Арнайы хабарландыру
30 қыркүйек, 2019
«Генотиптеудің абсолютті дәлдігі» ISAG сертификатымен ҚазҰАУ...
Өткізілген сынақтардың сапасын қамтамасыз ету, халықаралық деңгейде нәтижелердің шынайылығын растау және тану үшін, сондай-ақ аяқталған ҒЗЖ-н...
30 шiлде, 2019
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессорлары мен ғылыми...
«Қазақ ұлттық аграрлық университеті» ҰАО бос лауазымдарға орналасуға конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар
12 - 12 сәуiр, 2019
Құрметті ҚазҰАУ оқытушылары, PhD докторанттар, магистранттар мен...
Қазақстан-Жапон инновациялық орталығы сіздерді «Су үлгілерінде аммоний азотын анықтау» тақырыбында мастер-классқа шақырады.
20 желтоқсан, 2018
Құрметті ҚазҰАУ оқытушылары, PhD докторанттары, магистранттар және...
Қазақстан-Жапон инновациалық орталығы Сіздерді «Ауыл шаруашылық жануарларының қан сарысуын биохимиялық зерттеу» тақырыбында өтетін...
11 желтоқсан, 2018
Құрметті оқытушылар, PhD докторанттар, магистранттар мен ҚазҰАУ...
Қазақстан-Жапон инновациялық орталығы сіздерді «Ет және ет өнімдерінде нитраттар / нитрлерді анықтаудың жедел әдістемесі (сапалы және жартылай...
19 қыркүйек, 2018
Уважаемые преподаватели, PhD докторанты, магистранты и сотрудники...
Казахстанско-Японский инновационный центр в лице представительства АО «Interactive Corporation» в Республике Казахстан и JEOL CНГ приглашает...
23 сәуiр, 2018
Уважаемые преподаватели, PhD докторанты, магистранты и сотрудники...
Казахстанско-Японский инновационный центр приглашает вас на видео - обучение по теме «Мясо и мясная продукция/ Мал еті және одан алынатын...
23 сәуiр, 2018
Уважаемые преподаватели, PhD докторанты, магистранты и сотрудники...
Казахстанско-Японский инновационный центр приглашает вас на видео-обучение по теме «Безопасность пищевой продукции РК/ ҚР тамақ өнімінің...
19 наурыз, 2018
Уважаемые преподаватели, PhD докторанты, магистранты и сотрудники...
Казахстанско-Японский инновационный центр приглашает вас на онлайн мастер-класс в режиме реального времени по теме «Определение количества...
19 наурыз, 2018
Уважаемые преподаватели, PhD докторанты, магистранты и сотрудники...
Казахстанско-Японский инновационный центр приглашает вас на видео-обучение по теме «Секвенирование нового поколения - NGS (Next Generation...
Барлық хабарландырулар
Facebook
vk.com

Біз туралы
Басшылық
Мамандықтары
Академиялық күнтізбе
Нұрлы жол
Классификаторлар
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты (ЖООКББИ) Қазақ ұлттық аграрлық университетінің (ҚазҰАУ) магистратура мен докторантура білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға жауап беретін структуралық бөлімі болып табылады.
Білім беру мазмұнын анықтауда (білім беру мазмұнына, білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне, білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар) ЖООКББИ Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының негізінде әзірленген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жалпыға міндетті стандартын (ЖООКББМЖМС) басшылыққа алады.
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Мақсат: Ұлттық зерттеу университетіне айналу процесіндегі ғылыми зерттеулер мен білім саласындағы сапаны жақсарту саясатын, міндетті деңгейдегі магистрлер мен (Ph.D) философия докторларын дайындаудағы талаптарды орындай отырып жүзеге асыру. Осы мақсатқа жету үшін ЖООКББИ өзінің алдына келесі
міндеттер қойды:
- жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім бағдарламаларын жүзеге асыру;
- ғылым, педагог және басқарушы кадрларды даярлау;
- «өмір бойы сапалы білім алу» қағидатын жүзеге асыру;
- ғылыми зерттеулер жүргізуге жағдай жасау;
- техникалық, әлеуметтік-экономикалық және ауылшаруашылық бағыттардың кең спектрі бойынша зерттемелерді орындауға және олардың нәтижелерін экономикаға табыстауға ықпал ету;
- магистрлер мен (Ph.D) философия докторларын дайындау саласындағы халықаралық ынтымақтастық бағдарламарын жасауға ықпал ету;
- жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы білім алушылардың құқықтары мен жауапкершіктерін, олардың өзіндік білім, ғылыми-зерттеу және кәсіби қызметін ынталандыруды реттеу.

МАГИСТРАТУРА
Магистратура бөлімі, Қазақ ұлттық аграрлық университеті (ҚазҰАУ), Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының (ЖООКББИ) магистратура білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға жауап беретін структуралық бөлімі болып табылады. Білім беру мазмұнын анықтауда магистратура бөлімі Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының негізінде әзірленген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамызындағы № 1080 қаулысымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жалпыға міндетті стандартын (ЖООКББМЖМС) басшылыққа алады.
Осы стандарт магистратураның білім беру бағдарламаларының мазмұнына, магистранттардың білім траекториясына, білім беру құрылымына, магистранттардың дайындық деңгейін және академиялық дәрежені бағалауға қойылатын талаптарды белгілейді.
МАГИСТРАТУРА БӨЛІМІНІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Мақсат: Ұлттық зерттеу университетіне айналу процесіндегі ғылыми зерттеулер мен білім саласындағы сапаны жақсарту саясатын, міндетті деңгейдегі магистрлер дайындаудағы талаптарды орындай отырып жүзеге асыру. Осы мақсатқа жету үшін магистратура бөлімі өзінің алдына келесі
міндеттер қойды:
- магистратураның 39 мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру;
- ғылым, педагог және басқарушы кадрларды даярлау екі бағытта:
- 2 жылдық оқу мерзімімен ғылыми және педагогикалық;
- кемінде 1 жыл оқу мерзімімен бейіндік.
- магистрлерді дайындау саласындағы халықаралық ынтымақтастық бағдарламарын жасауға ықпал ету;
- магистратураның техникалық, әлеуметтік-экономикалық және ауылшаруашылық бағыттардың кең спектрі бойынша зерттеулерді орындауға және олардың нәтижелерін экономикаға табыстауға ықпал ету;
- «өмір бойы сапалы білім алу» қағидатын жүзеге асыру;
- магистратурада білім алушыларға ғылыми зерттеулер жүргізуге жағдай жасау;
- магистратурада білім алушылардың құқықтары мен жауапкершіктерін, олардың өзіндік білім, ғылыми-зерттеу және кәсіби қызметін ынталандыруды реттеу.
![]() |
Рауан Еркимбекулы Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының директоры, Ph.D Тел.: 8 (727) 264-69-02 rauan.85r@mail.ru |
![]() |
Құсаинова Жанар Абикенқызы Магистратура бөлімнің бастығы, Ph.D Тел.: 8 (727) 262-17-63 kaznauipo@gmail.com |
![]() |
КаимоваРизвангульТургановна Докторантура секторынын меңгерушісі, т.ғ.к., асс.профессор Тел.: 8 (727) 264-69-02 doctorantura.kaznau@yandex.ru |
![]() |
Макатова Жанаркуль Малибековна «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша кадрлар дайындау орталығының директоры |
№ | Мамандықтың Коды | Мамандықтың атауы |
Образование |
||
1 | 6М012000 | Кәсіптік оқыту (сала бойынша) |
Право |
||
2 | 6М030100 | Құқықтану |
3 | 6М030400 | Кеден ісі |
Әлеуметтік ғылымдар, бизнес және экономика |
||
4 | 6М050600 | Экономика |
5 | 6М050700 | Менеджмент |
6 | 6М050800 | Есеп және аудит |
7 | 6М050900 | Қаржы |
8 | 6М051000 | Мемлекеттік және жергілікті басқару |
Естественные науки |
||
9 | 6М060800 | Экология |
Техникалық ғылымдар және технологиялар |
||
10 | 6М070100 | Биотехнология |
11 | 6М070200 | Автоматтандыру және басқару |
12 | 6М070300 | Ақпараттық жүйелер |
13 | 6М070400 | Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету |
14 | 6М071300 | Көлік, көлік техникасы және технологиялары |
15 | 6М071700 | Жылу энергетикасы |
16 | 6М071800 | Электр энергетикасы |
17 | 6М072400 | Технологиялық машиналар мен жабдықтар (сала бойынша) |
18 | 6М072700 | Азық-түлік өнімдерінің технологиясы (сала бойынша) |
19 | 6М072800 | Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша) |
20 | 6М073100 | Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі |
21 | 6М073200 | Стандарттау және сертификаттау (сала бойынша) |
22 | 6М073500 | Тағам қауіпсіздігі |
Ауылшаруашылық ғылымдар |
||
23 | 6М080100 | Агрономия |
24 | 6М080200 | Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы |
25 | 6М080300 | Аңшылықтану және аң шаруашылығы |
26 | 6М080400 | Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау |
27 | 6М080500 | Су ресурстары және суды пайдалану |
28 | 6М080600 | Аграрлық техника және технология |
29 | 6М080700 | Орман ресурстары және орман шаруашылығы |
30 | 6М080800 | Топырақтану және агрохимия |
31 | 6М080900 | Жеміс-көкөніс шаруашылығы |
32 | 6М081000 | Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау |
33 | 6М081100 | Өсімдіктерді қорғау және карантин |
Қызметтер |
||
34 | 6М090100 | Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру |
35 | 6М090300 | Жерге орналастыру |
36 | 6М090700 | Кадастр |
37 | 6М090800 | Бағалау |
Ветеринария |
||
38 | 6М120100 | Ветеринарлық медицина |
39 | 6М120200 | Ветеринарлық санитария |
"Нұрлы жол" орталығы
Қазақ ұлттық аграрлық университеті тағам және химиялық өнеркәсіп үшін маман дайындау бойынша индустриалды –иновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Нұрлы жол –болашаққа бастар жол» индустриалдық бағдарламаның аясында экономика саласы және кадрлар дайындаумен ғылымның байланысын қамтамассыз ететін 10 Қазақстандық жоғары оқу орыны анықталғанын атап көрсетті.
ҚазҰАУ ИИДМБ-2 жүзеге асыру үшін еңбектің әлем нарығына қажетті жоғары деңгейлі мамандар дайындаумен айналысатын 10 жоғары оқу орындарының санына кірген.
2015-2016 оқу жылдарында магистранттарды дайындауға ИИДМБ-2 бойынша Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігімен мемлекеттік білім беру гарнты келесі мамандықтарға бөлінді:
- 6М080800- Топырақтану және агрохимия;
- 6М073500- Тағам қауіпсіздігі.
2016-2017 оқу жылында:
- 6М080800-Топырақтану және агрохимия;
- 6М070100-Биотехнология;
- 6М071700-Жылу энергетикасы;
- 6М073500-Тағам қауіпсіздігі мамандықтарына бөлінді.
2017-2018 оқу жылында:
- 6М080800- Топырақтану және агрохимия;
- 6М080900-Жеміс, көкөніс шаруашылығы;
- 6М070200-Автоматтандыру және басқару
- 6М070300-Ақпараттық жүйелер;
- 6М071300-Көлік, көлік техникасы және технологиялары;
- 6М080600-Аграрлық техника және технология;
- 6М070100-Биотехнология;
- 6М071700-Жылу энергетикасы;
- 6М073500-Тағам қауіпсіздігі;
- 6М071800-Электр энергетикасы;
- 6М072700-Азық түлік тағамдары технологиясы;
- 6М080200-Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы мамандықтарына бөлінді.
2015 жыл мен 2018 жылдар аралығында жоғарыда аталған барлық мамандықтар бойынша білім беру бағдарламалары шығарылды:
№ | Мамандық аталуы |
Білім беру бағдарламасы | Шығарыл-ғын жыл |
1 | 6М080800- Топырақтану және агрохимия | Топырақ құнарлығы мен өсімдік қоректенуін басқару | 2015-2016о.ж. |
2 | 6М080900- Жеміс, көкөніс шаруашылығы | Қазақстандағы бақ шаруашылығының қарқынды дамуы | 2017-2018о.ж. |
3 | 6М070200 – Автоматтандыру және басқару | Автоматтандыру және басқару жүйелерінің инновациялық бағдарламалық құралдары мен технологиялары | 2017-2018о.ж. |
4 | 6М070300- Ақпараттық жүйелер | Бизнесте және инженерлік істегі инновациялық технологиялар | 2017-2018о.ж. |
5 | 6М071300- Көлік, көлік техникасы және техноло-гиялары | ҚР АӨК заманауи техника мен технологияларды қолдану | 2017-2018о.ж. |
6 | 6М071700-Жылу энергетикасы | Инновациялық технологиялар және жылу энергетикалық қондырғылар | 2016-2017о.ж. |
7 | 6М071800-Электр энергетикасы | Инновациялық техно-логиялар және электр жабдықтары | 2017-2018о.ж. |
8 | 6М080600-Аграрлық техника және технология | Мал және өсімдік шаруашылығын механикаландыру | 2017-2018о.ж. |
9 | 6М070100-Биотехнология | Өнеркәсіп биотехнологиясы | 2016-2017о.ж. |
10 | 6М072700-Азық түлік тағам-дары технологиясы | Азық түлік өнімдерін өңдеу және өндірудің инновациялық технологиялары | 2017-2018о.ж. |
11 | 6М080200-Мал шаруашылығы | Мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің инновациялық технологиясы | 2017-2018о.ж. |
12 | 6М073500-Тағам қауіпсіздігі | Жасыл биотехнология және азық түлік қауіпсіздігі | 2015-2016 о.ж. |
ИИДМБ-2 жүзеге асыру үшін бейіндік зертхана үшін келесідей қондырғылар алынды:
- Техникалық микробиология лабораториясы;
- Азық түлік өнімдерінің технологиясы, сапасы және қауіпсіздігі;
- Азық түлік құрамының физико-химиялық және реологиялық құрамын зертханалық сараптау;
- Топырақ сараптамасы және қоршаған ортаның кешенді сараптамасының зертханасы.
Нұрлы жол бағдарламасы бойынша 1,5 жылдық магистранттардың кестесі