Факультеттер: Орман, жер ресурстары және фитосанитария

Орман, жер ресурстары және фитосанитария

Факультет галереясы
Өмірдің жарқын сәттері
Факультет білім беру бағдарламасы
------------------------------------
Факультет туралы Страница факультета
Біз туралы

Мамандығы: 5В090300-«Жерге орналастыру»
Оқу мерзімі: 4 жыл
Академиялық дәрежесі (біліктілік): Жерге орналастыру бакалавры


Болашақ қызмет орындары:
Білім алған түлектер жерге орналастыру маманы ретінде келесі мекемелерде қызмет атқара алады:

- жер ресурстарын басқару бойынша облыстық, аудандық, қалалық комиттеттерде;
- техникалық инвентаризация бюролары;
- жобалау ғылыми-зерттеу, ізденіс жүргізу мекемелерінде;
- облыс, аудандардың, қалалардың ірі бірлестіктер мен кәсіпорындардың жер инспекциялары мен қызметтері және т.б.
  
Мамандығы: 5В090700-«Кадастр»
Оқу мерзімі: 4 жыл
Академиялық дәрежесі (біліктілік): Кадастр бакалавры

Болашақ қызмет орындары:
- ҚР МемжерҒӨО республикалық, облыстық және аудандық (қалалық) кадастрлық филиалдарында және жер ресурстарын басқару комитеттерінде;
- оқу орындары, жобалау, ғылыми-зерттеу және ізденіс мекемелерінде;
- облыстық, қалалық, аудандық жер инспекциясы қызметтерінде;
- қалалық жер қызметтерінің мекемелерінде, кадастрлық бюро, ТТБ-да;
- аймақтарды құру және тұрғын үй, құрылыс басқармаларында;
- салық қызметтері, жер соттары мен банктер, бағалау жөніндегі мемлекеттік және нарықтық жүйелерде;
- жылжымайтын мүлікті бағалау және тіркеу бюроларда, агенттіктерде

Мамандығы: 5В080700-«Орман ресурстары және орман шаруашылығы»
Оқу мерзімі: 4 жыл, таңдау пәні-жағрафия
Академиялық дәрежесі (біліктілік): Орман ресурстары және орман шаруашылығы бакалавры. 


Болашақ қызмет орындары:
- орман және аңшаруашылығы Комитетінде;
- орман шаруашлығы мемлекеттік мекемелерінде;
- территориалдық орман және жабайы жануарларды қорғау басқармасында;
- ұлттық табиғи бақтарда;
- арнаулы орман питомниктерінде;
- қорықтарда;
- көгалдандыру және орман жобалау кәсіпорындарында;
- орман ғылыми мекемелерінде.

  Мамандығы: 5В080300-«Аңшылықтану және аң шаруашылығы»
Оқу мерзімі: 4 жыл, таңдау пәні-биология
Академиялық дәрежесі (біліктілік): Аңшылықтану  және аң шаруашылығы бакалавры.


Болашақ қызмет орындары:
- орман және аңшаруашылығы Комитетінде;
- территориалдық орман және жабайы жануарларды қорғау басқармасында;
- орман шаруашлығы мемлекеттік мекемелерінде;
- қорықтар, ҒЗИ, мемлекеттік ұлттық табиғи бақтарда, хайуанаттар бақтарында;
- кинологиялық орталықтарда;
- аңшылар және балықшылар бірлестік қоғам мекемелерде;
 - «Охотзоопром» ӨБ.

Мамандығы: 5В081100-« Өсімдік қорғау және карантин»
Оқу мерзімі: 4жыл, таңдау пәні-биология
Академиялық дәрежесі (біліктілік): Өсімдік қорғау және карантин бакалавры


Болашақ қызмет орындары:
"Өсімдік қорғау және карантин" мамандығын бітірушілер келесі салаларда қызмет істей алады:
 -ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық және аудандық инспекциясында;
- ҚР АШМ «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» ММ облыстық және аудандық филиалдарында;
- ҚР АШМ «Фитосанитария» РМК облыстық  және аудандық филиалдарында;
-облыстық және аудандық ауыл шаруашылығы департаменттерінде;
- арнайы – орта, техникалық – орта оқу орындарында;
- ғылыми-зерттеу мекемелерінде;
- облыстық және аудандық қоршаған ортаны қорғау басқармаларында;
- өсімдік карантинінің инспекторы немесе эксперт болып ауыл шаруашылығы өнімдерін сататын  базарларда;
- өсімдік карантинінің инспекторы немесе эксперт болып шекара кедендерінде, аэропорттарда теміржол вокзалдарында;
- үлкен ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында өсімдік қорғау агрономы ретінде.
- "Магистратураға" түсуге болады және оны бітірген соң ғылыми немесе оқытушылық қызметпен айналысуға болады.
Наш адрес:
050013, г. Алматы, пр.Абая 8 Казахский национальный аграрный университет