Кәсіптік оқыту, Факультеттер: IT - технологиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенін механизациялау

IT - технологиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенін механизациялау

Кафедра: Кәсіптік оқыту

Факультет галереясы
Өмірдің жарқын сәттері
Факультет білім беру бағдарламасы
----------------------------------------
Кафедра жайында Страница кафедры
Ауылшаруашылығын механикаландыру  факультетінде инженер-оқытушылар дайындау 1975 жылы басталды.  Кафедраның  негізгі дайындайтын мамандығы  «Инженерлік педагогика және ауыл шаруашылық пәндерді оқыту әдістері» 1976 жылы құрылған болатын. Осы кафедрада мамандықтың оқу жоспары бойынша көзделген психологиялық-педагогикалық циклдің барлық пәндерді шоғырланған.
Кафедра меңгерушілері болғандар: аға оқытушы Каримов Аблеев Хусанович  профессор Сейтешов Ажес  Петрович - кәсіби педагогика негізін қалаушы,  т.ғ.к., доцент  Момынбаев Байзақ Копирбаевич, п.ғ.д., профессор Қозыбай  Анарбек Қозыбайұлы.

1984 жылдан бастап  инженерлік-педагогикалық факультеті  құрылды. Факультеттің бірінші деканы болыпІңкәрбеков Асылбек Болатбекұлы тағайындалды.
Инженер-педагог дайындауда басымдық  «педагог-тәрбиеші» дайындауға көп мән берілді. Сондықтан да  Орталық Азия мен Қазақстанда бір ғана факультет болды. Қырғызстан, Түрікменстан және Өзбекстан мемлекеттері  үшін де мамандарды дайындады.

2004 жылдан бастап, білім берудің,  оқытудың  жаңа ұлттық стандартына сәйкес мамандық «Кәсіптік оқыту» бойынша жүзеге асырылады.
2011 жылдан бастап 2014 жылдың қыркүйек айының аралығында кафедра «Жаратылыстану ғылымдары» және «Машина пайдалану» кафедраларының құрамында  болды
2014 жылдың қыркүйек айынан  бастап «Кәсіптік оқыту» кафедрасы - Инженерлік факультетінің дербес кафедрасы болып жеке шықты. Кафедра меңгерушісі  педагогика ғылымының  кандидаты, доцент,МАНПО РФкорреспондент мүшесі  Аманбаева Эльмира Амангелдіқызы болып тағайындалды.

Кафедра жеткілікті үлкен ғылыми-педагогикалық потенциалы бар, шығармашыл топ жұмыс жасайды. Сапалы мамандар  дайындауда, 1 доктор  және 8 ғылым кандидаттары, оның ішінде бір «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы»мемлекеттік грантының жеңімпазы еңбек етеді. Ғылым докторларының орташа жасы-  62 жас, ғылым кандидаттарының-47 жас, кафедра мүшелерінің орташа жасы  - 45 жас  болып табылады.

«Кәсіптік оқыту» кафедрасы бакалавриат және магистратураға болашақ кәсіптік оқыту мұғалімдерін дайындап жатыр.Оқу мерзімі 4 және 2 жыл.
Кәсіптік оқыту кафедрасының  дайындайтын  мамандығы 5В012000-кәсіптік оқыту бакалавриаты және 6М012000 - кәсіптік оқыту магистранты болып табылады. Осы мамандық бойынша студенттердің 90% -дан астам мемлекеттік білім беру гранты иегерлері болып табылады, 300-ден астам студенттер мен 16 магистранттар оқытылды.
Білім беру бағдарламалары мен білім беру үрдісінің әдістемелік қолдау мазмұнын жақсарту мақсатында,  кешенді білім беру бағдарламаларын әзірлеу және элективті пәндер каталогі ғалымдар мен кафедра оқытушыларының қатысуымен дайындауда. 
Кәсіптік оқыту» мамандығы студенттер мен оқытушылар тәжірибесін,  практикалық дайындығын, ғылыми-зерттеу жұмыстарынжетілдіру мақсатында, Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерімен 60-тан астам келісімге қол қойылды.

«Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша мамандарды даярлау «Ауыл шаруашылығы өндірісін механикаландыру»білім беру бағдарламасы бойынша табысты жүргізілді. 2012 ж  мамандарды даярлау «Электр энергетикасы» білім беру бағдарламасы бойынша өтті. Түлектер кәсіби колледждерге табысты жұмысқа орналасты.
Университеттің  және  кафедраның  жұмысын жақсарту үшін жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу орталықтары арасындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға үлкен көңіл бөлінді.  Серіктестермен келісім-шарттар:  С.Сейфуллин атындағы Агротехникалық университет (Астана). Санкт-Петербург университеті (Ресей), А.Стольгинский (Литва), Нови сад (Сербия), Lleida университеті (Испания).
Кафедра болашақта (Германия, Дюссельдорф)  оқу орталығымен  халықаралық ынтымақтастықты жоспарлап отыр.
Специальности кафедры
Наш адрес:
г.Алматы, ул.Сатпаева 7, №6 учебный корпус Казахский национальный аграрный университет