Университетке түсу

Проходные баллы - 2017-2018
Результаты конкурса грантов для поступления в КазНАУ в 2017 году доступны для просмотра
Правила приема на обучение в КазНАУ
Для загрузки доступны правила приема на обучение в КазНАУ

Бакалавриат Магистратура Докторантура Жеңілдіктер
ҚазҰАУ-ға оқуға түсетін үміткерлерден ҚҰЖАТТАР  ҚАБЫЛДАУ  МЕРЗІМІ:
 
- негізгі кешендік тестілеуге (КТ) құжаттар қабылдау – 01 20 маусым;
- кешендік тестілеуді (КТ) қайта тапсыруға құжаттар қабылдау – 25-шілде - 3 тамыз, 10 -20 желтоқсан;
- магистратура және PhD докторантураға құжаттар қабылдау – 03-31 шілде;
- мемлекеттік білім грантын алуға конкурсқа қатысуүшін – 18-26 шілде;
- студенттер қатарына (бұйрыққа) енгізуге құжаттар қабылдау – 10-25 тамызға дейін, магистратура мен PhD докторантураға – 25 тамызға дейін.
 
ЖОО түсетін талапкерлерге арналған ҰБТ-ға және Кешендік тестілеуге қатысу үшін өткізілетін ҚҰЖАТТАР:

- белгіленген үлгі бойынша өтініш;
- аттестат немесе диплом (тұпнұсқа);
- көлемі 3х4 фотосурет - 2 дана;
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- 086У нысандағы медициналық анықтама, флюорография түсірмесімен;
- егу картасы, 063 формада;
- әскерге тіркеу куәлігінің көшірмесі (ер балалар үшін).
- кешендік тестілеуге қатысу үшін белгіленген ақыны төлегені туралы түбіртек (Халық банктен немесе Қазпоштадан);
 
Шет ел азаматтары үшін қосымша өткізілетін құжаттар:

1. Жеке басын куәландыратын құжатының мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған нотариалды расталған көшірмесі – 2 дана;
2. Білімі туралы құжатының және оның қосымшасының нострификациялаудан өткені туралы куәлігі
3. Жалпы орта, техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) немесе жоғары білімі туралы құжатының түпнұсқасы және оның мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған, нотариалды куәландырылған көшірмесі  - 2 дана;
4. Жалпы орта (мектеп) бітіргені туралы анықтама (мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған және нотариалды куәландырылған).
5. Жоғары білімі барлар үшін және колледж бітіргендер үшін оқу орнының лицензиясы немесе аккредитациядан өткендігі туралы куәлігі (бар болса), болмаса оқу орнының мұрағатынан оқығандығы туралы анықтама.

 Мемлекеттік тапсырыс бойынша білім беру грантына конкурсқа қатысу үшін 23-31 шілде аралығында өткізілетін құжаттар:

- белгіленген үлгі бойынша өтініш;
- аттестат немесе диплом (түпнұсқа);
- ҰБТ немесе КТ тапсырғаны туралы мемлекеттік сертификат.
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (шет ел азаматы үшін мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған, нотариалды расталған көшірмесі);
 
Мемлекеттік тапсырыс бойынша білім беру грантына конкурсқа қатысатын және ақылы келісім-шарт негізінде оқуға қабылданатын талапкерлер үшін «Білім» (5В012000), «Ауыл шаруашылығы ғылымдары» (5В080100 - 5В081200) және «Ветеринария» (5В120100 - 5В120200) мамандықтарына мемлекеттік білім грантына конкурсына қатысу үшін тестілеу нәтижелері кемінде 60 балл, ал басқа мамандықтарына 65 балл, сонымен қатар әр пәннен кем дегенде 5 балл болуы қажет.
 
 
Соңғы жаңалықтар Танымал Оқылған Жаңалықтар мұрағаты
Адрес приемной комиссии
Казахстан, 050010 г. Алматы, ул. Абая, 8 (Главный корпус) Ежедневно, без выходных, с 9 00 до 18 00.