Қазақстандағы Халықаралық UI GreenMetric семинары

Событие #140 Статистика

Қазақстандағы Халықаралық UI GreenMetric семинары

Қазақ ұлттық аграрлық университеті UI GreenMetric Ranking of World Universities рейтингісінің 2017 ж. Ұлттық координаторы болып табылады.
Қазақ ұлттық аграрлық университеті қабырғасында 2017 жылдың 15 маусымында UI GreenMetric Ranking of World Universities рейтингісінің төрайымы профессор Рири Фитри Саридің  (Индонезия)  қатысуымен халықаралық семинар өтеді.
Семинар мақсаты – Қазақстандық ЖОО экологиялық инфраструктура құрудағы сұрақтарға бағытталған ұлттық және халықаралық диалогтық платформа құрастыру, академиялық қоғамның көңілін кампустағы экологиялық проблемаларды шешуге шақыру, су және энергияны үнемдеп қолдану және қоршаған ортаға деген қарым – қатынасын өзгерту.
Семинар жұмысына ҚР ЖОО ректорларын, құрылымдық бөлімше жетекшілерін, ұлттық және халықаралық рейтингтерге жауапты университет қызметкерлерін, эксперттерді шақырамыз.
 
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты