін сапалы орындауға, кәсіби, ғылыми және педагогикалық біліктілігін ұдайы арттыруға міндетті.
3-бап.
Оқытушы - жоғары мәдениет пен моралдың үлгісі, қазақстандық патриотизм және мемлекеттілік идеясын белсенді насихаттаушы. Ол жоғары білім саласындағы нормативті-құқықтық актілерді басшылыққа алады, өз қызметін асыра пайдалануға, құқық бұзушылыққа, сыбайлас жемқорлыққа  жол бермейді.
 
4-бап.
Оқытушы өзінің келбетімен, мінез-құлқымен жоғары адамгершіліктің өнегесін көрсетеді. Ол студенттер және әріптестерімен қарым-қатынаста адалдық, әділдік және  сыпайылық танытуы тиіс.
 
5-бап.
Оқытушы әрқашан достық қарым-қатынасты, шығармашылық ынтымақтастықты және рухани өсу ахуалын қолдайды. Ол ұжымда және студенттік топтарда кикілжің жағдайлардың алдын алуы тиіс.
 
6-бап.
Оқытушы кәсіби бағдар жұмыстарына, университеттің қоғамдық және мәдени өміріне, студент жастардың мәдениеті мен білімі деңгейін арттыруға белсене қатысуы тиіс.
 
7-бап.
ҚазҰАУ оқытушысының бойында өз атына нұқсан келтіретін, қоғамға, университетке, жекелеген тұлғаға моралдық және материалдық зиян әкелетін  құқық бұзушылықтар мен кикілжің жағдаяттар, түсінбестік, сенімсіздік ахуалын туғызатын қылықтар  үйлеспейді.
 
8-бап.
Оқытушы университет әкімшілігімен еңбек шартына отырған кезде осы ар-намыс Кодексінің ережелерімен танысып, келісетіндігін білдіреді.
 
9-бап.
Оқытушы осы ар-намыс Кодексін орындау міндетін ала отырып, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің абыройын арттыруға бар күш-жігерін жұмсап, оның имиджі мен іскерлік беделін нығайтуға өз үлесін қосады.

Кодекс ережелері барлық оқытушыларға олардың қызметі мен еңбек ету мерзіміне қарамастан ортақ. Кодекс ережелерін бұзу кафедра, факультет Кеңесі мәжілістерінде талқыланады және ол дәлелденген жағдайда еңбек шартын бұзуға негіз болады.