УМО - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті
Университет қашықтықтан білім беруге көшті

РОӘК Оқу әдістемелік бірлестік

ОӘБ туралы мәлімет
Жарқын сәттер
ОӘБ туралы ақпарат УМО отырысы Жұмыс жоспары Құрамы Жарқын сәттер
Республикалық оқу әдістемелік кеңесінің
«Ауыл шаруашылығы және  биоресурстар», «Ветеринария»
білім беру салалары бойынша
«Қазақ ұлттық аграрлық университеті» КеАҚ жанындағы
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІ – ЖОБАЛАРДЫ БАСҚАРУ ТОБЫ
 
Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің Оқу-әдістеме бірлестігі –Жобаларды басқару тобының төрағасы – «Қазақ ұлттық аграрлық университеті» КеАҚ басқарма төрағасы – Ректор, ҚР ҰҒА Вице-президенті, академик Тлектес Исабайұлы Есполов;
Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің Оқу-әдістеме бірлестігі –Жобаларды басқару тобы төрағасының орынбасары - «Қазақ ұлттық аграрлық университеті» КеАҚ басқарма төрағасының орынбасары - бірінші проректор, академик Қанат Маратұлы Тиреуов;
«Қазақ ұлттық аграрлық университеті» КеАҚ оқу және оқу әдістеме жұмыстары жөніндегі проректоры, профессор Бакыт Баймұратқызы Калыкова;
Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің Оқу-әдістеме бірлестігі –Жобаларды басқару тобының ғалым хатшысы – Исабек Жанашев;
Біліктілігі жоғары деңгейдегі жетекші инспектор – Айгерім Байлықызы Есмағанбетова.
 
Мекен-жайы: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8 үй, ҚазҰАУ, Бас ғимарат, 52 кабинет.
Телефон: +7 (727) 262 03 32,
e-mail: izhanashev@mail.ru
             eaigera@mail.ru
 
Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің Оқу-әдістеме бірлестігі –Жобаларды басқару тобының
Республикалық оқу-әдістеме кеңесінің «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» білім беру салалары бойынша «ҚазҰАУ» КеАҚ жанындағы Оқу-әдістеме бірлестігі - Жобаларды басқару тобы 2018 жылы 12 қазандағы ҚР Білім және ғылым министрлігінің № 562 бұйрығымен бекітілген.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық оқу әдістеме кеңесінің «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» білім беру салалары бойынша «Қазақ ұлттық аграрлық университеті» КеАҚ жанындағы Оқу-әдістемелік бірлестік – Жобаларды басқару тобы (әрі қарай ОӘБ – ЖБТ ) республиканың аграрлық салаға маман дайындайтын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде білім саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында құрылған. ЖОО-дағы білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін жоғары оқу ұйымдарының қызметін үйлестіріп, академиялық қауымдастық пен жұмыс берушілердің бірлесе отырып бәсекеге қабілетті білім беру бағдарламаларын құруда атсалысатын бірден-бір қоғамдық-кәсіби ұйым болып табылады.
ОӘБ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша 8 білім беру бағдарламасын басқарады. Олар тиісінше келесідей білім беру салалары бойынша біріктірілген:
«Ауыл шаруашылығы және биоресурстар»;
«Ветеринария».
 
ОӘБ қызметінің негізгі бағыттары:
  • жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің сыртқы және ішкі сапасын қамтамасыз ету жүйелерін жетілдіру мақсатында жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымдары, жұмыс берушілердің өкілдері, аккредиттеу агенттіктері және басқа ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
  • жоғары және жоғары оқу орыннан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын жетілдіру бойынша ұсынымдар, жоғары және жоғары оқу орыннан кейінгі білім беретін кадрларды даярлау бағыттарының жіктеуішін дайындау;
  • ұлттық біліктілік талаптарына, салалық біліктілік шеңберіне және кәсіби стандарттарға сәйкес жоғары және жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру саласындағы оқу нәтижелерін қалыптастыру бойынша ұсыныстар дайындау;
  • әдебиетті, электрондық дерекқорларды және басқа қажетті ресурстарды профессор-оқытушылар құрамының кадрлар даярлау бағыттарына жетекшілік ететін оқу курстарымен қамтамасыз етілуін бақылау;
  • жоғары, жоғары оқу орыннан кейінгі және қосымша білім беретін кадрларды даярлаудың жеткшілік ететін бағыттарында әр түрлі деңгейдегі оқу басылымдарын, тест тапсырмаларын, оқу құралдарын, оқулықтарды, рецензиялауды, сараптамаларды өткізу;
  • жоғары білім беру ұйымына түсу кезінде кадрларды даярлау бағыттары бойынша талапкерлердің ұлттық бірыңғай тестілеу және кешенді тестілеудегі бейіндік пәндерді анықтау үшін ұсыныстарды қалыптастыру, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың пәндер бойынша оқу жетістіктерін сырттай бағалау;
  • инновациялық білім беру технологияларын енгізу және көптілді білім беруді, дуальды білім беру жүйесін енгізудің озық тәжірибесін тарату бойынша ұсыныстар дайындау;
  • білім беру бағдарламаларынының мазмұны және оқыту әдістерін ескере отырып, күту және жұмыс берушінің талаптарын тұтынушы ретінде білім беру қызметтерін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау;
  • білім беру үрдісінің сапасын қамтамасыз ету үшін ішкі және сыртқы жүйелерді құру бойынша ұсыныс сипаттың әдістемесін әзірлеу мақсатында әлемдік тәжірибені, оның ішінде шетелдік жоғары орындарын талдау және жалпылау жатады.
 
ОӘБ қызметтерін ұйымдастыру және басқару
ОӘБ – ЖБТ құрамындағы барлық мүшелерінің тең құқықтық ұстанымдары алқалық басшылықтың қабылдаған шешімдері негізінде іске асырылады. ОӘБ – ЖБТ қызметін ОӘБ – ЖБТ мүшелікке енген республиканың аграрлық салаға кадр дайындайтын «Ауыл шаруашылық» министрлігіне қарайтын 3 жетекші жоғары оқу орны және 20-ға жуық ЖОО орындарының өкілдері, 10-нан астам ғылыми зерттеу институттарының ғалымдары, сондай-ақ жұмыс беруші ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелердің басшылары мен білікті мамандары кіретін алқалы кеңес атқарады.
ОӘБ – ЖБТ мәжілісі жылына кемі 2 рет өткізіледі.
ОӘБ – ЖБТ енген білім беру бағдарламалары мен бағыттардың әртүрлілігіне байланысты құрылымдық бөлімшелер құрылған. Білім беру бағдарламалары бойынша 5 оқу-әдістемелік сектор жұмыс жасайды. Сектор жетекшілері болып «Қазақ ұлттық аграрлық университеті» КеАҚ-ның факультет декандары тағайындалған. Сондай ақ, кафедра меңгерушілері тиісті білім бағдарламалары бойынша ішкі секторының жетекшісі болып табылады.
 
Білім беру салалары Білім беру бағдарламаларының топтары
6В08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар 081 Өсімдік шаруашылығы
082 Мал шаруашылығы
083 Орман шаруашылығы
084 Балық шаруашылығы
 
085 Агроинженерия
086 Су ресурстары және суды пайдалану
 
6В09 Ветеринария
 
091 Ветеринария
Соңғы жаңалықтар Танымал Оқылған Жаңалықтар мұрағаты