АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Событие #316 Статистика

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 
«ALQA FOUNDATION» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ҚОРЫ
 
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
 
 
 АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
 
                                                         
  Құрметті әріптестер!

 
Қазақ ұлттық аграрлық университеті «ALQA Foundation» Халықаралық Мәдениет Қорымен бірлесе отырып 2019 жылдың 15 қазаны-15 қарашасы аралығында ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған Алматы қаласы жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Абай әлем тілдерінде» атты мәнерлеп оқу конкурсын өткізетіндігін хабарлайды.
Конкурстың міндеттері:
  • Студент жастардың ұлттық санасын жаңғыртуда әдебиеттің орнын нығайтып, оған қызығушылығын арттыру;
  • жастар арасында ұлы Абай шығармаларын насихаттау;
  • студент жастардың әлем тілдерін үйренуге ынтасын арттыру;
  • жастардың шығармашылық әлеуетін арттыру, олардың бойында  жұрт алдында сөйлеу дағдысы мен шешендік өнерін дамыту;
  • жоғары оқу орындарында оқитын студент жастардың рухани байланысын нығайту.
   Конкурс туралы толық ақпарат  Ережеде берілген (Ереже ақпараттық хатқа қоса тіркелді).
Конкурсқа қатысу үшін үміткер берілген үлгідегі  (Қосымша 1) өтінімді толтырып, abai.konkurs2019@mail.ru электронды поштасына  2019 жылдың 1 қарашасына дейін жіберу керек.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:
050010, Алматы қ., Абай көшесі, 8.
e-mail: abai.konkurs2019@mail.ru
Телефондар:
Тел.: 8 (727) 262-17-47, 262-15-17
Ұялы. тел.: 87073887948
 
Қосымша 1
КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ҮШІН ӨТІНІМ ҮЛГІСІ
 Жоғары оқу орнының атауы_____________________________________
 
Қатысушы туралы мәлімет  
1 Тегі, аты және әкесінің аты  
2 Туған жылы, айы  
3 Мамандық атауы, курсы  
4 Оқитын шығарманың түпнұсқадағы атауы  
5 Шығарма қай тілде оқылады  
6 Байланыс телефоны  
7 Электронды поштасы  
8 Толтырылған күні  
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты