Арнайы хабарландыру
11 желтоқсан, 2020
2020-2021 оқу жылына арналған ғылыми қызметкерлердің бос...
2020-2021 оқу жылына арналған ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасуға конкурс
19 ақпан - 1 мамыр, 2019
«IPR BOOKS» ЭКЖ ресурстарына тегін қолжетімділік
Құрметті ҚазҰАУ-дың оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері! Ғылыми кітапхана «IPR BOOKS» электронды кітапхана жүйесінің ресурстарына...
6 - 6 ақпан, 2019
«Мультимедиялық оқулық. Білім берудегі жаңа технологиялар» атты...
Құрметті профессор-оқытушылар, PhD докторанттар және ғылыми қызметкерлер!!!
Ғылыми кітапхана сіздерді «Эпиграф» электронды кітапханасының...
7 желтоқсан, 2018
Құрметті әріптестер және ата-аналар!
«Білім-Образование-Education» атты Республикалық ғылыми-педагогикалық орталығы «Жас ғалым» атты қашықтық ІІ Халықаралық...
7 желтоқсан, 2018
Ғылыми коммуникацияның FameLab халықаралық конкурсына қатысыңыз!
FAMELAB конкурсы сізге:
30 қараша, 2018
Құрметті профессор-оқытушылар, магистранттар, PhD докторанттар және...
Ғылыми кітапхана сіздерді «Антиплагиат» компаниясының тегін ашық вебинарларына қатысуға шақырады.
29 наурыз, 2018
Объявление диссертационного совета
Диссертационный совет по сельскохозяйственным наукам извещает о переносе защиты диссертаций 29 марта 2018 года с ауд.84 в Малый зал ректората ауд 91.
22 желтоқсан, 2017
Хабарландыру!
«Климаттың өзгеру жағдайына байланысты қолайлы сушаруашылық іс-шараларды енгізу (Шу өзені алабының мысалында)» атты тақырыбына
8 желтоқсан, 2017
Пресс-релиз II Орта-Азиялық Агротехнологиялық Саммит
2017 жылдың 8 желтоқсанында ІІ Орта-Азиялық Агротехнологиялық Саммит Intercontinental Almaty қонақүйінде өтеді. Саммит Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені...
30 мамыр, 2017
«Students Energy Challenge» интеллектуалдық байқау
KAZENERGY қауымдастығы «Шелл Қазақстан» компаниясымен серіктесе отырып Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының техникалық мамандық...
Барлық хабарландырулар
Facebook
vk.com

Біз туралы
Ғылыми жетістіктер
Әзірлеу
Материалдық тех/қ базасы
Инновациялық жобалар
Басшылық |
||
![]() |
Директор Сансызбай Абылай Рысбайұлы, Ветеринария ғылымдарының докторы, профессор ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі |

Құрылымы |
||
![]() |
Директор Сансызбай Абылай Рысбайұлы, Ветеринария ғылымдарының докторы, профессор ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі |

Институт Қазақ ұлттық аграрлық университетінің құрылымдық бөлігі болып табылады және ауылшаруашылық малдарының, құстардың және балықтардың тектік қорын сақтау және жақсарту, мал өнімдері мен шикізаттарын өндіру технологиясы, оларды өңдеу, сақтау, малшаруашылығының ветеринариялық қауіпсіздігі, малдәрігерлік биопрепараттарды өндіру және тағам қауіпсіздігін қамтамасыз етумен айналысатын ғалымдардың жұмыстарын үйлестіру үшін құрылған.
Институт қызметінің негізгі бағыттары:
- мемлекеттік және шаруашылық субъектілерінің тапсырыстары бойынша кафедралар ғалымдарымен орындалатын зерттеулерді ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- факультеттердің құрылымдарының ғылыми-білім беру және ғылыми-өндірістік жұмыстарын үйлестіру;
- ғылыми-зерттеу жұмыстарына жас ғалымдарды, магистранттарды, РhD докторанттарды тарту, оларды республикалық және халықаралық ғылыми іс-шараларға белсенді ат салысуға жұмылдыру;
- институттың ғылыми қызметкерлерінің отандық және шетелдік серіктестермен бірлесіп іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу бағыттардағы бағдарламаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысуы;
- отандық және шетелдік ғалымдармен бірлескен басылымдық қызмет жасау (оқулықтар, оқу құралдарын, анықтамалықтарды шығару, мақалаларды, баяндамалар тезистері мен монографияларды жариялау);
- бірлескен ғылыми зерттеу және ғылыми-өндірістік құрылымдарды құрастыру, серіктес институт негізінде филиалдар ашу, сонымен қатар ғылыми ынтымақтастықтың тиімді түрлерін ойластыру;
- ғылыми қызметкерлердің халықаралық конгресстерге, симпозиумдарға, конференцияларға және семинарларға қатысуына ықпал ету;
- ғылыми жетістіктермен, озық тәжірибелермен өзара танысу, ғылыми кеңестерді жүзеге асыру үшін ғалымдар мен оқытушылардың тәжірибе алмасуын ұйымдастыру.
