Ректор блогы

Есептер
Есептер
Сұрақтар-Жауаптар
Сіз ректорға өз сұрағыңызды осы жерден қоя аласыз


Құрметті әріптестер, студенттер және оқырмандар!

Университет тарихы ел экономикасының дамуымен және мемлекетіміздің қалыптасуымен тығыз байланысты. Университеттің негізгі мақсаты – бәсеге қабілетті аграрлық секторды дамыту үшін  жоғарғы білікті мамандарды даярлау ғана емес, сондай-ақ  әлемдік білім және ғылым кеңістігіне ену жағдайында ғылыми-техникалық прогресті қарқынға ену. Университет ірі ғалымдар қатарынан тұратын ірі  ғылыми мектепті құрған аграрлық ғылымдардың көшбасшысы болып табылады.
Университет тарихына жүгінсек, елімізде ауыл шаруашылығын ұжымдастыру және Қазақстанда алғашқы кең шарларды құру науқанында ауыл шаруашылығы өндірісін жоғары деңгейде басқара алатын кәсіби білікті мамандардың қажеттілігі туды.

1929 жылы Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасының Халық Комиссарлар Кеңесінің шешіміне сәйкес, Алматы зооветеринарлық институты, ал 1930 жылы Қазақ ауыл ша­руашылығы институты деп аталатын 2 институт құрылды.
1996 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің шешімімен аталған екі  жоғары оқу орны біріктіріліп, Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті болып құрылды.
2001 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен университеттің жоғары ғылыми әлеуеті және кәсіби білікті мамандар даярлаудағы жетістіктері ескеріліп, университетке ұлттық жоғары оқу орны ерекше мәртебесі берілді.
2010 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университеті Қазақстан Республикасының түрлі барлық өңіріндегі, әріптестерінің, жақын және алыс шетелдегі әріптестерінің қатысуымен жоғары деңгейде өзінің сексен жылдық мерейтойын атап өтті. Осы мерекеге мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қатысты, ол  университет қызметіне жоғары баға берді.

Біздің оқу орнымыз өз мерейтойын зор жетістіктермен атап өтті. Университеттің  қызмет ету жылдарында еліміздің аграрлық секторының дамуына қомақты үлес қосқан және қосып келе жатқан 135 мыңнан аса дипломды мамандар дайындап шыққан. Олар – Кеңес Одағының Батыры, Социалистік Еңбек Ері, КСРО Жоғарғы Кеңесі және Қазақстан Парламентінің депутаты, ҚазКСРО Ғылым Академиясы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының академиктері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, өндірісті жоғары деңгейде ұйымдастыра алатын мемлекет және қоғам қайраткерлерін, ғалымдарын, агроөндіріс кешенінің басшыларын және бүкіл Қазақстанды әлемге танытқан азаматтарды тәрбиелеп шығарды.

85 жыл кез келген жоғары оқу орнының дамуында мол тәжірибе және шежірелі тарих, бірақ, менің ойымша, біз бүгін ұлы жаңалықтар мен орасан зор өзгерістер тоғысында тұрмыз!

Бүгінде университет студенттері, магистранттары, докторанттары және қызметкерлері әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерінде, ғылыми-зерттеу орталықтарында және үздік зертханаларда біліктілігін арттыруға, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға мүмкіндік алды.

Әлемде  жоғары оқу орындарының   континенттік, аймақаралық және мемлекеттік мәндегі  ғылыми-білім беру мегаполистеріне  интеграциялануы қарқынды түрде іске асуда.  Университет пен өнеркәсіп кешендерінің бірлесуі көптеген ел тәжірибесінде белең алуда. Міне осындай жолмен бәсекеге қабілетті мамандар даярлау мен ғылыми ізденістер үшін негіз қалыптасуда.

«Ғылым туралы» жаңа заң, «Қазақстан Республикасындағы білім беруді  дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», «Білім  туралы» заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Ұлттық университеттері мен  Қазақстанның басқа да  жетекші жоғары оқу орындарының ұлттық зерттеуші университетіне трансформациялануына басымшылық жасаушы нақты жүйелі  түріндегі жандандырушысы болуда.

Зерттеу университетінің негізгі мақсаты ғылым мен өндірістің интеграциялануы, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді және ғылыми-техникалық жобаларды орындай отырып, жоғары білікті мамандарды даярлау екендігі белгілі болып отыр.

Бүгінде университет осы бағыттарда нақты қадамдар жасады. Университет өз ресурстарын шоғырландыруды іске асыра отырып,  білім беру, ғылым, қарастырылып отырған саладағы еліміздің бәсекелестік қабілеттілігінің дамуына  әсер ететін аграрлық индустриалдық дамудың инновациялық ортасының өзара пісе қайнаған орталығына айналды.

Агроөнеркәсіп кешенінің индустриалды-инновациялық дамуы бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында универ­ситет ғылыми қызметкерлерінің жоғары білікті кадрлық әлеуеті, атап айтқанда, академиктер, ғылым докторлары мен кандидаттары, Ph.D докторонттары мен магистрлер қызметке тартылған. Бүгінгі таңда университет ғалымдары Ауыл шаруашылығы министрлігінің «ҚазАгроИнновация» АҚ-ның ғылыми-зерттеу институтымен және ҚР БҒМ ғылыми-зерттеу институтымен бірлесе отырып, Қазақстанның барлық аймақтарының өндіріс орындарына 80-нен астам озық ғылыми нәтижелерді енгізді.

Университет ғалымдары шет елден алып келетін азық-түлік тағамдарын өндіретін, ауыл шаруашылығы өнімін өңдейтін, өндірістің диверсификациясын қамтамасыз ететін салалық кластерлер құру жұмысына белсене араласуда. Қазіргі таңда университет әлемдік ғылыми кеңістікке алдыңғы қатарлы үздік шет елдік университет­термен бірлесе отырып, климаттың өзгеріске ұшырауы, ауыл шаруашылығы жерлерінің шөлге айна­луы, қоршаған ортаны қорғау, азық-түлік қауіпсіздігі, ауызсудың азаюы секілді адамзаттың жаһандық мәселелеріне қатысты халықаралық бағдарламаларды жүзеге асыруға бейім ғылыми орталықтар негізінде халықаралық ықпалдастықты табысты дамытып келеді.

Университет базасында құрылған Фермерлердің жоғары мектебі еліміздің агроөнеркәсіптік кешендерінің шаруа қожалықтарының басшылары мен қызметкерлері үшін Экстеншн халықаралық моделі бойынша білім беру және консалтингтік қызмет көрсетіледі.

Білім және ғылым саласында біздің ұжым еңбегінің лайықты бағасы ұжым өкілдерін 2-ші дәрежелі «Барыс»,  «Парасат», «Құрмет» ордендерін, «Құрмет Белгісі», «Білім беру ісінің еңбек сіңірген қызметкері», «ҚР Ғылымды дамытудағы үлесі үшін», «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» құрметті атақтарды, ордендерді, медальдарды, мемлекеттік сыйлықтарды иелену арқылы белгілі болуда. Біздің ғалымдар мен жетекші оқытушыларымыз А.И. Бараев және Қ.И. Сәтбаев атындағы сыйлықтардың  және «Жылдың үздік оқытушысы» атағын иеленуде.

Бүгінгі таңда университеттің студент-жастары арасында қомақты жұмыстар өткізілуде. Біздің үздік студенттеріміз республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми конференцияларда жүлделі орындарды иеленуде.
Оқу орнының спортсмен студенттері спорт­тан өткен халықаралық  жарыстарда олимпиадалық медальдардың иегерлері мен жүлдегерлері атанып жүр. Бұл барлық ұжымның зор еңбегі. Мен де Қазақ ұлттық аграрлық университетінің түлегімін. Өмірімнің маңызды кезеңдері қоғамдық, еңбек пен ғылыми жетістіктегі жемісті белестерім туған университетіммен тығыз байланысты болды.

Біздің университеттің басты басымдылықтары -  жоғары  білімді де білікті мамандар даярлау және өз Отанымыздың патриоттарын тәрбиелеу.

Құрметті талапкер, Сізді, бізге, Қазақ ұлттық аграрлық университетіне шақырамын.

Ректор блогы Танымал Оқылған Жаңалықтар мұрағаты