Факультеттер: Су, жер және орман ресурстары

Су, жер және орман ресурстары

Факультет галереясы
Өмірдің жарқын сәттері
Факультет білім беру бағдарламасы
------------------------------------
Даму стратегиясы Страница факультета
ҚазҰАУ «Орман, жер ресурстары және фитосанитария» факультетінің стратегиялық жоспары жақын болашақтың көрінісін миссиясы мен жоспарларын анықтайды. Құжат факультеттің «Орман ресурстары және аңшылықтану», «Өсімдік қорғау және карантин», «Жер ресурстары және кадастр» кафедраларының жоспарына сәйкес әзірленді. Соңғы жылдары мемлекеттік білім беру гранттары бойынша оқуға түсушілердің контингенті өсіп, магистратура мен PhD докторантурада оқитын білім алушылардың саны жоғарылады, профессорлар-оқытушылар құрамының сапалық көрсеткіштері жақсарды, материалдық-техникалық база күшейтіліп, ақпараттық ресурстар кеңейтілді. Факультеттің орман, су және жер ресурстары саласындағы ғылыми қызметі жаһандық сауалдарға назар аударып отыр ….?
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев мемлекеттің АӨК дамуы маңыздылығына да жыл сайынғы Қазақстан халқына «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»

Жолдауында атап өтті. Оның дамуы үш негізгі бағытпен өтуі тиіс екендігін белгіледі:
- 2015 жылы еңбек өнімділігінің кем дегенде екі есе өсуі;
- мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында азық-түлік өнімдерінің ішкі нарығында отандық өнімдердің үлесін 80%-дан жоғары жабдықтау;
- экспорттық әлеуетін іске асыру.

Қазақстан он бағыт бойынша міндеттер кешенін жүзеге асыруы қажеттігін атап өтті, олар:
- оқудың тиімді жүйесін құру арқылы қазақстандықтарды жұмыспен қамтуға және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
- адам капиталының сапалы өсуі, әсіресе білім беру және денсаулық сақтау;
- экономикалық жаңғыртудың басты ориентирі ретінде индустриалдық-инновациялық жобаларды дамыту;
- делдалдарсыз бөлшек саудаға мемлекеттік қолдау негізінде ауыл шаруашылығын дамыту, бірыңғай астық холдингін, мемлекеттік кепілдік беру және сақтандыру жүйесін құру.
Факультеттің стратегиялық жоспарында келесі негізгі міндеттерді атап өтуге болады: қолданбалы ғылыми зерттеулер нарықтық ұстанымын нығайту; әлемдегі жетекші университеттермен, ғылыми зерттеу институттарымен және орталықтармен консорциумдар мен одақтарға кіру; Қазақстанның барлық аймақтарында күшті позицияларға ұмтылу.
Наш адрес:
050013, г. Алматы, пр.Абая 8 Казахский национальный аграрный университет