Университет қашықтықтан білім беруге көшті

«Агроинновация және экология» ҒЗИ

Инновациялық жылыжай
Жылыжай салудың дамыту орталығы
Болашақ стипендиясы
«Болашақ» стипендиясы мансапты дамытудың кепілі болды ...

Ғылыми - инновациялық әзірлемелер Жетістіктер Халықаралық ынтымақтастық Біз туралы

«Агроинновация және экология» ғылыми-зерттеу институты (А және Э ҒЗИ) Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің құрылымдық бөлімі ретінде Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 2000 жылғы 8 қарашадағы №10578 және Қазмемагрудың 2000 жылғы 14 қарашадағы №ОП222 бұйрықтары негізінде құрылған.

Институттың мақсаты мен міндеттері – егіншілік, өсімдік шаруашылығы, топырақтану, агрохимия, қоршаған ортаны қорғау, жеміс-көкөніс, селекция, генетика, биотехнология және өсімдік қорғау салаларында қолданбалы және іргелі зерттеулер жүргізу болып табылады;

- агроөнеркәсіп кешенінің басымдылық мәселелері бойынша аймақаралық және халықаралық ғылыми жобаларды орындауға қатысу;

- ғылыми жобалардың, республикалық және халықаралық жорналдарға басуға берілетін мақалалардың сапаларына сараптама жүргізу;

- мамандық бейінін ескере отырып, жыл сайын РhD докторлардың диссертациялық жұмыстарын бекіту және қорғауға ұсынылатын диссертацияларды қарастыру;

- ғылыми конференцияларды ұйымдастыру, аяқталған ғылыми жобалардың, бағдарламалардың нәтижелері бойынша ұсыныстар шығару және егістік күндерін өткізу;

- жас ғалымдарды атақты шәкіртақы байқауына қатысуға ұсыну.

Соңғы жылдар аралығында институт ғалымдары ҚР АШМ тапсырмасы және ҚР БҒМ жобалары бойынша 20-дан астам және әртүрлі субъектілермен келісім шарт негізінде жобалар орындады, жыл сайынғы қаржыландыру көлемі 116-дан 135 млн. теңгені құрады. Ендірілген ғылыми жобалардың жалпы көлемі – 15, жалпы сомасы 165 млн. теңгеден астам.

Аталған кезеңде 12 монография, 700 астам ғылыми мақала, 30 ұсыныстар жарыққа шықты, 7 авторлық куәлік (патент және предпатенттер) алынды, сонымен қатар 18 кандидаттық, 6 докторлық және 38 РhD докторлық диссертациялар қорғалды.

Агроинновация және экология ҒЗИ бастамасы бойынша жақын және алыс шетелдердің ғалымдарының қатысуымен бес халықаралық конференция (2008, 2011, 2013, 2018, 2019 жылдар) ұйымдастырылды.

Республикалық және халықаралық конференцияларға 100-ден астам қызметкерлер қатысты.

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Саймасай ауылындағы «Агроуниверситет» ОӨШ базасында «Агротехнопарк» жасалды.

Агрономия кафедрасының қызметкерлері 16 гектарға 12 түрлі және 24 отандық және шетелдік ауылшаруашылық дақылдарының сорттары (сұрыптары) егілді.


2020 жылы жеміс көкөніс және жаңғақ кафедрасының профессорлық оқытушылар құрамы «Байбұлақ» оқу өндірістік шаруашылығында Нидерланд Корольдігінің ең үздік сорттарынан (жеміс және жидек) жас бақ отырғызды.
 

 

ҚазҰАУ тарихында тұңғыш рет 2019 жылы селекциялық зерттеулер нәтижесінде ауылшаруашылығы дақылдарының жаңа төрт сортын сұрыпын мемлекеттік сынақтан өткізетін комиссияға берді:

1 – картоп («ҚазҰАУ-90»);
1 – қызанақ («Көркем»);
1 – тәтті бұрыш («Сафия»);
1 – салат («Нежный»). 
 

 
 

Аяқталған зерттеулерді өндіріске енгізуді үгіттеу мақсатында, фермерлік шаруашылықтар үшін далалық семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып отырылады, олардың бірнешеуі:

«Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында жылына екі өнім алу технологиясы», жоба жетекшісі: а.-ш.ғ.д., профессор Атақұлов Т.

Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарының гидротермиялық жағдайлары жылына екі өнім алуға жарамды. Қазақстанның ғылыми-зерттеу мекемелерінің көптеген тәжірибелері көрсеткендей, негізгі (бірінші) және аралық (екінші) дақылдарды дұрыс таңдау арқылы бір алаңда жылына екі өнім алу топырақ құнарлылығының төмендеуіне әкелмейді, бір танаптан жоғары өнім өндіріп, суғармалы егістікті қарқынды пайдалануға мүмкіндік береді. Алайда, іс жүзінде екінші дақыл егіп-өсіру фермерлерде дұрыс қолданылмайды, дегенмен күздік бидай мен арпа дақылдарын жинағаннан кейін екінші аралық дақыл егіп, екінші өнім алуға көп уақыт (90-120 күн) қалады.

Осындай технологияларды зерттеп өндіріске енгізу Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында өсімдік шаруашылығын әртараптандыратын тиімді  тәсілдердің бірі суғармалы жерлердің өнімділігін арттыратын жолы. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде өсімдік шаруашылығын әртараптандырудың негізгі жолының бірі аралық дақылдар ретінде жүгеріні, рапсты, қышаны, судан шөбін және басқа да дақылдарды егіп өсіру. Осы дақылдардың сорттары дұрыс таңдалса, уақтылы өскіндер алынса, кепілденген толық өнімдерін алуға болады. Аралық дақылдардан алынатын қосымша екінші өнім, кейінгі уақытта ауыл шаруашылығын дамытатын негізгі бағыттардың бірі мал шаруашылығына жем-шөп ресурстарын толықтырудың маңызды көзі болып табылады.

 

«Жеміс, жидек және көкөністерді гелиокептіргіштерде кептірудің инновациялық технологиялары», жоба жетекшісі: а.-ш.ғ.к., асс.профессор Тәжібаев Т.С.

Энергошығындары жоғары технологиялардың орнына, күн энергиясының есебінен ауаның айналуы мен қолайлы температураны қамтамасыз ететін гелиокептіргіштердің жаңа әрі ұтқыр конструкциялары жасалған.

Құрғату технологиясы күн энергиясын пайдалану есебінен жеміс-жидек дақылдарының өзіндік құнын 18-20% төмендетеді, олардың сапасын жақсартып, 1 тоннадан 20-50 мың теңге таза пайданы қамтамасыз етеді.
 

 

«Жылдам пісетін, күйзеліске төзімді, сапасы бақыланатын жеміс дақылдарын отырғызу материалдарын өндіру технологияларын енгізу», жоба жетекшісі: а.-ш.ғ.д., профессор Олейченко С.Н., қосалқы жетекшісі а.-ш.ғ.к. Есеналиева М.Д.

Қысқы телім жүргізу, питомникте ағаштардың жылдам пісетін кроналарын қалыптастыру, сонымен қатар көшеттерді жабық тамыр жүйесімен өсірудің Голландиялық технологиясы Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс жағдайларына бейімдендірілген. Бұл технология жылдам пісетін, күйзеліске төзімді, сапасы бақыланатын жеміс дақылдарын отырғызу материалдарын өндіруді қамтамасыз етеді.

Ұсынылатын технология бойынша жеміс дақылдарынан өнім алу мерзімі дәстүрлі әдіспен салыстырғанда 2 жылға қысқарады және жоғары сапалы тауарлы өнім алынады.
 


«Жүзімді бейімделген еуропалық үлгіге сәйкес өсіру технологиясы», жоба жетекшісі: а.-ш.ғ.д., профессор Олейченко С.Н.

Жүзімнің техникалық сорттарын өсірудің Еуропалық үлгісі Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысының топырақ-климат жағдайларына бейімдендірілген. Технологияның мәні – өркендерді кесу, шырпу жолымен көзшелер мен өркендердің сандарын нормалау негізінде, жүзімнің техникалық сорттарын қалыптастырудың жаңа кешенді тәсілін енгізу.
 

 

Жаңа кешенді тәсіл жүзімнің 1 га егістігінен шараптық сорттарының Мемстандарттарының талаптарына сәйкес келетін 200 бен 300 центнер өнімділігін қамтамасыз етеді; олардан технологиялық қайта өңдеу негізінде Еуропалық стандартқа сәйкес Қазақстандық элиталық шараптар алынады.

«Қазақстанның деградацияға ұшыраған жайылымдарына мониторинг жүргізудің және бағалаудың ақпараттық жүйесін әзірлеу, оларды қалпына келтіруді тиімді басқарумен қамтамасыз ету», бағдарлама жетекшісі: а.-ш.ғ.д., профессор Қалдыбаев С.

2018-2020 жылдарда жүргізілген зерттеулер нәтижесінде Қазақстанның әртүрлі дәрежеде деградацияланған жайылымдарының геоақпараттық картасы жасалды.

Arcgis бағдарламалық қамту базасы негізінде интерактивті онлайн карта жасалды. Картаға шөлді, тауалды шөлейт (тіктік), шөлейт (жазықтық), құрғақ дала, дала және орманды дала аймақтарындағы: Алматы облысы Лепсі, Көксу, Қоскұдық және Айдарлы; Жамбыл облысы Жамбыл, Мойынқұм және Ақкөл; Кызылорда және Түркістан облыстарындағы Қызылқұм; Қарағанды облысы Гүлшат, Ақшатау, Ақсу-Аюлы және Атасу; Костанай облысы Жалғызтау және Фурманово; Ақмола облысы Тасты-Талды және Приречный; Павлодар облысы Қалқаман және Аққу (Лебяжье); Шығыс-Қазақстан облысы Шар және Жаңғызтөбе; Батыс-Қазақстан облысы Тасмола және Алмазное; Ақтөбе облысы Мартук және Хлебодаровка; Қостанай облысы Адай және Перелески; Солтүстік-Қазақстан облысы Андреевка, Ақмола облысы Атамекен және Бозайғыр; Павлодар облысы Юбилейный және Песчаное; Шығыс-Қазақстан облысы Семеновка және Күршімде, зерттелген топырақтық және биологиялық индикаторларының жағдайы, барлығы 12 облыста 32 мониторингілік нүктелерінің жайылымдарының деградациялану дәрежелері анықталды. Arcgis – бұл географиялық ақпаратпен байланысқан және онлайн картамен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жүйе.


ҚР әртүрлі дәрежедегі деградацияланған жайылымдарының геоақпараттық картасы және оларды басқару шаралары

2020 жылдың 25 қыркүйегінде Агробиология факультетінің Топырақтану және агрохимия кафедрасында – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА және РҒА академигі Р.Елешев атындағы ғылыми-зерттеу зертханасы ашылды. Осы зертханада ҚазҰАУ магистранттары мен PhD докторанттарының топырақ және агрохимиялық зерттеулері жүргізілетін болады.



Агроинновация және экология ҒЗИ ғалымдары жақын және алыс шет елдердің ҒЗИ және ЖОО тығыз халықаралық байланыс орнатқан.

2019 жылы біздің ғалымдар Пекин қаласында VIII ғылыми-техникалық ынтымақтастық отырысына қатысты, оның құрамында Жақыпова Ф.Н., ҚР БҒМ вице-министрі; Жүрынов М.Ж., ҚР ҰҒА президенті және т.б., Қытай жағынан Хуан Вэй – ҚХР білім және техника министрінің орынбасары болды.

Қытай ғылым академиясының топырақты және суды қорғау институтымен «Топырақ эрозиясын бағалау және оларды қорғаудың регионалдық шаралары» ғылыми-зерттеу жобасы іске аспақшы.



Нидерланды Корольдігінің ғалымдарымен тығыз ынтымақтастық жүргізу нәтижесінде Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы «Байбұлақ» ОӨШ-да Қазақстан-Нидерланд бағы отырғызылды.


Ведущие ученые
Соңғы жаңалықтар Танымал Оқылған Жаңалықтар мұрағаты
Қазақстан Жапон инновациялық орталығының қызметкері - АҚШ Огайо...
Жарияланды: 31 қазан, 2019 | Қаралғандар: 27
Құлдыбаев Нұрлан Мэлисович, "Электронды микроскопия" инженерлік бейіндегі зертхананың ғылыми қызметкері, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің (Алматы, Қазақстан)...
Әріптестік, Ықпалдастық, Қайырымдылық, Дөңгелек үстел, Түлектер, Іс-шара, Шетелдік ЖОО-лар, Жетістіктер, Спорт, Семинарлар, Конференция, Реформалар, Ауыл шаруашылығы, Форумдар, Инновациялар, Байқау, Тәжірибе, Кездесу, Турнир, Пікірсайыс, Құрмет, Мерейтой, Нәтиже, Олимпиада, Таным, Жиын, Өнеге, Дәріс, Тұсаукесер, Өнер, Құттықтау, Емтихан, Магистарнттарға, Көрме, Аккредиттеу, PhD-докторанттарға, Талапкер, Пресса үшін, Ғылыми кітапхана, БАҚ біз туралы, IT, Кітапхана, Қызметкерлер, Пресс-релиздер, Конкурстар және гранттар, Ғылым, Студенттер, Денсаулық және спорт, Студенттік өмір, Біліктілігін арттыру, Мультимедиа, Ректорлар кеңесі, Академиялық ұтқырлық, О.Сүлейменов атындағы әлеуметтік-гуманитарлық білім беру және тәрбие институты, РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ, Қазақ және орыс тілдері кафедрасы, «Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті» кафедрасы, ENACTUS, AGROHUB, FEWKZMG, AгроДаму, POKAZ-KATAMARAN
Мекен-жайымыз:
Казахстан, 050010 г. Алматы, ул. Абая, 8, 3 корпус, каб.204 ПН-ПТ с 9 00 до 18 00.