Факультеттер: Ветеринария

Ветеринария

Факультет галереясы
Өмірдің жарқын сәттері
Факультет білім беру бағдарламасы
------------------------------------
Факультет туралы Страница факультета
Ветеринария факультеті Қазақ ветеринариялық институның негізінде 1929 жылы құрылды. 

Ветеринариялық факультетінің негізгі мақтанышы- оның түлектері. Олардың көпшілігі мамандық бойынша колхоздар, совхоздар мен ауылдарға жіберілді. Олар өздерінің негізгі міндеттерін ғана атқарған жоқ, сонымен қатар ауылдың қоғамдық- саяси, мәдени, спорт өміріне белсене араласты. 

Түлектердің көпшілігі ірі өндіріс орындарын ұйымдастыру және басқару, аудандық және шаруашылық басшысы, жобалық және ғылыми институттар, облыс және министрлік, қоғамдық және мемлекеттік республика қызметкері деңгейіне дейін өскен. 

Олардың ішінде түлектер Н.У. Базанова, Ф.М. Мухамедгалиев, Н.Ж. Жанузакова, С.Д Алиева, Л.Д. Панкратова, М.М. Луценко, Г.П. Иванникова, Г.К. Конакбаева, К.Даулетбаева, А.Т Мусаханов, М.Батырханованы атап айтуға болады.

Факультеттің үш түлегі академик (Н.У.Базанова, Ф.М.Мухамедгалиев және Н.П.Иванов), корреспондент мүшелері КазССР ҒА, бір (Г.С. Шабдарбаева) – РҚ ҰҒА құрметті академигі болды. 

Ғылыми- өндірістік жетістіктерге қол жеткізген түлектер арасынан Қазақ ССР Мемлекеттік премия лауреаттары: К.Н. Бучнев, Б.А. Матвиенко, О.Ш. Байтурина, Г.И. Лопатников, Р.Г. Садыков; СССР Министрлер кеңесінің премиясы: К.Н. Бучнев, А.А. Росляков, Т.Ф. Омаров, И.Л. Квасов, Ф.А. Миловидова, Т.Б. Жангельдин және О. Трабаев.

Ветеринария факультетінің түлектері көп жылдар бойы республикамызда ветеринария қызметін басқарып келді: А.Р.Абишев, Е.Х.Балганбаев, Н.Ж.Жанузаков, В.Н.Полубояров, М.О.Омаров, К.Ж.Жумабеков, Ш.Ж.Турсункулов, К.Д.Даулетбаев.

Факультетте ветеринария және мал шаруашылығы мамандарының біліктілігін арттыру жұмыстары да жүргізілген. 

Факультеттегі мамандардың біліктілігін арттыру кезінде 15000 қызметкер білім алды, оның ішінде 7500 өндіріс ұйымдастырушылары, 2000 ауыл шаруашылық өндіріс орындарының басшылары мен ауыл шаруашылығының аудандық басқарма басшылары, 1800 зоовет мамандар (оның ішінде 600 ветеринарлық дәрігер), 1200 ауылшаруашылық техникум оқытушылары, 400 ауылшаруашылық ЖОО оқытушылары болды. Бұдан басқа, шетелдің ЖОО келген оқытушылары, ғылыми қызметкерлер, ауылшаруашылық орган қызметкерлері, 170 маман біліктілік арттыру мен тәжірибе алмасуға келген. 

Оқу үрдісі барысында студенттерді жоғары білікті деңгейге дейін дайындауға ерекше мән беріледі. Оқу және өндірістік тәжірибеге толық уақыт бөлінеді. Студенттер алған білімдерін үшінші еңбек семестрінде факультативті тәжірибе түрінде ветеринариялық отрядтар құрамында өткізеді. Оқу бағдарламаларында оқытудың белсенді әдістері енгізілген. Оқытылатын пәндердің бөлімдері бойынша студенттердің білімін қадағалау үшін дифференциалды коллоквиум түрінде аралық бақылау қолданылады. Студенттер кафедра жанындағы ғылыми кружоктарда белсенді жұмыс атқарады, оқуды бітіргеннен кейін олар аспиранттар мен ізденушілер болады. 

Факультеттің түлектері Қазақстанның әр түрлі облыстардында қызмет атқара жүріп, Азық- түлік сату бағдарламаларына белсене араласады. Факультеттің көптеген түлектері өздерінің кәсіби дипломдарымен бірге көркем өнер жетекшілерінен, спорттың әр түрінен бапкерлерінен білім алады. 

Факультеттің профессор- оқытушылар құрамы педагогикалық жұмыстарынан басқа, мал шаруашылығы мен ветеринария саласында маңызды мәселелер шешуде ауқымды ғылыми зерттеу жұмыстарын атқарады. Олар ауылшаруашылық жануарларын ұстау және рационды азықтандыру жолын анықтау, жұқпалы емес ауруларды анықтау әдістері мен емдеу, ауылшаруашылық және кәсіби жануарлардың инфекциялық және инвазиялық аурулармен күресу шараларына бағытталған. 

Ветеринария факультеті ғалымдары зертханаларда сальмонеллезге, пастереллезге және жануарлар құтырығына қарсы 30 вакцина мен қан сары суын және бруцеллезге диагностикум жасау, туберкулезге, трипаносомоз, анаплазмоз, токсоплазмоз, қой ценурозына қарсы вакцина алу жұмыстары қарқынды жүруде. Олардың ішінен шошқа сальмонеллезі проф. Б.А.Матвиенко, доц. О.Ш. Байтурина), төл, қой және жылқы (профессор Б.А. Матвиенко қызметкерлермен бірге), қой мен ешкінің контагиозды эктимасына (профессора К.Н.Бучнев, Г.И. Лопатников) қарсы алынған вакциналарды ерекше айтуға болады. 

Түйе шешегін анықтауда зертханалық әдістерді және иммунопрофилактикасын жетілдіруде жұмыстар атқарылды (проф. К.Н.Бучнев, доц. Р.Г.Садыков). Олар өздері ашқан ғылыми жаңалығына Қазақ ССР Мемлекеттік премиясы атағына лайық болды. 

Бройлер балапандарының бойын өсіруге арналған стимулятор ретінде азықтық"Уробактерин" (профессор Б.Т.Толысбаев, ассистент О.Бисембаев) препараты алынды. Препарат балапандардың ауруының алдын алады, өнімділігін көтереді, балапан ұшасын 1 категорияға дейін жеткізеді, азық шығынын төмендетеді, зиянсыз. "Уробактерии" әлемдік тәжірибеде аналогтары жоқ, ветеринариялық фармакологиялық кеңесте мақұлданған, республиканың құс фабрикаларында кеңінен қолданылады және тиімді болып табылады. 

Тауарлық сапасы жоғары қаракөл алу мақсатында қаракөл қозыларының өлекселерін консервілеу әдісі (проф. Н.Ф.Шуклин қызметкерлермен бірге) алынды. Оны Қазақстанның оңтүстік бөлігіндегі қаракөл шаруашылығында кеңінен қолданады және еліміздің барлық қаракөл шауашылығына енгізуге нұсқау берілген. 

Осы ғалымдар ұжымы бруцеллезден сау емес шаруашылықтағы қаракөл қозыларының өлекселерін пикельконсерванттауды ұсынған. Хирургия ветеринария негіздерімен және ішкі жұқпалы емес аурулар кафедрасының қызметкерлері (жетекшілері профессор Г.И.Лопатников және Ю.М.Назаров) емдік мақсатта төлдердің респираторлық ауруларына және торайлардың асқазан- ішек ауруларына, сиырлардың желінсауына жасуша спецификалық цитотоксикалық сары сулар, сонымен қатар тағиғи емес резистенттілікті көтеру мақсатында гипериммунды тимусцитотоксикалық сары сулар, жаңа туған төлдердің пневмониясының алдын алу және бронхопневмониямен ауратын төлдерді емдеу үшін сары сулар алды. Бұл препараттар мал шаруашылығында жоғары сұраныспен қолданылады. 

Эпизоотология және ветеринариялық вирусологияның ғалымдары республика көлемінде қолданылатын тиімділігі жоғары вакцина құрастырды. Бұл вакцинаны ойлап тапқан ғалымдар (проф. К.Н.Бучнев, доценты А.А.Росляков и Т.Ф.Омаров, д.в.н. И.Л.Квасов, кандидаты ветеринарных наук Т.Б.Жангельдин, Ф.А.Миловидова, О.Т.Трабаев). 

Осы авторлар жануарлар құтырығын анықтаудың зертханалық жаңа әдістері мен диагностикумдар құрастырылды, олар ветеринарлық тәжірибеде кеңінен қолданылды. 

Институт (ветеринарлық факультет) Кеңес одандағы елдер арасында құтырық ауруы бойынша ұлттық референция орталығы болды. 

Факультет тарихында есте қалар оқиғаның бірі Азия елдерінегі паразитарлық аурулар бойынша 1958 жылы болған Халықаралық аумақтық конференцияны айтуға болады. Бұл конференцияға 9 елден келген өкілдер: Вьетнам, Индонезия, Па¬кистан, Корея Ұлттық Демократиялық Республикасы, Кампучии (Камбоджи), Монғолия Ұлттық Республикасы, ОАР, Жапония және СССР. Сонымен қатар конференцияға Халықаралық эпизоотологиялық бюро өкілдері қатысты. Конференцияның Құрметті Президенті болып К.И.Скрябин тағайындалды. 

Кейінгі жылдары М.В.Хванның жетекшілігімен, паразитология және паразитоценология зертханасының қызметкерлері келешегі зор ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Қазақстанның оңтүстігінде аймақтық климаттық жағдайларға байланысты ВИЭВ ғалымдары ойлап тапқан тейлериозға қарсы вакцина жүзеге асырды. Жануарлардың жас ерекшеліктеріне байланысты вакцина дозасы мен енгізу мерзімі анықталды. 

Ауыл шаруашылық малдарының әр түрлі инфекиялық ауруларының алдын алу және емдеуге 25- тен аса биопрепараттар өндірісінде профессор К.Б.Бияшев жетекшілігімен бактерия биотехнологиясына қарсы зертханасында ауқымды жұмыстар атқарылды. Бұл жұмыстар негізінде 22 патент алынды. 
Патофизиология және фармакология кафедрасының қызметкерлері, академик З.К. Кожебеков және профессор А.М. Утяновтың басшылығымен овариоцитотоксикалық сары су жасалынып, өндіріске енгізілді. Ол сары су ауылшаруашылық малдарының репродуктивті функциясын көтеруде қолданылады. Ауыл шаруашылық малдарының протозооздар мен энтомоздарын анықтауда иммуноферменттік талдау РНГА арнайы және сезімтал әдістері алынды (М.В.Хван,О.П.Ананьев, В.В.Зуев, Г.С.Шабдарбаева, Т.Т.Сулейменов).

Бұл зерттеулердің барлығы өнертапқыш деңгейінде атқарылып, ал нәтижелері жүйелі түрде институт еңбектерінде жарияланып тұрды. Өткен жылдарда 63 топ еңбек жарық көрген. Оның ең алғашқысы 1934жылы түйе шаруашылығына арналып жазылды, екінші еңбек 1936 жылы және үшіншісі 1940 жылы жарық көрді. Студенттердің ғылыми жұмыстары жүйелі түрде жоғары деңгейдегі еңбектер жарияланатын жинақтарда жарияланып тұрды. 

Факультет базасында ҚР БҒМ Республикалық оқу- әдістемелік кеңесінің оқу- әдістемелік секциясы екі бағытта «Ветеринарная медицина» және «Ветеринарная санитария» мамандар дайындайды.

Факультеттің профессор- оқытушылар құрамының көмегімен Мемлекттік жалпы білім беру стандарты (ГОСО) ветеринарлық медицина және ветеринарлық санитария мамандығы бойынша (жоғары арнайы білім, магистратура және РhD докторантура), магистратура және РhD докторантура жоғары білімі бойынша пәннің типтік оқу бағдарламасы (80) құрастырылды.

Факультетте интерактивті құралдардың көмегімен көрсетілетін және басқарылатын мультимедиялық оқу жүйесін қолдана отырып, оқу жұмысының барлық түрін (дәріс, зертханалық, тәжірибелік сабақтар) қамтитын инновациялық технологияларды қолдану және оқу- әдістемелік құралдарды дайындауға көп көңіл бөлінеді. Дәрісте видеолфильмдер, компьютерлік бағдарламалар, диалогтік сабақ түрі, жалпы- гуманитарлық тәжірибелік сабақтарда «дөңгелек стол», пресс- конференция, дуспут, «топтық жобалар», тәжірибелік тренингтер, ролдік ойындар, есептерді шешу түрінде және тәжірибе барысында алынған мысалдар негізіндегі материалдар қолданылады. 

2005 жыл мен 2010 жж. аралығында 25 оқулық оның ішінде 12-сі ҚР БҒМ грифпен: Шабдарбаева Г.С. Ветеринарлық гельминотология Алматы: Изд-ство «Агроуниверситет», 2010; Ахметсадыков Н.Н., Шабдарбаева Г.С., Хусаинов Д.М. Технология ветеринарных лекарственных препаратов Алматы: Изд-ство «Агроуниверситет», 2010; Ахметсадыков Н.Н., Шабдарбаева Г.С., Хусаинов Д.М. Технология ветеринарных биологических препаратов Алматы: Изд-ство «Агроуниверситет», 2010; Хусаинов Д.М. Основы ветеринарии Алматы: Изд-ство «Агроуниверситет», 2010; Беркінбай О.Б. Орнитология. Алматы: Изд-ство «Жібек жолы», 2008; Беркінбай О.Б., Есжанов Б.Е., Ташенов Б.Ж., Кулманова Г.Ә. Қазақстанның құстары мен аңдардың биологиясы. Алматы: Изд-ство «Жібек жолы», 2008; Айтжанов Б.Д., Заманбеков Б.А., Өтенов А.М., Молдагулов М.А. и др. Фармакология. Алматы, 2006; Шабдарбаева Г.С., Сабаншиев М.С., Сулейменов Т.Т. Паразитология және жануарлардың инвазиялық аурулары. Алматы: Изд-ство «Агроуниверситет», 2010; Мырзабекова Ш.Б. Ветеринариялық вирусология. Алматы: Білім баспасы, 2004; Есходжаев У.К., Молдагулов М.А., Заманбеков Н.А. Жануарлардың ішкі аурулары. 1-ші кітап. Алматы: «НұрПринт баспасы», 2009; Ахметсадыков Н.Н., Омарбекова У.Ш. Ветеринария негіздері. Алматы, 2007 жыл. Сонымен қатар, 45 оқу құралы және 400-ден аса методикалық нұсқау, 25 оқу фильмдер, 20 оқу компьютерлік бағдарлама шығарылды. 

Тек 2014 – 2015 оқу жылында 22 оқулық (оның ішінде 6 мемлекеттік тілде), 25 оқу құралы (оның ішінде 6 мемлекеттік тілде), мемлекеттік тілде 1 электронды оқу құралы, 1 монография, 21 методикалық нұсқау (оның ішінде 7 мемлекеттік тілде), 13 СПОӘК, 2ПОӘК (ағылшын тілінде), 6 тәжірибеге арналған бағдарлама дайындалды. Есеп беру жылында оқытушылармен 84 оқу- әдістемелік әдебиеттер, оның 30 мемлекеттік тілде дайындалды. 

