«Skill Development in Electronics for TVET Trainers and Planners» атты оқу тәжірбиесі. (Үндістан, Ченнаи қ.)

Событие #255 Статистика

«Skill Development in Electronics for TVET Trainers and Planners» атты оқу тәжірбиесі. (Үндістан, Ченнаи қ.)

Құрметті оқытушылар!
 
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаменті хабарлауынша, Үндістан Үкіметі 2019 жылғы 27 ақпан - 27 наурыз аралығында Ғылыми-зерттеу институтында «Skill Development in Electronics for TVET Trainers and Planners» атты оқу тәжірбиесін өткізеді. (Үндістан, Ченнаи қ.)
 
Тәжірбиенің  негізгі бағыттары - кәсіби дағдыларды жетілдіру, PLC, SCADA, LABVIEW заманауи операциялық жүйелерді, өнеркәсіптік аспаптарды және автоматтандыруды, күн және жел энергетикасы жүйелерін зерттеу.
Талапкерлерге қойылатын талаптар:
- техникалық пәндер оқытушылары;
- 25-45 жас аралығында;
- 5 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі;
Тәжірбиеге (авиабилеттер, жататын жер, оқу материалдары және турлар) байланысты барлық қаржы шығыстары Үндістан тарапынан төленеді.
Осы бағдарламаға қатысу үшін үміткерлер қажетті сілтеме бойынша онлайн тәртібінде тіркелуі керек:
 
https://www.itecgoi.in/courses_list.php?salt3=70fbae4fde20182019&salt4=e0604db54222&salt=c8fe29138f89
 
2019 жылдың 25 қаңтарына дейін.
 
Егер сізді қызықтыратын сұрақтар туындаса, Үндістанның Қазақстандағы Елшілігімен:  +7 (7172) 925-718, 925-700 телефоны бойынша хабарласыңыздар.
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты