Ежелден
айтылып келе жатқан осы бір алтын сөздердің астарында терең мағына мен мазмұн
жатыр. Расында да бұл баламалар тегін айтылмаған. Сонымен бірге
оларды әлемдегі саналуан сұлулықтың символына теңеп айту да қандай жарасымды.
Бұған қосымша тіршіліктің тірегі мен жүрегі болып табылатын аналардың артықшылықтарын
айтуға тіл жетпейді. Әуезді әндерге, отты жырларға өмір бойы арқау болып
келе жатқан аналардың орны бөлек. Әрбір шаңырақтың алтын қазығына айналып
келе жатқан аналардан алар тағлым да мол. Аналарға адам баласының тәңіріндей
табынып, бас иулері де тегін емес. Сондықтан да елімізде әйел – аналарға
көрсетіліп жатқан құрмет те ерекше.
Міне, жылдағы қалыптасқан
дәстүр бойынша халықаралық әйелдер мерекесі мезгілінен кешікпей табалдырығымыздан
аттап отыр. Наурыз айындағы нақыштардың сәні мен әрі
жанарларды жаулап алатындай алаулап тұр. Бұл табиғаттың берген құдіреті шығар
деп ойлаймын. Университеттегі әйелдер мен қыз-келіншектер өздерінің төл мерекелерін
тиісті міндеттеріне сай жұдырықтай жұмыла қарсы алып отыр. Ортақ мақсатқа олардың
қосып отырған үлестері барынша қомақты. Біз соған қуанамыз. Әйел адамдардың өз
жұмыстарына деген жауапкершілігі қашан болсын жоғары. Кемелді келешектің керекті
маман-кадрларын талап тұрғысынан даярлауда аянып қалған жерлері жоқ. Олардың
әрбір атқарған ісін бөліп-жармай орынды мақтаныш ететініміз сондықтан.
Бүгінгі күні қасиетті
қара шаңырақтағы әйелдер мен қыз-келіншектерден 1 академик, 10 профессор, 13
доктор, 108 кандидат, 67 доцент ғылыми атақтардың иегерлері.
Сол сияқты 119 аға оқытушы, 126 ассистент және оқытушылардың еңбек ететіні біздің
көңілімізді өсіреді. Бұлардың қатары тағы да толыға түсетіні анық. Мен университеттің
80 жылдығы қарсаңында аталып өтіп отырған әйелдер мен қыз-келіншектерді - 8 наурыз
мерекелерімен қуана құттықтап, отбасыларына және еңбектеріне шығармашылық жемісті
жетістіктер тілеймін!
Тілектес ЕСПОЛОВ,
ҚазҰАУ-нің ректоры, академик.