Қазақтың ұлттық ойыны «Хан дойбысы»

     Жастардың ұлттық сана-сезімінің дамуында қазақтың ұлттық ойындарының алатын орны ерекше. Оның ішінде қазақтың ұлттық спорт түрлерiнiң қатарына жақында қосылған қазақтың «Хан Дойбысы» ойынын атап өтуге болады.
     «Хан Дойбысы» сонау ертеректе мемлекет тiзгiнiн ұстаған хандардың, билердiң арасында кең таралған ойын түрi. Кезiнде хан, би секiлдi тұтас мемлекет тiзгiнiн қолына ұстаған бабаларымыз қазақтың дана би дойбысын тек ойын тұрғысынан емес, ел басқарудағы саяси құрал ретiнде де пайдаланған. Табылғанына көп уақыт болмаса да, хан дойбы ойыны қазақы мiнезiмен бiраз жанның жүрегiн жаулап та үлгердi. Бiрақ, әлi де болса бұқаралық сипат ала қойған жоқ. Бүгiнде осы ойын түрiн насихаттауға Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің жастары атсалысып келеді.
     Осыған орай, осы жылдың 2-Наурызында “Азиада-2011” ойындары аясында, ҚазҰАУ 80 жылдық мерейтойына орай қазақтың ұлттық ойыны «Хан дойбысынан» тұңғыш рет турнир өткізіледі. Сіздерді осы турнирге шақыра отырып, қазақтың жаңадан жанданып келе жатқан ұлттық ойынын барша бұқараға насихаттауға қолдау көрсетуіңізді сұраймыз.
Турнирдің басталуы: 10:00-де
Өтетін орны: ҚазҰАУ Бас ғимараты, Акт залы. Абай даңғылы 8.
Ұйымдастырушы: Жастар Әкімшілігі, «Атамекен» жастар ұйымы