«СТУДЕНТТЕРДІҢ АГРАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ-2018»

Событие #191 Статистика

«СТУДЕНТТЕРДІҢ АГРАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ-2018»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ
 
ҚАЗАҚ 
ҰЛТТЫҚ
АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
www.kaznau.kz
Алматы қаласы,
Қазастан Республикасы
 
 
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ АГРАРНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ
www.kaznau.kz
город Алматы,
Республика Казахстан
 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
 
ХХІI  СТУДЕНТТІК ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

«СТУДЕНТТЕРДІҢ АГРАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ-2018» 
 
26-27  сәуір 2018 жыл
 
Құрметті студенттер!
 
          Қазақ ұлттық аграрлық университеті 2018 жылдың  26-27 сәуірінде өтетін «СТУДЕНТТЕРДІҢ АГРАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ-2018»  атты ғылыми-практикалық конференциясына студенттерді қатысуға шақырады.
Конференцияның мақсаты - студенттер арасында шығармашылық қызметті дамыту және шығармашылық ойлауды қалыптастыру, оларды агроөнеркәсіптік кешеннің өзекті мәселелерін шешуге тарту.
Конференцияда келесі секциялардың жұмысы жоспарланып отыр:
 
Секциялардың  атауы Ғылыми  хатшы Электрондық пошта адресі, тел.
1 Агробиология және экология Ержанова Кенже Мамбетсалиевна kem_707@mail.ru
8 701 431 91 03
2 Ветеринария және биотехнология Токаева Мереке Орусбаевна niipa@bk.ru
+7 (727)2616901
8 702 958 93 72
3 Технология, селекция және биоресурстар Токаева Мереке Орусбаевна niipa@bk.ru
+7 (727)2616901
8 702 958 93 72
4 Экономика, менеджмент және құқық Бекбосынова Асель Бестенбековна kaznau.nikia@mail.ru
8 701 356 43 14
5 Су проблемалары және жерді мелиорациялау Бакирова Айгерим Шакимураткызы ashbakirova@mail.ru
8 775 252 03 03
6 Орман, жер ресурстары және фитосанитария Жорабекова Жадыра Тузельбаевна zhadra.zh@mail.ru
+7 (727) 262-81-33
8 701 372 25 35
7 Агроинженерия, энергетика, ақпараттық технологиялар, кәсіптік оқыту Ордабаева Гульзинат Койшымановна miss.gulzinat@yandex.ru
+7 (727) 2645372
8 701 172 29 72
8 Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар Ахметканова Гульнар
Аманкелдиевна
1990.gaa@mail.ru
+7(727)2628982
8 707 255 91 97
 
Конференция қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтеді.
Конференцияның ұйымдастыру комитеті жұмыс барысын төмендегідей етіп айқындады:
- 26 сәуір пленарлық және секциялық отырыстар;
- 27 сәуір конференцияның қорытындысын шығару, резолюция қабылдау, сертификаттарды табыстау.
Секциялық отыстардың нәтижесі бойынша университеттің сайтында http://www.kaznau.kz (Ғылым-Конференции-Конференция материалдары)  конференцияның материалдар жинағы басып шығарылады. Конференция жұмысына қатысу үшін материалдарды 2018 жылдың 15 сәуіріне дейін жоғарыда көрсетілген секцияға жауапты адамдардың электронды пошталарына жіберілу тиіс:
- қатысу өтініші;
- рецензиясы бар мақала.
Көрсетілген уақыттан кейін келіп түскен өтініштер қарастырылмайды, баяндама материалдары жарияланбайды.
Барлық сұрақтар бойынша конференцияның ұйымдастыру комитетінің электрондық адресіне немесе көрсетілген телефондарға хабарласуларыңызға болады: +7 (727) 262-89-82.
Ұсынылған материалдардың сапасына  авторлар жауапты. Баяндама мәтіні түпнұсқа болып табылады  және өзгертілмейді. Мақала көрсетілген мерзімнен кеш келіп түссе, рәсімделуі талапқа сәйкес болмаса, сонымен қатар конференция тақырыбына сай келмесе, ұйымдастыру комитеті баяндамаларды қабылдамауға құқылы.
Іс-сапар шығындары (жол шығыны, тұрғын жай және тамақтану) конференцияға қатысушылардың есебінен төленеді. 
 
БАЯНДАМАЛАРДЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
Баяндама материалы автор жүргізген жұмыстың сипаты, мазмұны және  нәтижесі туралы анық көрініс беру тиіс.
Бір адам екі реттен артық автор немесе қосалқы автор  бола алмайды.
Мақала қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарияланады. Мақала 3-тен 5 бетке дейін болуы керек және өз зерттеулерінің нәтижелері мен қорытындылары болуы қажет. Тек әдебиетке сүйенген шолу мақалалар қабылданбайды. Мақаланың авторлары 2 адамнан артық болмауы тиіс.
  • Баяндама мәтіні компьютерде Times New Roman редакторында, кегль көлемі 12, аралығы 1 жол, абзац – 1, орналастырылуы: жоғарғы және төменгі жақ бос терлер – 2,5 см, сол жақ – 3 см, оң жақ – 1,5 см.
  • ӘОК (жоғары сол жақта), бір жолдан соң ортада автор(лардың) фамилия(лары) мен инициалдары қанық әріптермен, тағы бір жолдан соң төмен курсивпен авторлардың жұмыс орнының толық атауы жазылады. Тағы бір жол төмен ортада мақала тақырыбы бас әріптермен жазылады.
  • Негізгі мәтіннің алдында мақала тілінде 10 жолдан аспайтын аңдатпа, жаңа жолдан кілт сөздер жазылады.
  • Мәтін тексеріліп, мына бөлімдерден тұруы қажет: кіріспе, материалдар мен әдістер, зерттеу нәтижелері, нәтижені талдау, қорытынды. Қолданылған әдебиеттер тізімінен кейін бір жолдан соң ортада авторлардың фамилиялары мен инициалдары, бас әріптермен мақала тақырыбы және түйіндеме қалған екі тілде (4-5 беттен кем болмауы тиіс). Суреттер мен сызбалар анық болуы керек. Қолданылған әдебиеттер сілтемесінде мақаланың барлық авторы немесе авторлары жазылуы керек.
  • Бөлімдердің аты: кіріспе, материалдар мен әдістер, зерттеу нәтижелері, нәтижелерді талдау және  қорытындылары жаңа жолдан, қанық әріптермен және нүктесіз жазылуы тиіс.
  • Мәтінде астын сызу, қанық әріппен және курсивпен жазуға болмайды.
Мақаланы жариялау тегін. 
 
 
Мақаланы рәсімдеу үлгісі
 
ӘОК
 
Ахметканова Г.А, Сарсембаева А.Б.
 
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
 
ЭНЕРГИЯ ТҰТЫНУ ЖҮЙЕСІНДЕ ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ
 
Аңдатпа............
 
Кілт сөздер............
 
Мақала мәтіні..............
 
Қолданылған әдебиеттер тізімі
 
 
Ахметканова Г.А., Сарсембаева А.Б.
 
Казахский национальный аграрный университет
 
ЭНЕРГОСБЕРЕЖЕНИЕ В СИСТЕМАХ ЭНЕРГОПОТРЕБЛЕНИЯ
 
 Аннотация. ..............
 
Ключевые слова .............
 
 
Akhmetkanova G., Sarsembayeva A
 
Kazakh National Agrarian University
 
ENERGY SAVING IN SYSTEMS of ENERGY CONSUMPTION
 
Abstract.............
 
Keywords.................
 
ӨТІНІМ ФОРМАСЫ
 
Мақаланың толық атауы (баяндама)  
Автордың оқу орны / жұмысы (мекеменің толық атауы)  
Автордың аты-жөні (толық), курсы, мамандығы  
Ғылыми жетекшінің аты-жөні (толық) академиялық дәрежесі, академиялық мәртебесі (болған жағдайда)  
Қатысу түрі:
- Мақаламен немесе баяндамен қатысу немесе конференцияға мақаламен сырттай қатысу
 
Секция  
E-mail  
Байланыс телефоны  
 
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:
050010, Алматы қаласы, Абай көшесі, 8.
Қазақ ұлттық аграрлық  университеті,
Ғылым департаментіі, 104, 105 кабинет, бас ғимарат.
 
Құрметпен, ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты