«Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті» кафедрасы

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы
...
«Рухани жаңғыру» гуманитарлық зерттеулер орталығы
Кафедра тарихы Кафедра тынысы МЖӘ профильдері
Кафедра университеттің алғашқы ашылған жалпы университеттік кафедраларының бірі болып табылады. «Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті» кафедрасының тарихы Қазақ ауылшаруашылық институтында 1936 жылдан бастап жұмыс істеген марксизм-ленинизм негіздері кафедрасынан бастау алады. 1952-1959 жылдары кафедра меңгерушісі қызметін доцент С.Т. Жусіпбеков атқарған. 1959 жылы кафедра КОКП және философия тарихы болып қайта құрылады, 1959-1973 жылдарда кафедраға доцент Ф.Н. Молдабаев жетекшілік етсе, ал 1973-1983 жылдар аралығында кафедра меңгерушісі қызметін профессор Ж.И. Ибраев атқарған.

Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтының марксистік-лениндік философия және ғылыми коммунизм кафедрасы 1968 жылы құрылған. Кафедра меңгерушісі ф.ғ.д., профессор Г.Н.Соскин, ал 1985 жылға дейін –доцент Ж.Ж. Молдабеков, 1989 ж. наурызынан 1996 ж. дейін ф.ғ.к. К.М. Мұхамбеталиев болды.
Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтының КПСС тарихы кафедрасы 1968 ж. жеке кафедра болып ашылды. Кафедраның алғашқы меңгерушісі Ұлы Отан соғысының ардагері доцент К.И.Сафранков болды. 1973 жылдан 1987 жылға дейінгі кафедра меңгерушілері: проф. ҚР Ғылым академиясының академигі М.К.Қозыбаев, проф.А.С.Құрманбаев, доцент ҚР Ғыл.академиясының корр-мүшесі Т.С.Садыков, тарих ғыл.кандид.М.В.Сивенок болған.

1996 жылы екі жоғарғы оқу орындары: Қазақ ауылшаруашылық институты мен Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институты Қазақ ұлттық аграрлық университеті болып біріктірілді. Университетте «Қазақстан тарихы» және «Философия» кафедралары құрылды. «Қазақстан тарихы» кафедрасын тарих ғылымдарының кандидаты, доцент М.Ж. Абдиров, «Философия» кафедрасын философия ғылымдарының докторы, профессор           Ж.А. Әлиев басқарды. 1999 жылы кафедра «Тарих, философия және саясаттану» кафедрасы болып қайта құрылып, 2002 жылға дейін аталған кафедраға философия ғылымдарының кандидаты, доцент Х.К. Ахметов жетекшілік етті.

Атауы «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» болып өзгертілген кафедраны 2002 жылдан 2004 жылға дейін әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, доцент А.Т. Әбжалиева, 2004-2006 жылдарда тарих ғылымдарының кандидаты Қ.К. Кенжебеков басқарды. 2006 жылдан 2008 жылдар арасында кафедра меңгерушісі қызметін әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор М.А. Әбішев атқарды.

«Қоғамдық пәндер» кафедрасы «Тарих және  саясаттану» және «Философия және әлеуметтану» кафедраларының бірігуі нәтижесінде 2008 жылы қыркүйекте құрылды.
Кафедраны осы жылдан 2017 жылдар аралығында саяси ғылымдар докторы, профессор С.М. Борбасов басқарды.

2017 жылы кафедраның құрылымдық және кадрлық саласында болған өзгерістерге байланысты кафедра атауы «Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті» деп өзгертілді. 2017 оқу жылынан бастап, кафедраны тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері Салқынбек Досалы Исаханұлы басқарып келеді.
Кафедрада 2 ғылым докторы, профессор 9 қауымдастырылған профессор 4 аға оқытушы еңбек етеді.

Кафедра оқытушыларының алдына қойған мақсаты, студент жастарға сапалы білім мен тәлімді, тағылымды тәрбие беру.
Соңғы жаңалықтар Танымал Оқылған Жаңалықтар мұрағаты
Адрес кафедры