Жоғары білім алу үдерісінде бос білім беру грантын тағайындау туралы ақпарат

Событие #323 Статистика

Жоғары білім алу үдерісінде бос білім беру грантын тағайындау туралы ақпарат

Жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранты конкурстық негізде білім беру бағдарламасы бойынша ақылы түрде білім алып жатқандарға беріледі. Конкурс білім беру грантын беру туралы куәлік табыстау арқылы аралық атестаттау нәтижесі бойынша өткізіледі.
Бос білім беру грантын алу конкурсын өткізу кезінде оқу үлгерімінің орташа балының көрсеткіші бірдей болған жағдайда барлық оқыту кезеңінде тек А, А- («өте жақсы»), сонан соң А, А- («өте жақсы») - В+, В, В-, С+ («жақсы») бағалары бар білім алушылар ие болады.
Жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранты жазғы және қысқы каникулдар кезеңінде конкурстық негізде білім беру бағдарламасы бойынша университетте бар бос орындарға беріледі.
Жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру грантын беру төмендегідей тәртіппен жүзеге асырылады:
  • ақылы негізде білім алушылар деканатқа ЖОО басшысының атына білім беру гранты бойынша әрі қарай оқытуға өтініш, барлық оқу кезеңінің транскрипті мен жеке басын куәландыратын құжат көшірмесін береді;
  • деканаттар қысқы және жазғы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша келесі құжаттарды ұсынады:
    1. Оқудан шығарылған студенттердің білім беру гранттарын беру туралы куәліктері;
    2. Конкурстық негізде бар бос орындарға ақылы түрде білім алушылардың және үміткерлердің жоо басшысының атына жазылған өтініштері;
    3. Жеке басты куәландыратын құжаттары;
    4. Барлық оқу кезеңдері үшін оқу үлгерімінің орташа балы көрсетілген транскриптері;
    5. Факультет кеңесі шешімінің көшірмелері.
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты