|
Аса қадірлі Қазақ ұлттық аграрлық университетінің үлкен ұжымы!
Баршаңызды ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтаймын!
Әз Наурыз – сонау
ерте заманнан тамыр алған, тарихи мазмұны терең, халықтың салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен
астасқан, әлеуметтік-рухани мәні мен маңызы зор мейрам.
Ұлыстың ұлы күні
– жаңғыру мен жаңарудың, еңсесі биік елдіктің, татулық пен ынтымақтықтың, ырыс
пен молшылықтың мерекесі. Күн мен түн теңелген шақта шуағын шаша келетін
Наурыз адам баласын тек ізгілікке, имандылыққа ұмтылдырады. Бұл күнді халқымыз
жақсылықтың жаршысы, бірліктің бастауы деп білген. Өкпе-ренішті жандар татуласып,
қауышып, бір-біріне ізгі тілек, ақ пейілдерін білдіріскен. Құт-берекенің
белгісі ретінде ақ дастархан жайылып, көпті көрген дана қарттарымыз елдің амандығын,
жұрттың тынштығын тілеп, ақ батасын берген.
Тәуелсіздік алғалы
мән-мазмұны ашыла түскен Ұлыс мерекесінің жалпыадамзаттық құндылықтарды орнықтырудағы,
Қазақстан халқының бірлігін нығайтудағы рөлі айырықша.
Ұлтына қарамастан әрбір қазақстандық ерекше ұлықтайтын Наурыз бүгінде жалпыхалқтық
мерекеге айналды. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы Жолдауы
да қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық тұрақтылқты сақтау жолында жұмыла көтеретін
ауызбіршілікке шақырады. Мемлекет басшысы ел игілігі үшін аянбай еңбек етуге,
ортақ мақсаттарға жетуге табандылық танытуға, алдағы онжылдық мндеттерді
ойдағыдай орындауға үндейді. Наурыз мерекесінің мән-мазмұны да осы ұлағатты ойлармен
астасып
жатыр. Ұлыс мерекесі адамдарды бір-біріне кешіріммен, табиғат-анаға мейіріммен
қарауға шақырады.
Әз Наурыз мерекесінде университет ұжымындағы әрбір адамға амандық, еңбектеріне
жеміс, отбасыларына бақ-береке, студенттерімізге биік білім деңгейінен көрінуді
тілеймін. Жаңа жылымыз - Әз Наурыз шаттықтың шапағатын себе берсін. Ұлыс оң болсын,
ақ мол болсын демекпін.
Ақ тілекпен: Тілектес ЕСПОЛОВ,
ҚазҰАУ-нің ректоры, академик.
|