Зорлықсыз отбасы - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #464 Статистика

Зорлықсыз отбасы

2017 жылдың  04-06 сәуірі аралығында  Қазақ ұлттық аграрлық университетінің №1, №2, №4, №5, №9, №10 студенттік үйлерінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің ұйымдастыруымен «Зорлықсыз отбасы» тақырыбында Медеу ауданы ІІБ жергілікті полиция қызметі әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, аға лейтенант Л.М.Сламджановамен кездесу өтті.

photo
photo
photo
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы бойынша зорлық-зомбылықтың түрлері, қорғану нұсқамасы баяндалып,  студенттерге қазіргі кездегі жастар арасындағы жиі орын алатын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы ақпарат беріліп, ұрлық-қарақшылық, қоғамдық ортадағы тәртіп бұзушылық, алаяқтық, нашақорлық індеті туралы мәліметтер айтылып, одан сақтану, алдын алу шаралары туралы ақпарат берілді.
Іс-шара соңында студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, Қазақстан Республикасы тұрмыстық зорлық-зомбылық және  сенім телефондары туралы буклеттер таратылды.
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты