Студенттік жатақхана жайлы хабарлама

Университет қашықтықтан білім беруге көшті

Событие #301 Статистика

Студенттік жатақхана жайлы хабарлама

Құрметті талапкерлер!  Көптеген өтініштер бойынша ҚазҰАУ студенттік жатақхана туралы пост жариялаймыз. Бірінші курс студенттері: Алматы қаласы мен жақын аудандардан басқа барлық үміткерлерге орын бөлінеді. Жоғары курс студенттері: бірінші кезекте әлеуметтік жағдайы бар студенттерге беріледі (жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, басқа қалалардан келген, көп балалы отбасылар мен шетелдік студенттерге. Алғашқылардың қатарына үлгеру үшін құжаттарды 24 шілдеден 25 тамызға дейін тапсыру қажет. ▪️бөлме 4 студентке арналған, ▪️бөлменің жалпы ауданы 18 ш.м. Студенттер үйінде студенттердің жайлы өмір сүруі үшін барлық жағдай жасалған (кір жуғыш машиналар, тоңазытқыштар, газ плиталары, компьютерлік сыныптар, акт залдары, кітапхана және т. б.). Толығырақ ақпаратты kaznau.kz сайтында "студенттік өмір"бөлімінде оқи аласыз.
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты