Университет перешёл на дистанционное образование

Erasmus Sagris

Gallery
...
Paving the way to interregional mobility and ensuring relevance, quality and equity of access-PAWER
...

Жоба туралы жалпы ақпарат Постер проекта
Тұрақты ауыл шаруашылығы және болашақ агрожүйелер саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі дайындықты жетілдіру

Erasmus+ бағдарламасы аясында Еуропалық комиссиямен қаржыландырыладады.

Жоғары білім беру саласындағы әлеуетті арттыру саласындағы жобалар (E+CBHE)

Жоба нөмірі: 610383-EP-1-2019-1-DEEP PRO 2-CHE-JPG
 

Жоба докторанттарды жоғарғы және халықаралық стандарттар бойынша тұрақты Ауыл шаруашылығы шешімдері мен болашақ агросистемаларына негізделген білімді арттыруСайтқа сілтеме: www.sagris.org

бойынша оқыту қажеттілігін қанағаттандырады, бұл ұлттық, өңіраралық және халықаралық маңызға ие.

Үлкен ауыл шаруашылығы аумақтары Ресей мен Қазақстанның ландшафтары мен экономикасын сипаттайды, сондай-ақ екі мемлекет те бұл сектордың инновациялық дамуына аса көңіл бөледі. Осыған байланысты білікті еңбек әлеуеті мен инновациялық әлеуеттің жетіспеушілігі байқалады. Нәтижесінде бірқатар бастамалар барлық деңгей бойынша (ауыл шаруашылығы жұмысшылары, мамандар, менеджерлер) адам ресурстарын өсіруге, сондай-ақ жоғары оқу орындарының (ЖОО) қызметін жақсартуға бағытталған. Болон процесінің енуі мен ілгері жүзеге асырылуына қарамастан, жас таланттардың «ой-өрісінің жетіспеушілігі», сондай-ақ докторантураның жетілдірілмеген және ескірген білім беру бағдарламалары жоғары оқу орындарының халықаралық бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатына қол жеткізуге кедергі келтіреді. Еуроодақтың 5 серіктестерінен, 4 ресейлік және 4 қазақстандық ауыл шаруашылығы университеті мен Ресей мен Қазақстандағы аккредиттеу, зерттеу және жеке бизнес саласындағы консультативтік және сараптамалық әріптестерден тұратын консорциум келесі мақсаттарды алға қойды.

(1) ауыл шаруашылығы ғылымдары мен инновациялары үшін өзекті болып табылатын пәнаралық мазмұнды және трансдисциплинарлық тәсілдер бойынша докторанттарды даярлау үшін әртүрлі өңірдің 8 жоғары оқу орындарында үшінші циклдың (докторантураның) білім беру бағдарламаларына төрт модульді әзірлеу және енгізу;

(2) халықаралық стандарттарға сәйкес және үздік тәжірибелердің мысалында докторантурада оқытуды жүзеге асыру үшін серіктес университеттердің кадрлық әлеуетін, әдеби базасын және жабдықталуын арттыру;

(3) жоба аясында серіктестер арасындағы зерттеулер бойынша халықаралық және өңіраралық академиялық ұтқырлық пен ынтымақтастықты нығайту; жобаның серіктес жоғары оқу орындары арасындағы халықаралық және өңіраралық академиялық ұтқырлық пен ғылыми ынтымақтастықты күшейту;

(4) Қоғаммен үздік тәжірибелермен алмасу мақсатында ауыл шаруашылығы ғылымдары саласындағы үшінші цикл (докторантура) білімі бойынша жоғары оқу орындарының сарапшылық желісін құру

Тұтастай алғанда, тұрақты ауыл шаруашылығы мен болашақ агрожүйелер саласындағы білім мен зерттеуге сұранысты қанағаттандыру үшін институционалдық әлеует артады.
 

«Еуропалық комиссияның осы жарияланымның шығарылуына қолдау көрсетуі мазмұнына деген жауапкершілікті білдірмейді, бұл басылым авторлардың ғана пікірін көрсетеді, сонымен қатар Комиссия мұндағы ақпараттың кез келген уақытта пайдаланылғаны үшін жауапты емес».
Соңғы жаңалықтар Танымал Оқылған Жаңалықтар мұрағаты
Scopus Award Kazakhstan 2019 бойынша үздік зерттеуші анықталды
Жарияланды: 20 желтоқсан, 2019 | Қаралғандар: 27
Табынов Қайсар Қазыбайұлы, профессор, ҚазҰАУ Агротехнологиялық Хабы директорының халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары, Scopus Award Kazakhstan – 2019 беделді...
Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде...
Жарияланды: 12 шiлде, 2018 | Қаралғандар: 27
2018 жылғы16 -17 мамыр аралығында «Аймақаралық ұтқырлыққа жол ашу, сәйкестік, сапа және қол жеткізу теңдігімен қамтамасыз ету - PAWER» жобасы аясында жұмыс...
Мекен-жайымыз:
Казахстан, 050010 г. Алматы, ул. Абая, 8 (Управление Стратегического Развития) ПН-ПТ с 9 00 до 18 00.