Факультеттер: «Бизнес және құқық» жоғары мектебі

«Бизнес және құқық» жоғары мектебі

Факультет галереясы
Өмірдің жарқын сәттері
Факультет білім беру бағдарламасы
------------------------------------
Факультет басшылығындағы декандар тізімі Страница факультета
      2014 жылдан бастап «Гидротехника, мелиорация және бизнес» факультеті болып аты түрленген, «Экономика және құқық» факультетінің тарихы Қазақ ауылшаруашылық институтының 1963 жылы құрылған экономикалық факультетінен бастау алады. Бұл факультеттің алғашқы деканы  Б.П. Мельников болды. Сонан соң факультетті белгілі ғалымдар экономист-аграрниктер басқарды: В.В. Перебеев, В.И.Пьянков, С.И.Карамендин, Р.Р.Аутов, М.Ж.Сабиров, Т.И.Асылбеков, Т.С.Баймуханов, Г.Р.Мадиев, А.А.Абдиманапов, К.Е.Кубаев, К.Р.Касенов, К.А.Ахметов, К.М.Тиреуов, Д.Ы.Нурмуханбет, Б.Б.Калыкова, Саркынов Е.С.
Факультеттің ғалымдары Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенінің  өзекті мәселерін шешуде жүйелі зерттеулер жүргізіп өз үлесін қосып келеді.
Факультет қазіргі таңда бұрынғы Қазақ ауылшаруашылық институтының экономикалық және гидромелиоративтік факультеттердің ізбасары болып, аталған факультеттердің  атағын,  дәстірін  жоғалтпай жалғастырып келеді.
Факультеттің қазіргі деканы Сейтасанов Ибрагим Сматұлы, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.
Деканның оқу жөніндегі орынбасары- Набиоллина Мадина Сагиоллаевна, ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.
Деканның тәрбие жөніндегі орынбасары- Зулпыхаров Бауыржан Амалбекұлы, PhD докторы.
 
Наш адрес:
г. Алматы, пр. Абая 8, №3 уч.корпус Казахский национальный аграрный университет