УМО - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

Жас ғалымдар кеңесі

Диссертационные советы
Диссертации
Исследования, результаты
Научный журнал
Жалпы мәлімет Жас ғалымдар туралы ереже
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің (бұдан әрі - ҚазҰАУ) Жас ғалымдар кеңесі 2001 жылы құрылды. Жас ғалымдар кеңесі (бұдан әрі - ЖҒК) жас ғалымдардың ғылыми қызметін үйлестіретін консультативтік-кеңесші орган болып табылады және 35 жасқа дейінгі магистранттар, докторанттар және жас профессорлық-оқытушылар құрамының (бұдан әрі - ПОҚ) қатарынан құрылады.
ҚазҰАУ ЖҒК мақсаты жас ғалымдардың мүдделерін білдіру, ғылыми-зерттеу жұмысында олардың қызметін қолдау, АӨК өзекті ғылыми мәселелерін шешу үшін олардың күш-жігерін біріктіру, ҚазҰАУ жас ғалымдарының инновациялық қызметін дамыту болып табылады.

Кеңес қызметінің міндеттері мен нысандары:
- дарынды жастарды агроөнеркәсіп кешені салаларында неғұрлым терең ғылыммен айналысуға тарту;
- университеттің ғылыми өмірінде жас ғалымдардың белсенділігін арттыруға ықпал ету;
- ғылыми қызметке жетекшілік ететін мемлекеттік органдардың, сондай-ақ қоғамдық және коммерциялық ұйымдардың жас ғалымдармен өзара қарым-қатынас жүйесін қалыптастыру;
- университеттің ғылыми конференцияларын, семинарларын, жас ғалымдардың кездесулерін және басқа да іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу;
- Қазақстан Республикасы, жақын және алыс шет елдер бойынша қорлар, гранттар, конференциялар, мектептер, конкурстар және өзге де іс-шаралар туралы, Қазақстан Республикасында жас ғылыми кадрларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы жас ғалымдарды ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
-Қазақстанның жас ғалымдарының, шетелдік жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтардың бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын ұйымдастыру;
- шетелдік жастардың деректер базасын құру, бірлескен жұмыстарды жүргізу мақсатында олармен байланыс орнату;
- басқа ғылыми ұйымдардың, жоғары оқу орындарының және шет елдердің ЖҒК-мен байланыс орнату;
- қоғам жұмысын және жас ғалымдар мен студенттердің жетістіктерін БАҚ-та жариялау;
- жас ғалымның үздік студенттік жұмысына арналған жоғары оқу орны ішіндегі байқауды ұйымдастыру және өткізу;
- университеттің жас ғалымдары ұжымының ғылыми қызметін қолдау;
- жас ғалымдар арасында конференциялар, семинарлар, ғылыми мектептер, гранттар, жас ғалымдарды қолдау бағдарламалары және т. б. сондай-ақ баспа және электрондық ғылыми журналдар және басқа да кәсіби ақпарат көздері туралы ақпаратты тарату;
- жас ғалымдар кеңесі ұжымы мүшелерінің тұрғын үй және басқа да әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін шешуге жәрдемдесу;
- сайтта өз бөлімін жүргізу, оны жедел ақпаратпен қамтамасыз ету;
- жас ғалымдар мүддесінде ҚР қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызметтерді жүзеге асыру.
Біздің университет өзін Ұлттық зерттеу мәртебесі бар жаңа форматтағы университет ретінде танытады, ол сондай-ақ оның дамуын халықаралық ғылыми-білім беру және кәсіпкерлік ортаға тығыз интеграцияланған университет ретінде анықтайды.
Жас ғалымдардың ғылыми-интеллектуалдық әлеуетін жүзеге асыруға, оның ғылыми инфрақұрылымын дамытуға және бәсекелестік жағдайында және жаңа міндеттер аясында жаңа мүмкіндіктерді ашуға ықпал етуге бағытталған барлық іс-шараларда ҚазҰАУ ЖҒК тікелей және белсенді қатысады.
Дарынды жастарды, жас зерттеушілер мен өнертапқыштарды тарту, сондай-ақ кәсіпкерлік дағдылар мен бизнестің негіздерін дамыту жөніндегі жұмыстарды күшейту мақсатында ҚазҰАУ Агрохабының базасында оқыту ұйымдастырылды.
ҚазҰАУ факультеттерінде 64 студенттік ғылыми үйірме жұмыс істейді, оған 2000-нан астам студент қатысады. 2017-2018 оқу жылында ғылыми конференциялар мен байқауларға 884 студент өз жұмыстарын ұсынды.
Турегельдиев Бекзат Әбиұлы – Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, «Агрономия» мамандығы бойынша ҚазҰАУ түлегі, «Жеміс-көкөніс шаруашылығы» мамандығының 3 курс докторанты, «Болашақ» бағдарламасының түлегі.
Алиханов қуантар Дәуленұлы - Жас ғалымдар кеңесінің төрағасының орынбасары, «Ветеринарлық санитария» мамандығы бойынша ҚазҰАУ түлегі, сонымен қатар ҚазҰАУ «Ветеринарлық, санитарлық сараптама және гигиена» кафедрасының ең жас меңгерушісі, PhD докторы, ҚР БҒМ жас ғалымдарға арналған 2017 жылғы мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері.
Жас ғалымдар кеңесінің басшылық құрамында - 42 кеңес мүшесі. Университеттің Жас ғалымдар кеңесінің жалпы ұйымына әртүрлі санаттағы 255 білім алушы мен ПОҚ кіреді.
 
Кеңестің электрондық мекенжайы: smu_kaznau@mail.ru
Соңғы жаңалықтар Танымал Оқылған Жаңалықтар мұрағаты