ERASMUS+

Событие #156 Статистика

ERASMUS+

 
Erasmus+ программасы бойынша іріктеуге 2 магистрант, 2 PhD докторант және 1оқытушы Льейда Университетіне 2017-2018 көктемгі семестріне келесі мамандықтар бойынша оқуға бару мүмкіндігі ашылды: Агрономия, Бақша шаруашылығы, Топырақтану, Тамақ технологиясы, Орман шаруашылығы және Қоршаған орта. Іріктеуге ағылшын тілін жетік білетін, қолдана алатын студенттер шақырылады. Төменде көрсетілген құжаттарды 6.11.2017ж. дейінгі уакыт аралығында Академиялық ұтқырлық және шетелдік оқу бағдарламалары орталығына өткізуіңізді сұраймыз:
  1. Эдвайзерден алынған ұсыныс хат;
  2. Ағылшын тілі деңгейін дәлелдейтін сертификат немесе IELTS, TOEFL сертификаттары;
  3. Жеке оқу жоспары;
  4. Транскрипт;
  5. Диплом, сертификат, құрмет қағаздары;
  6. Мотивациялық хат (неге шет елге оқуға барғыңыз келеді, нақты ғылымиөзерттеу мақсатыңыз бар ма)
  7. Паспорт көшірмесі;
Барлық құжаттарыңызды жинақы папкаға салып әкелуіңізді сұраймыз.
 
Назарыңызға Рахмет!
Академиялық ұтқырлық және шетелдік оқу бағдарламалары орталығы.
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты