Студенттік шығармашылық орталығы

ҚазҰАУ студенттерінің анықтамалары
Конкурстар мен фестивальдар

Біз туралы
Студенттердің шығармашылық әлеуетін дамыту, талантты жастарға қолдау көрсету ҚазҰАУ 2020 жылдарға дейінгі даму стратегиясының басым бағыттарының бірі болып табылады. Студенттердің рухани-адамгершілік әлеуетін және танымдық іс-әрекетін белсенді ету, олардың көркем-шығармашылық қабілеттерін ары қарай дамыту мақсатында 2016 жылы «Мәдениеттану» кафедрасы құрылды. Орталық құрамына 600-ге жуық студентті біріктіретін , «Эстрадамен ән айту», «Дәстүрлі ән айту», "Поэзия" клубы, «Гүл-Бану» би ансамблі, А.Жұбанов атындағы ұлт аспаптар оркестрі,  «Жас талант» студентер театры, студенттік хор, «Көңілді, тапқырлар клубы»,  "Жас фотограф" клубы"My video" клубы кіреді.
      Университетте «Студенттер қатарына қабылдау», «Жас талант» шығармашылық жастар конкурсы, «Күзгі бал», «Жаңа жылдық балмаскарад», «Наурыз мерекесі», «ҚазҰАУ аруы», «Жыл студенті», «Екі жұлдыз» және т.б. іс-шараларын өткізу дәстүрге айналған.     
    
   Орталықтың негізгі міндеттері:
  • Университеттегі мәдени-тынығу жұмыстарын ұйымдастыру және жалпы басшылық жасау;
  •  аса талантты және дарынды студенттерді анықтау, олардың шығармашылық әлеуетін тәрбие жұмысында тиімді қолдану;
  • шығармашылық үйірмелер мен ұжымдардың жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру;
  • студенттік жастар арасында ұлттық өнер жанрларының кең насихатталуына мүмкіндік беретін шығармашылық ұжымдарды құру, дамыту, кеңейту;
  • орындаушылардың мәдени және кәсіби деңгейлерін жетілдіру және дамыту;
  • студенттермен жүргізілетін мәдени-тынығу жұмыстарының жаңа әдістерін енгізу, шығармашылық үйірмелер тәжірибелерін жинақтау;
  • студенттерді үйірмелік жұмыстарға тарту;
  • мәдени-бұқаралық іс-шараларға студенттердің белсенді қатысуын қамтамасыз ету;
  • университет студенттерінің қалалық, республикалық және халықаралық шығармашылық байқауларына қатысуын қамтамасыз ету;
  • студенттерге жан-жақты тәрбие беру бағытында іс-шаралар ұйымдастыру және жүргізу. 
  1.  «Эстрадамен ән айту»
  2. «Дәстүрлі ән айту»
  3. "Поэзия" клубы
  4. «Гүл-Бану» би ансамблі
  5. А.Жұбанов атындағы ұлт аспаптар оркестрі
  6. «Жас талант» студентер театры, студенттік хор
  7. «Көңілді, тапқырлар клубы»
  8. Студенттік хор
  9. "Жас фотограф" клубы
  10. "My video" клубы 
Мекен-жайымыз:
Казахстан, 050010 г. Алматы, ул. Абая, 8 (Международный отдел) ПН-ПТ с 9 00 до 18 00.