Соңғы 3 жылда профессор- оқытушылар құрамымен, докторант, магистрант және студенттермен бірге Thomson Reuters және Scopus мәліметтер базасында импакт- фактор журналында 12 мақалы жарық көрді. 

Аталған оқу- әдістемелік әдебиеттердің ішінде ағылшын тілінде жарық көрген: оқулық «Bioresources of Kazakhstan. Volume 1. Fisheries resources, resources amphibians, resources reptiles» (Berkinbay O., Shabdarbaeva G): оқу құралы: Гельминттердің жіктелуі. Классификация гельминтозов. Systematization of (Шабдарбаева Г.С., Асылханов Д.У., Ахметова Г.Д., Турганбаева Г.Е., Усмангалиева С.С., Балгимбаева А.И).; Veterinary Microbiology» (Бияшев К. Б., Киркимбаева Ж.С., Бияшев Б.К., Тулемисова Ж.К., Ермагамбетова С.Е.,Орынтаев К.Б.); EMCDM“Modern methods of diagnostics of infectious diseases of animals” (Ilgekbayeva G).; EMCDС «Parasitology and parasitic diseases» (Шабдарбаева Г.С., Асылханов Д); 

ҚР БҒМ мен ҚР АШМ тапсырмасымен жасалған жұмыстар нәтижелері бойынша мыңдаған өнертабыстар, оның ішінде 130 тәжірибелік жұмысқа арналған нұсқаулықтар, 62 өндіріске енгізуге жұмыстар жасалды. Бұл жерде өнертабыс аясында белсенді еңбек еткен профессорлар Г.С.Шабдарбаевой, К.Б.Бияшев, Т.С.Сайдулдин, Н.Н.Ахмедсадыков, Тулемисова Ж.К., Д.М.Хусаинов ижәне т.б. атап айтуға болады.

Халықаралық ынтымақтастық принциптерін іске асыру үшін ішкі академиялық ұтқырлық аясында кафедраға АҚШ, Швейцария, Финляндия, Турция, Польша, Латвия, Ресей, Украинаның жетекші университеттерінен студенттерге, магистранттарға, докторанттарға сабақ өткізу мақсатында профессорлар шақыртылады. Тек 2014-2015 оқу жылында Джорджи Университетінен, Цюрих, Стамбул, Шығыс- Финляндия, Латвия, Тарту университеттері PhD докторанттардың элективті модулдері бойынша сабақ жүргізілді, сонымен қатар, ветеринариялық санитария, азық- түлік қауіпсіздігі жөнінде өзекті мәселелер бойынша дөңгелек столдар жүргізілді. Қазіргі уақытта екі дипломдық білім бағдарламасы Эразмус-Мундус бойынша Словакия Аграрлық университетінде 1 докторант білім алуда және ветеринария факультетінің 25 студенті Стамбул және Шығыс Финляндия университеттерінде білім алуда. 
Ішкі академиялық ұтқырлық аясында втеринариялық санитария оқу бағдарламасы бойынша 10-нан аса студенттер Қазақстанның университеттерінде семестр көлемінде білім алуда. 

ҚазҰАУ-де жыл сайын Халықаралық жаздық мектеп (ISAS) ұйымдастырылады. Оған қазақстандық және шетел университет докторанттары, сонымен қатар, еуропалық университет- серіктестік оқытушылары қатысады. «Ветеринария» факультетінің студенттері заманауи еңбек нарығында қажетті мамандар қатарына жатады және әр түрлі аграрлық өнеркәсіп кешендерінде, өндіріс орындарында, мемлекеттік мекемелерде, Қазақстанның ғылыми- зерттеу және білім беру салаларында, алыс және жақын шетелдерде қызмет атқарады.
Наш адрес:
г.Алматы, пр. Абая 26, №11 учебный корпус, кабинет № 125 Казахский национальный аграрный университет