Факультетаралық «Қыз Сыны» байқауы


     Қазақ Ұлттық Агарарлық Университеті
Студенттік кәсіподақ комитеті және Қазақ тілі кафедрасы бірігіп өткізетін «Қыз Сыны» байқауының ережесі

     Наурыз айының 3-ші жұлдызында университетіміздің 80-жылдық мерейтойына орай факультетаралық «Қыз Сыны» байқауын өткізу жоспарланып отыр. Соған байланысты Сіз басқарып отырған факультеттің Сұлу да, сымбатты қыздарының осы сайысқа қатысуын сұраймыз.

Тақырыбы; «ҚазҰАУ-ға 80 жыл»

Мақсаты; Жастарымызды патриоттық тәрбиеге баулу, өнерлі жастардың өнерін шыңдау, жастар арасында өнерді дамыту қазақтың әдеп-ғұрып,сат-дәстүрін насихаттау.

Байқаудың шарттары;
1.Сәлемдесу (Өзін-өзі таныстыру);
2.Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерінен сахналық көрініс көрсету;
3.Менің Елім-Қазақстан және менің университетіме 80-жыл (сұраққа жауап беру);
Қойылатын сұрақтар мазмұны төменде ұсынылған материалдардан алынады;
1.ҚР. Президентінің 2010 жылғы жолдауынан ;
2. ҚР. Президентінің «инттелектуалдық ұлтты қалыптастыру» атты ҚазҰУ-да оқыған лекциясынан;
3.Университет тарихынан;
4.Аспаздық өнер сайысы;
5.Өз шығармашылығын таныту ( домбыра, қара өлең, ән айту т.б.).

«Қыз сыны» байқауының шарттарына қойылатын талаптар;
«Қыз сыны» байқауына қатысатын студенттің аты-жөнін алдын–ала 01.03.2010 ж. күнге дейін №14 және №27 кабинетке тапсыру керек.

Ж ү л д е л е р
1.Бас жүлде
2.I-ші орын
3.II-ші орын
4.III-ші орын
5.Ең сұлу Қыз номинациясы


Болатын күні: 03.03.2010 ж. күні сағат 14-00 –де №1А ғимараттың 22-ші аудиториясында өтеді.

Ұйымдастырушылар: Студенттік кәсіподақ комитеті және Қазақ тілі кафедрасы