Факультеттер: Гидротехника, мелиорация және бизнес

Гидротехника, мелиорация және бизнес

Факультет галереясы
Өмірдің жарқын сәттері
Факультет білім беру бағдарламасы
------------------------------------
Факультет туралы Страница факультета
ФАКУЛЬТЕТ ТАРИХЫ
 
            2014 жылдан бастап  «Гидротехника, мелиорация және бизнес» факультеті болып аты түрленген, «Экономика және құқық» факультетінің тарихы Қазақ ауылшаруашылық институтының 1963 жылы құрылған экономикалық факультетінен бастау алады. Бұл факультеттің алғашқы деканы  Б.П. Мельников болды. Сонан соң факультетті белгілі ғалымдар экономист-аграрниктер басқарды: В.В. Перебеев, В.И.Пьянков, С.И.Карамендин, Р.Р.Аутов, М.Ж.Сабиров, Т.И.Асылбеков, Т.С.Баймуханов, Г.Р.Мадиев, А.А.Абдиманапов, К.Е.Кубаев, К.Р.Касенов, К.А.Ахметов, К.М.Тиреуов, Д.Ы.Нурмуханбет, Б.Б.Калыкова, Саркынов Е.С.
Факультеттің ғалымдары Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенінің  өзекті мәселерін шешуде жүйелі зерттеулер жүргізіп өз үлесін қосып келеді.
Факультет қазіргі таңда бұрынғы  Қазақ ауылшаруашылық институтының экономикалық және гидромелиоративтік факультеттердің ізбасары болып, аталған факультеттердің  атағын,  дәстірін  жоғалтпай жалғастырып келеді.
Факультеттің қазіргі деканы Сейтасанов Ибрагим Сматұлы, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.
Деканның оқу жөніндегі орынбасары-Набиоллина Мадина Сагиоллаевна, ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.
Деканның тәрбие жөніндегі орынбасары - Зулпыхаров Бауыржан Амалбекұлы, PhD докторы.
Факультетте төрт кафедра бар:
  • «Су ресурстары және мелиорация» -  кафедр меңгерушісі Саркынов Ербол Саркынович, техника ғылымдарының кандидаты, профессор.
  •  «Менеджмент  және агробизнесті ұйымдастыру» - кафедра меңгерушісі Есенгазиева Сауле Копешовна, экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
  • «Есеп, аудит және қаржы» -   кафедра меңгерушісі Асанов Бейбит Мизанбаевич, экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
  • «Құқық» -   кафедра меңгерушісі Куандыков  Бакитжан Журсинович,  заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Факультеттің оқытушылар құрамы біліктілігі жоғары оқытушылардан, ғылымға еңбегі сіңген белгілі ғалымдардан құралған: 
ҚР ҰҒА 4 академигі жұмыс атқарады:
Есполов Тлектес Исабайұлы- ҚР ҰҒА вице-президенті, академик, э.ғ.д.
Тіреуов Қанат Маратұлы- ҚР ҰҒА академигі, э.ғ.д.
Рау Алексей Григорьевич- ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д.
Сүлейменов Жеңісбек Жұмағалиұлы- ҚР ҰҒА академигі, э.ғ.д.
21 ғылым докторы, профессор,
29 ғылым кандидаты, қауымдастырылған профессор, доценттер, 
8 ғылым кандидаты,  аға оқытушы,
8  РһD докторы бар.

Факультеттің  бакалавриаттың 10 мамандығы бойынша, магистратураның 11 мамандығы бойынша және PhD докторантура бойынша мамандар даярлауға лицензиясы бар.
 
Бакалавриат: 
 5В030100-«Құқықтану»
 5В050600 – Экономика
 5В050700 – Менеджмент
 5В050800 – Есеп және аудит
 5В050900 – Қаржы
 5В051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару
 5В051100 – Маркетинг
 5В080500 – Су ресурстары және суды пайдалану
 5В081000 – Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
 5В090800 – Бағалау
 
 Магистратура:
 6М031000 – Құқықтану
 6М030400 – Кеден ісі
 6М050600 – Экономика
 6М050700 – Менеджмент
 6М050800 – Есеп және аудит
 6М050900 – Қаржы
 6М051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару
 6М051100 – Маркетинг
 6М080500 – Су ресурстары және суды пайдалану
 6М081000 – Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
 6М090800-  Бағалау
 
 PhD докторантура:
 6D080500 – «Су ресурстары және суды пайдалану
 6D050600 – Экономика
 
Факультеттің контингенті
Күндізгі оқу бөлімі- 777 студент
Сырттай бөлімінде-113 студент
Магистранттар саны - 63
Докторанттар саны-14
Барлығы- 967
 
Мамандарды дайындау үшін Ресей, Украина, Беларусь, АҚШ, Германия, Словакия, Латвия, Литва, Польша және т. б. елдердің ғалымдары тартылған. Мамандарды дайындау нысандарының бірі болып қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша сырттай оқыту болып табылады. Факультеттің барлық бакалавриат мамандықтары бойынша қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша сырттай оқып білім алуға болады. Халықаралық аккредиттеуден ASIIN Агенттігі аккредиттеу (Германия) бағдарламасы бойынша 6M050700 "Менеджмент" мамандығы өтті,  ұлттық мамандандырылған аккредитациялау және рейтинг тәуелсіз Агенттігі (АРТА) мен «Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі» мемлекеттік емес мекемесі (БСҚТҚА) білім сапасын аккредиттеуден 8 мамандық өтті.
Біздің студенттер, магистранттар, докторанттар және оқытушылар АҚШ, Германия, Нидерланды, Қытай, Болгария, Венгрия, Литва, Польша, Словакия, Финляндия, Франция, Чехия, Эстония және т. б. елдердің университеттер мен ғылыми-зерттеу орталықтарында академиялық ұтқырлық бойынша білім алады және ғылыми тағылымдама өтеді, ғалымдар бірігіп ғылыми зерттеулер жүргізеді.

Факультет құрамында екі ғылыми-зерттеу институттары бар:
  • «Су мәселелері және мелиорация» ҒЗИ –жетекшісі т.ғ.д., профессор, ҰҒА академигі Рау А.Г.
  • «Агробизнес және консалтинг» ҒЗИ - жетекшісі т.ғ.д., профессор, ҰҒА академигі Сүлейменов Ж.Ж.
Факультет құрамында заманауи қондырғылармен жабдықталған 9 зертханасы бар «Су орталығы» жұмыс атқарады. Бұл зертханаларда студенттер оқу зертханалық жұмыстарын орындайды, ал магистранттар, PhD докторанттар ғылыми зерттеулерін жүргізеді.
  • «Гидравликалық процестерді моделдеу» зертханасы;
  • «Су ресурстарын кешенді пайдалану» зертханасы»;
  • «Аэробтық процестерді зерттеу» зертханасы;
  • «Ауыл шаруашылығын және жайлымдарды сумен қамтамасыз етуге арналған гидрокүштік қондырғылар» зертханасы;
  • «Қайта жаңғыртылатын энергия көздерін пайдалану» Ауланбергенов А.А. атындағы зертханасы;
  • «Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау» зертханасы;
  • «Гидротехникалық құрылымдардың гидравликалық зерттеулер» зертханасы;
  • «Су сапасын бақылау» зертханасы;
  • «Геотехникалық» зерттеулер» зертханасы.
«Құқықтану» мамандығы бойынша екі зертхана ашылуда:
«Криминалистік полигон»
«Сот мәжіліс залы»
 
 
Наш адрес:
г. Алматы, пр. Абая 8, №3 уч.корпус Казахский национальный аграрный университет