Факультеттер: Агробиология

Агробиология

Факультет галереясы
Өмірдің жарқын сәттері
Факультет білім беру бағдарламасы
------------------------------------
Факультет туралы Страница факультета
"Агробиология және фитосанитария" факультетінің тарихы Қазақ ауыл шаруашылығы институты құрылған күннен бастау алады. 1930 жылы ол дәнді дақылдар факультеті болып құрылған болатын. 1933 жылы аталған факультет жеміс шаруашылығы факультеті болып өзгертіліп, жеміс шаруашылығы агрономдарын даярлай бастады. Факультеттің алғашқы маман түлектері 78 адамды құрады. Аталған түлектер республикамыздағы ғылыми агрономияның негізін салушылар болып табылады. Агрономия факультетінің алғашқы деканы болып профессор Н.И. Малов (1935–1937) тағайындалды. Соғысқа дейінгі кезеңде факультет декандары болып белгілі ғалымдар С.И. Азев, Е.Б. Тайбеков, В.Е. Казаков, И.Г. Дырда-Лукин қызмет етті.
1963 жылы агрономия факультетінің негізінде топырақ агрономиясы және өсімдік қорғау деп аталатын жаңа факультеттер ашылды. Осы кезде топырақтанушы - агрохимиктер дайындау үшін факультетке ҚазМУ-нің биология факультеті топырақтану бөлімінің 66 студенті ауыстырылды. Аталған факультеттердің тұңғыш декандары болып М.К. Мейірманов, Р.Е. Елешев, Ю.А. Галяпин тағайындалды.
1988–1995 жылдары құрылымдық өзгерістерге байланысты әртүрлі бағыттағы агроном мамандарын дайындайтын 4 факультет құрылды.

Олар:
- «Агрономия»; 
- «Топырақтану және агрохимия»; 
- «Жеміс, көкөніс және жүзім шаруашылығы»;
- «Өсімдік қорғау» деп аталды.

1996 жылдан бастап бұл факультеттер біріктіріліп, олардың базасында агрономия оқу-ғылыми өндірістік кешені құрылып, оған А.Қ.Апушев, Т.Н.Нұрғасенов басшылық жасады. Қазір факультет құрамында «Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру агротехнологиялары», «Агрохимия, топырақтану және экология», «Жеміс-көкөніс шаруашылығы, химия және өсімдік қорғау» кафедралары жұмыс істейді. Факультеттің оқытушы-профессорлар құрамы 135 адамнан тұрады, олардың ішінде ҚР ҰҒА-ның 2 академигі, 30 ғылым докторлары, 80 ғылым кандидаттары қызмет атқарады.
Факультетте «Агрономия», Топырақтану және агрохимия», «Өсімдік қорғау және карантин», «Экология» мамандықтары бойынша бакалаврлар, магистрлар және PhD-докторлар дайындалады. 2011 жылы «Экология» мамандығы халықаралық аккредитациядан өтіп, бүгінгі таңда әлемдік стандарт деңгейінде мамандар дайындайды. Факультет бүгінгі күні өсімдік шаруашылығы бойынша және қоршаған ортаны қорғау салалары бойынша жетекші білім беру және ғылыми орталыққa айналып отыр. Білім алушылар үшін АҚШ, Филиппин, Польша, Ресей және басқа шетелдердің үздік ғалымдары дәріс оқиды. Сонымен қатар факультет оқытушылары мен білім алушылары Канада, Австралия, Нидерланды, Германия, Польша, Қытай, Ресей және т.б. мемлекеттерде тәжірибеден өтіп келуде.
Факультетте 324 адамға арналған №2 "Жас Орда" студенттер үйі жұмыс жасайды.
Наш адрес:
г. Алматы, пр. Абая 8, №4 уч. корпус Казахский национальный аграрный университет