«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ АУЫЛ-СЕЛОНЫҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БОЛАШАҒЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
Университет қашықтықтан білім беруге көшті

Событие #289 Статистика

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ АУЫЛ-СЕЛОНЫҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БОЛАШАҒЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

Ақпараттық хат
 
 «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ АУЫЛ-СЕЛОНЫҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БОЛАШАҒЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
 
Құрметті әріптестер!
 
Қазақ ұлттық аграрлық университеті О. Сүлейменов атындағы Әлеуметтік-гуманитарлық білім беру және тәрбиелеу институтының «Рухани жаңғыру» гуманитарлық зерттеулер орталығы  2019 жылдың 28 мамырында Алматы қаласында Республикалық ғылыми-практикалық  «Рухани жаңғыру және қазіргі ауыл-селоның интеллектуалды болашағы» атты конференция өткізетіндігін хабарлайды.
Ғылыми іс-шара барысында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған «Рухани жаңғыру» и «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасындағы негізгі мәселелердің жүзеге асырылу барысы талқыланады.  
Конференция жұмысы төмендегі бағыттар бойынша ұйымдастырылады:
  1. «Ауыл – ел бесігі»
  2. Қазақ ауылы тарих толқынында;
  3. «Рухани жаңғыру» және қазіргі ауыл- село;
  4. Ауыл-селоның интеллектуалды күштерінің миссиясы.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс.
Конференция жұмысына қатысу үшін 2018 ж. 25 мамырына дейін ұйымдастыру комитетінің адресіне өтініш (1 қосымша бойынша) және баяндама мәтінін (2 қосымша бойынша) жіберуілеріңіз керек.
Басқа қалалардан келіп қатысушылардың жол, қонақүй шығындары жіберуші тарапынан болуы тиіс.
 
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:
050010, Алматы қ., Абай көшесі, 8.
e-mail: dina_zharylkasyn@mail.ru, Ata53@mail.ru.
 
Телефондар:
Тел.: 8 (727) 264 48 05, 264 25 14.
Ұялы. тел.: 8 701 388 48 50, 8 747 725 17 56.
 
МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
Көлемі 10 бетке дейін, MS WORD редакторында *.doc, *.rtf. нұсқасында
Файлдың аты алғашқы автордың аты-жөнімен сәйкес келуі керек.
Мәтін шрифті «Times New Roman»  14,  немесе «KZ Times New Roman» 12.
Шектері: жоғарғы – 2, төменгі – 2, сол жағы - 3, оң жағы – 1 см. Аралық интервал – бір.
Интервал арқылы ортада қарамен белгіленген жазба әріптермен – мақала атауы, оң жақта автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, және ұйымның аты, жақша ішінде – қала, мемлекет.
Мақалада сілтемелер тік жақшамен қолданылған бетін көрсетіп безендіріледі (мысалы, [10, 251-б.]). Қолданылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында көрсетіледі. Сөйлем соңында нүкте сілтеме жақшасынан кейін қойылады.
Кестенің терілуі үшін MS WORD редакторы қолданылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақала соңында беріледі (нөмірлеу нүктесіз).
Егер мәттінің көлемі 10 беттен асып кетсе, немесе жоғарыда көрсетілген техникалық талаптарға сәйкес келмесе, ұйымдастырушы комитет мұндай жұмысты қабылдамайды.
Мәтіндер лазерлік дискіде қағазға шығарылған түрде немесе электронды пошат арқылы жіберіледі. Баяндамалар конференция тақырыбына сәйкес келуі керек. Ұйымдастыру комитеті баяндамаларды таңдау құқығын өзіне қалдырады. Мүмкіндігіне қарай ғылыми іс-шараның басталуына дейін конференцияның материалдары жинағы шығарылады.
Алдыңғы «Рухани жаңғыру және Туған жер» (Алматы, ҚазҰАУ, 2018) Республикалық конференция материалдары жинағы Университетте 2018 ж. басылып шықты.  
 
 
1 Қосымша
 
 «Рухани жаңғыру және қазіргі ауыл-селоның интеллектуалды болашағы» Республикалық ғылыми-практикалық  конференцияға қатысу  ӨТІНІМІ
 
Тегі  
Аты  
Әкесінің аты  
Қала  
Мекен жайы  
Телефон  
Электронды мекен-жай  
Ұйым  
Қызметі  
Ғылыми дәрежесі  
Ғылыми атағы  
Секция  
Баяндама тақырыбы  
Қонақүй қажеттілігі  


Қосымша 2
 
МАҚАЛАНЫ РӘСЕМДЕУ ҮЛГІСІ
 
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ
 
Смағұлова С.Ө.
т.ғ.д., профессор
«Рухани жаңғыру» гуманитарлық зерттеулер орталығы,  ҚазҰАУ
(Алматы қ.)
 
Мәтін... [1, 17 б.]. Мәтін... [2, 25 б.].
 
Әдебиеттер:
  1. Смағұлова С.Ө. Қазақ хандығы мен «Мәңгілік ел» идеясы // «Қазақстан мемлекеттілігінің эволюциясы және «Мәңгілік ел» идеясы» атты дөңгелек үстел. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты. – Алматы, 2015. – 8 қыркүйек.
  2. Смағұлова С.Ө. ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы медреселер: оқыту жүйесі мен діни оқулықтар // Международная научно-теоретическая конференция «Духовная жизнь Казахстана: история и современность». Институт философии, политологии и религиоведения КН МОН РК. – Алматы: 2015. – 22 октября.
  3. Концепция экологической безопасности Республики Казахстан на 2004-2015 годы // Казахстанская правда (газ.). – Алматы, 2003.–10 декабря.
  4. Ташкент мұсылмандарының демонстрациясы (электронный ресурс) // htpp://www.inform.kz/kaz/article/2323629 (дата посещения сайта: 18.02.2018).
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты