Халықаралық кредиттік ұтқырлық

Галерея
Program

Жоба туралы жалпы ақпарат Галерея
Оқу ұтқырлығы

1. Халықаралық кредиттік ұтқырлық: жұртшылыққа кеңінен танымал Эразмус+ бағдарламасы енді елдеріне жатпайтын мемлекеттердің де университтеріне, студенттеріне, оқытушыларына қол жетімді. Эразмус+ кредиттік ұтқырлықты, яғни 3-12 ай мерзімдегі студенттер мобилділігін (екіжақты) каржыландырады. Міндетті қағида – қабылдаушы жоғары оқу орнындағы кредиттік бірліктер келген жоғары оқу орнының есебінен саналады. Еуропалық азаматтар әлемнің кез келген жоғары оқу орнында не сабақ беруді, не білім алуды таңдайды, ал еуропалық емес студенттер мен оқытушылар Еуропада білім ала алады, сабақ бере алады және сынақ мерзімінен өте алады, яғни Еуропа мемлекеттерінде және одан тысқары елдерде білім берудің барлық салаларының өкілдеріне арналған біліктілікті арттыру, білім алу, оқыту мүмкіндіктеріне ие. Оқытушылар құрамы өзі келген университетінің өзгерістерінің жетекшісі ретінде қаралады.
Стипендиялар Бағдарлама елдерінің және серіктес мемлекеттердің жоғары оқу орындарының жоғары оқу орындар арасындағы келісім негізінде тағайындалады. Бұл орталықтандырылған әрекет: бұл әрекет Бағдарлама елдерінің Ұлттық агенттіктерінің желісінің басшылығында. Бұл әрекетке әлемнің барлық жоғары оқу орындары қатыса алады. Бірақ, Бағдарлама елдерінің жоғары оқу орындары ғана өз еліндегі Ұлттық агенттіктің консорциумы атынан тапсырыс бере алады.
(1) Бағдарлама елдеріне ЕО құрамындағы 28 мемлекет, сондай-ақ Норвегия, Исландия, Лихтенштейн, Турция және бұрынғы Македония Югославиялық Республикасы кіреді, яғни бағдарламаның қаржыландырылуына өз үлесін қосатын және бағдарламаны басқарудың Ұлттық агенттігі бар барлық елдер кіреді. Ал серіктес елдерге аталған мемлкеттерден басқа әлем елдері кіреді.

2. Стипендия алу үшін ұтқырлық: жоғарғы сападағы магистерлік еуропалық және кейде еуропалық емес жоғары оқу орындарының консорциумы ұсынады. Бұл өзінің табыстылығын көрсетіп және оған қатысқан, бүкіл әлемдегі университеттердің танымалдылығын арттырған Эразмус Мундус І бағдарламасының әрекетінің жалғасы. Магистерлік бағдарламалар бойынша кез келген мемлекеттің студенттері мен оқытушылары стипендия иегері бола алады. Студенттер ең аз дегенде ЕО екі мемлекетінде білім алу мүмкіндігіне ие болады. Бұл әрекетті басқару Брюссельдегі (әрі қарай ЕАСЕА) мәдениет, аудиобейне құралдар және білім беру бойынша Атқарушы Агенттіктің тарапынан жүзеге асырылады.
Бұрынғы уақытта, 1 ЭМ жұмыс істеген кезде, докторантура бағдарламасы бойынша (Эразмус Мундус бірлескен Докторлық дәрежелері) білім грантын алу мүмкіндігі бар болатын. Жаңа бағдарламада докторантура Мария Склодовская-Кюридің бағдарламасымен біріктірілген (Көкжиек – 2020). Бұл әрекет әлемнің барлық елдері үшін қол жетімді, дегенмен ЕАСЕА консорциумның атынан тапсырыс беруге Бағдарлама елдерінің оқу орындарының ғана мүмкіндігі бар.

Үш әрекет бойынша толығырақ ақпаратты мына жерден табасыз:
http://ec.europa.eu/education/opportunities/higher-education/international-cooperation_en.htm

Эразмус Мундус бірлескен магистерлік бағдарламалары (Erasmus Mundus Joint Master Degrees) шеңберінде 2015 жылдың қыркүйек айынан басталатын бағдарламалар бойынша стипендия үміткерлерінен тапсырыстар қабылданады.
Тапсырыс беруші студенттер бағдарламалар тізімін қарап шығуы керек және қойылатын талаптар мен уақыттары туралы қосымша ақпараттар алу үшін магистерлік бағдарламалардың МЫНА ЖЕРДЕГІ веб-сайтына кіріп көруі керек.
Эразмус Мундус бірлескен докторлық бағдарламаларының (Erasmus Mundus Joint Doctorates) шеңберінде 2015-2016 академиялық оқу жылындағы бағдарламалар бойынша стипендия алуға тапсырыстар қабылданады.
Тапсырыс беруші кандидаттар бағдарламалар тізімін қарап шығуы керек және қойылатын талаптар мен уақыттары туралы қосымша ақпараттар алу үшін докторлық бағдарламалар МЫНА ЖЕРДЕГІ веб-сайтына кіріп көруі керек.
Соңғы жаңалықтар Танымал Оқылған Жаңалықтар мұрағаты
Новости раздела отсутствуют
Мекен-жайымыз:
Казахстан, 050010 г. Алматы, ул. Абая, 8 (Международный отдел) ПН-ПТ с 9 00 до 18 00.