Институттың негізгі мақсаттары:
- іргелі және қолданбалы зерттеулердің басым бағыттарын ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету, республикалық ведеомстволармен және шетелдік ұйымдармен өткізілетін конкурстарды ұйымдастыру және қатысу;
- орындалатын ғылыми зерттеулердің ғылыми-техникалық және техникалық-экономикалық сараптамасын ұйымдастыру және ғылыми әзірлемелердің патенттік тазалығын қамтамасыз ету;
- межеленген іс-шаралар бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарлардың орындалуына тоқсан сайынғы мониторинг жүргізу;
- стратегиялық серіктестермен және шаруашылықтық субъектілермен ішінара әрекеттесу арқылы аяқталған әзірлемелерді ауыл шаруашылық өндіріске коммерциализациялау;
- ғылыми жобалардың, сонымен қатар республикалық және халықаралық журналдарға жариялауға ұсынылған мақаларды сараптау;
-РhD докторанттардың ғылыми жұмыстарының тақырыптарын қарастыру және бекіту;
- жас ғалымдардың ғылым саласындағы сыйлықтарды және мемлекеттік ғылыми стипендияларды іздену конкурстарына қатысуын ұйымдастыру.
Институт 2015-2017 жылдары 217 ҚР БжҒМ «Ғылымды дамыту»; ҚР АШМ 249 «Мал шаруашылығын дамытуға жағдай жасау және малшрауашылығы өнімдерін өндіру, қайта өңдеу, сату»; ББ 019 «Инновациялық әдістерді ауылшаруашылық өндірісіне енгізу»; және АӨК шаруашылықтармен тікелей келісім-шарт негізінде зерттеулер жүргізіліп аяқталды. Сонымен қатар ҚР БжҒМ ҒЗЖ "Өнімді инновациялаларды стимулдеу" БҒҚ және КҒҚ арналған бағдарлы гранттар және ҚР БжҒМ білім комитетінің "Ғылым қоры" АҚ ғылыми немесе ғылыми-техникалық қызметтердің нәтижелерін коммерциялизациялау үшін грантты қаржыландыру бойынша жобаларда нәтижелі аяқталды.
Қазіргі таңда ғалымдар ҚР БжҒМ , АШМ, облыс акиматтары, Халықаралық банк, Азиялық даму банкі, «Ғылым қоры» АҚ бөлген бюджеттік жобаларды орындауда.
2018 жылы Анималогия ғылыми зерттеу институтының ғалымдары келесі бағдарламалар бойынша:
217 ҚР БжҒМ «Ғылымды дамыту» бойынша жалпы сомасы 200 млн.тг құрайтын 7 жоба;
019 бағдарламасы бойынша 3 жоба (150 млн.теңге);
мақсатты бағдарламаларды қаржыландыру бойынша құны 222 млн теңгені құрайтын 5 жоба бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Қаржыландырудың жалпы көлемі 2 млрд.170 млн.тенгені құрады.
Жоғарыдағы жобаларды орындауға 250 астам қызметкерлер қатысуда, оның ішінде 50 ғылым докторлары және 42 кандидаттар, соның ішінде 35 ғылыми қызметкерлер, 32 магистранттар, 15 PhD докторанттары, 34 бакалаврлар және басқа ғылыми ұйымдардан 52 қызметкерлер зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Ветеринариялық медицина және биотехнология саласында жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде әлеуметтік маңызды ауруларды балауға арналған отандық тест-жүйелерді құрастыру, жергілікті минералдар негізінде бірегей және емдеу препараттарын әзірлеу технологиясы, жануарлардың жұқпалы және инвазиялық ауруларына қарсы диагностикумдар мен вакциналардың әзірлемесі, мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының қауіпсіз өнімдерін алуға қажетті пробиотиктер мен экологиялық қауіпсіз азықтық қоспаларды алу кезінде жаңа білімділікке қол жеткізілді.
Мал шаруашылығы аумағында құйрықты қой тұқымдарының генетикалық потенциалын селекциялау және дамытудың тиімді әдістері дайындалды. Шетелден әкелінген сүт және ет бағытындағы малдардың генофондын Қазақстанға адаптациялау; сапасы жоғары азықтарды өндірудің заманауи технологиялары әзірленді; қымыз бен шұбатты криоконсервациялаудың жаңа әдістері дайындалды.
Соңғы жылдары институт ғалымдары 15 монография, 56 ғылыми ұсыныстар, 75 патенттер, 34 авторлық куәлік, 4 қалыптамалық-техникалық құжаттама кешені әзірленіп бекітілді, 1000 аса ғылыми мақалалар, оның ішінде 107-сі нөлдік емес импакт-факторлы мақалалар жариялады,
Ветеринария және Биоресурстар технология факультетінің ғалымдары өздерінің ашқан жаңалықтарын коммерциализациялау мақсатында Қазақстанның бірнеше облыстарына: Алматы, Жамбыл, Қызылорда Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарында болып шаруа қожалықтарымен 25 млн теңгеге келісім шарт жасады.
Жүргізілген зерттеу нәтижелері еліміздің келесі шаруашылықтарында инновациялық технологиялар негізінде енгізілді.
Алматы облысында («Кеген-агро» ЖШС, "Мади"ШҚ, "Мура" ШҚ және т.б.):
1. Шошқалардың эшерихиозына және сальмонеллезіне қарсы инактивтелген вакцина;
2. Ауылшаруашылығы малдарының лептиспирозын балауға арналған ИФА тест-жүйесі;
3. ІҚМ төлдерінің асқазан-ішек ауруларының алдын алуға арналған пробиотиктер;
Жамбыл ауданы бойынша («Разахун» ШҚ, «Бапыш-Сейсенбай» ШҚ, "Транс-1" ЖШС және т.б.):

1. Малдардың құрт ауруларына қарсы диагностикалық және емдік-профилактикалық препараттары.
Қызылорда облысы бойынша("Туртан-Ата" ЖШС,"Торт Тулик" ШҚ,"Каракожа" ШҚ, "Буркітті"ШҚ және т.б.):
1. Ауылшаруашылық жануарларының пастереллезіне қарсы поливалентті вакцина;
2. Ауылшаруашылық жануарларының сальмонеллезіне қарсы тірі вакцина
3. Ауылшаруашылық жануарларының лептоспирозына қарсы поливалентті вакцина.
Жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде көптеген инновациялық препараттар дайындалды, олардың ішінде:
Жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде көптеген инновациялық препараттар дайындалды, олардың ішінде:
- ауылшаруашылық жануарларының пастереллезіне қарсы поливалентті вакцина;
- ауылшаруашылық жануарларының пастереллезіне қарсы поливалентті қан сарысуы;
- ауылшаруашылық жануарларының лептоспирозына қарсы поливалентті қан сарысуы;
- ауыл шаруашылық жануарларының лептоспирозын балауға арналған иммунды ферменттік тест-жүйе;
- ауыл шаруашылық жануарларының сальмонеллезіне қарсы поливалентті қан сарысуы;
- қой және қозының сальмонеллезіне қарсы бивалентті тірі құрғақ вакцина;
- биенің сальмонеллезді іш тастауына қарсы тірі вакцина;
- шошқаның сальмонеллезіне қарсы поливалентті тірі құрғақ вакцина;
- суда жүзетін құстардың сальмонеллезіне қарсы тірі вакцина;
- мүйізді ірі қараның колибактериозына қарсы вакцина;
- шошқаның колибактериозына қарсы вакцина және т.б.
Сонымен қатар, Анималогия мәселелері ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері бірқатар ғылыми шаралар ұйымдастырып өткізді, солардың ішінде келесілерді айрықша атап өтуге болады:
- Қазақ ұлттық аграрлық университетінің 85 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ветеринария агроөнеркәсіп кешенінің инновациялық даму жолында» ІІІ Халықаралық ветеринариялық конгрессі
(6 қараша 2015 ж); - Қазақ ұлттық аграрлық университетінің 85 жылдығына арналған «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудағы ғылым мен білімнің басымды бағыттарының жаңа стратегиясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы (28 қараша 2015 ж);
- Қазақ ұлттық аграрлық университетінің 85 жылдығына арналған «XXI ғасырдың зиялылық әлуеті: аграрлық ғылымның дамуына жас ғалымдардың үлесі» жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы (4-5 желтоқсан 2015 ж.);
- Ауданаралық жиналыс «Казахстанский опыт в реализации проекта партнерства МЭБ по ветеринарному образованию и подготовке ветеринарных специалистов» (12-13 қазан 2016 ж.);
- Төртінші халықаралық конгресс «VetIstanbulGROUPCongress 2017» (11-13 мамыр 2017 ж.);
- «Жас ғалымдардың агроөнеркәсіп кешенінің индустриалды-инновациялық дамуына қосқан үлесі» жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы (21-22.04.2016 ж.).
- ХХІ ғылыми-студенттік конференция «Агроөндірістік кешеннің дамуына студенттік ғылымның қосқан үлесі» (19-20 сәуір 2017 ж.).
- Халықаралық қысқы мектеп (22.01-03.02.2018 ж);
- Халықаралық жазғы мектеп (15.06-29.06.2018 ж);
- «Жас ғалымдардың агроөнеркәсіп кешенінің индустриалды-инновациялық дамуына қосқан үлесі-2018» ХХІІ ғылыми-студенттік конференциясы (19-20.04.2018 ж.).
Анималогия мәселелері ғылыми зерттеу институтының ғалымдары шетелдік ғалымдармен де бірігіп жұмыс жүргізеді. Синьцзян балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдарымен бірге «Қытайдың балық өсірудегі жаңа технологияларын Қазақстанның балық өсіру шаруашылықтарына қолдану» тақырыбында ҒЗ жұмыстары жүргізілді. Зерттеу жұмысы нәтижесінде Алматы облысының балық өсіру шаруашылықтарында сазанды өсірудің интенсивті технологиясы енгізілді.
Трансильван университеті (Брашов қ. Румыния) және ҚазҰАУ арасындағы келісімге байланысты Анималогия мәселелері инситутының ғалымдары Брашов қаласында өткен Халықаралық ғылыми форумға: BIOATLAS-2014", "3-rd NEEFOOD CONGRESS-2015" және Бухаресте өткен и "INDAGRA-2016" Халықаралық көрмеге қатысты.
Ресей ғалымдарымен (ВНИИГРЖ, Санкт-Петербург) бірлесіп «Торшалық репродуктивті технологияларды қолдану негізінде малшаруашылығындағы селециялық процессті интенсификациялау» тақырыбындағы жоба жүзеге асты. Жоба аясында 23 ғылыми мақала (оның ішінде 4 импакт-фактормен) жарық көрді.
Ланджоу малдәрігерлік ғылыми зерттеу институтымен (ҚХР) келісімге сәйкес анималогия институты ғалымдары малдардың трансшекаралық ауруларын – қарасан, ЧМЖ және қой мен ешкінің күл ауруларын балау технологиясы бойынша Халықаралық семинар-тренинг жүргізді.
Анималогия институты ғалымдары «әр жыл сайынғы студенттік ғылыми-тәжірбиелік конференцияларға белсене қатысуына зор ықпалын тигізеді.
Анималогия институты қызметкерлері факульттердегі студенттік ғылыми үйірмелердің жұмысына ат салысады. Ғылыми үйірмелерде жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде үздік таңдалған жұмыс өндіріске енгізу үшін start-up жобасына жіберіледі.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін «Ветеринария» факультетінің профессор-оқытушылар құрамы, магистранттары мен докторанттарын дайындау мақсатында университеттің Қазақстан-Жапон инновациялық орталығының оқу-ғылыми-диагностикалық зертханасы, «Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасы құрамында «Вирусқа қарсы биотехнология»; «Антипаразитикалық биотехнология»; «Микробиоценоз және пробиотиктерді жобалау» зертханалары; «Ветеринариялық-санитариялық сараптау және гигиена» бағыты бойынша «Өнімдердің қауіпсіздігі, сапасы және ветеринарлық-санитарлық сараптау» зертханасы жұмыс істейді.
Технология және биоресурстар факультетінде З.Тамшыбаев атындағы инновациялық-консультациялық орталығы, сондай-ақ ғылыми-зерттеу зертханалары: өнім сапасы мен жануарлардың шикізатының қауіпсіздігі және сараптамасы; «Жануарлар биотехнологиясы»; «Ара өнімдерінің сапасы мен табиғи қасиеттерінің экологиялық мониторингі»; «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы»; «Балық шаруашылығы» зертханасы және «Астық және астық өнімдерінің технологиясы және сапасы»; «Азық-түлік өнімдерін экструзия технологиясы» «Нан және нан-тоқаш өнімдерін пісіру технологиясы».
Жоғарыда аталған орталықтар мен зертханаларда ғылыми зерттеулер жетекші ғаламдық өндірушілердің қазіргі заманғы жабдықтарымен және құрылғыларымен жабдықталған: Биологиялық 2 класты бокс; қораптағы бактериялық ауа; «Бокс-ПТР», ПТР нақты уақыт режимінде PCR RealTimeStepOnePlus, AppliedBiosystems (АҚШ) полимеразды тізбекті реакция жазу жүйесі; Төрт-каналды TP4-PCR-01- «Терзик» ПТР талдау үшін бағдарламаланған термостат; флуоресцентті полимеразды тізбекті реакция детекторы «Гин-4»; бу стерилизаторы (автоклав); сорғыш; MiniSpin (жоғары жылдамдықты) сығындысы 12x1.5 / 2.0 мл, 13400р/д, Eppendorf (Германия); (шейкер) Лабданер; StatFax2100 иммуноферментті анализаторы; Биосан иммуноплаты үшін PST-60 HL термо шейкері; MS4 / 5 автоматтандырылған гематологиялық анализатор (Франция); Jenway спектрофотометрі; U1-ETV тоңазытқыш зертханасы; икемді бұрандалы экструдер LT65L (46 кВт); UTZ-4 инфрақызыл сәулесін өңдеуге арналған қондырғы; DSZ-2M диафаноскопы және басқалары.

Институттың ғалымдары жүргізген зерттеудің қорытындысы бойынша еліміздің келесі аймақтарының ауыл шаруашылық өнімдеріне инновациялық технологиялар енгізілді.
Жамбыл облысында:
1. Жаңадан алынған жоғары сапалы аулиеата тұқымы.
2. Жануарлардың паразиттік ауруларына қарсы терапевтік, профилактикалық емдік шаралар жүргізілді.
Алматы облысында:
1. Эшерихозға және шошқа сальмонеллезіне қарсы иннактивтелінген вакцина.
2. Іріңді жараларды емдеуге арналған «Ветшунгит» майы.
3. Ауыл шаруашылық жануарларының лептоспирозын диагностикалауға арналған ELISA тест жүйесі.
4. Республиканың оңтүстік-шығыс аймағында малдың азық-түлік және азықтандырудың құндылығын бағалау және өнімділіктің генетикалық әлеуетін пайдалану бойынша ұсыныстар.
5. Мал шаруашылығы, құс және балық өнімдерінің сапасын арттырудың тиімді құралдары мен әдістері.
6. Оңтүстік Балхаш аймағына жоғары өнімді Герофорд тұқымын жерсіндіру.
Павлодар облысында:
1. Құрғақ далалы аймағында егілген суармалы жайылымдарды құру және ұтымды пайдалану технологиясы.
2. Құрғақ дала аймағында сиыр еті үшін жайылымдық конвейерлік технология.
Қарағанды облысында:
1. Жаңарқа түріндегі Сарыарқа қой тұқымының генетикалық әлеуетін арттырудың ғылыми негіздері.
2. Дегерес тұқымды қойларды таңдау әдістері.

Қазақстан Жапон инновациялық орталығының қызметкері - АҚШ Огайо...
Жарияланды: 31 қазан, 2019 | Қаралғандар: 27
Құлдыбаев Нұрлан Мэлисович, "Электронды микроскопия" инженерлік бейіндегі зертхананың ғылыми қызметкері, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің (Алматы, Қазақстан)...
Әріптестік, Ықпалдастық, Қайырымдылық, Дөңгелек үстел, Түлектер, Іс-шара, Шетелдік ЖОО-лар, Жетістіктер, Спорт, Семинарлар, Конференция, Реформалар, Ауыл шаруашылығы, Форумдар, Инновациялар, Байқау, Тәжірибе, Кездесу, Турнир, Пікірсайыс, Құрмет, Мерейтой, Нәтиже, Олимпиада, Таным, Жиын, Өнеге, Дәріс, Тұсаукесер, Өнер, Құттықтау, Емтихан, Магистарнттарға, Көрме, Аккредиттеу, PhD-докторанттарға, Талапкер, Пресса үшін, Ғылыми кітапхана, БАҚ біз туралы, IT, Кітапхана, Қызметкерлер, Пресс-релиздер, Конкурстар және гранттар, Ғылым, Студенттер, Денсаулық және спорт, Студенттік өмір, Біліктілігін арттыру, Мультимедиа, Ректорлар кеңесі, Академиялық ұтқырлық, О.Сүлейменов атындағы әлеуметтік-гуманитарлық білім беру және тәрбие институты, РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ, Қазақ және орыс тілдері кафедрасы, «Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті» кафедрасы, ENACTUS, AGROHUB, FEWKZMG, AгроДаму, POKAZ-KATAMARAN
Байланыстар
Мекен-жайымыз:

Казахстан, 050010 г. Алматы, ул. Абая, 8, 3 корпус, каб.204
ПН-ПТ с 9 00 до 18 00.