Мевлана алмасу бағдарламасы

Событие #266 Статистика

Мевлана алмасу бағдарламасы

«Мевлана» алмасу бағдарламасы студенттер, магистранттарға және мұғалімдерге Сельджук және Акдениз университеттерінде Менеджмент, Экономика, Топырақтану, Өсімдіктерді қорғау, Машина жасау және Физика және инженерлік мамандықтар бойынша 1/2 семестр немесе 3 айға дейін сабақ оқуға және дәріс өткізуге мүмкіндік береді.

1. Студенттер Ағылшын немесе түрік тілдерінде өздерінің тілдік білімдерін дәлелдеу керек.
2. Бакалавриатта оқитын студенттердің орташа академиялық баллы 2,5 / 4,0, ал магистранттар мен P.h.D. үшін 3.0 / 4.0 төмен болмау керек.
3. Өтініш беруші студенттер Түркия азаматы болмауы тиіс.

Қажетті құжаттар:
1. Транскрипт
2. Тіл білімін сертификаты
3. Толтырылған өтініш формасы
 
Мұғалімдерді іріктеу кезінде ескеру қажет шарттар:
Бұл бағдарламаға қатысатын оқытушылар өтініш формасын толтырып, өздерінің академиялық портфолиоларын (соның ішінде түйіндемесін, өз басылымдарын, жобаларын, өткізген семинарларын және т.б. қатысты құжаттары болуы тиіс) дайындау қажет.
Құжаттар қабылдаудың соңғы күні: 13 ақпан

Құжаттарды Академиялық ұтқырлық және халықаралық білім беру бағдарламалар орталығына өткізесіздер. Бас ғимарат, 36 кабинет.
 
Қосымша ақпарат алу үшін Академиялық ұтқырлық және халықаралық білім беру бағдарламалары орталығына хабарласыңыз.
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты