«Зияткерлік сайыс» - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1203 Статистика

«Зияткерлік сайыс»

       Ветеринария факультеті «Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасының Жануарлар патологиясы пәнінен 4 курс ветеринариялық санитария мамандықтары студенттерінің арасында 16-шы қараша 2018 жылы 11-ші оқу ғимаратының 209 аудиториясында пәндік зияткерлік сайысы өткізілді.
Зияткерлік сайыстың мақсаты: Білім беру жүйесі бүгінгі күн талабына сай түбегейлі өзгерістер талап етеді. Ол талаптар әдістемелік тәсілдерді, жаңа технологиялар қолдану, жас тұлғаға берілген білім жоғары сапалылығы, оқуға қызығушылық негізін қалыптастыруды көздейді. Осыған орай ой өрісі жаңашыл тәжірибелік деңгейде қызмет атқара алатын жан-жақты, қазіргі заман талабына сай бәсекелестікке түсе алатын мамандар даярлау үшін дәстүрлі емес оқыту түрі ойын технологиясын қолдану.
 
photo   photo

Зияткерлік сайыс - белгілі бір білімділігіне нәтиже беретін, алдына қойған айқын мақсаты бар, танымдық бағытына сәйкес айқындалатын сипаты бар, маңызды көрсеткіш болып табылады.

Міндеттері:
  • Студенттердің білім деңгейін жақсарту;
  • Студенттердің оқуға деген қызығушылықтарын арттыру;
  • Пәнді толық теория жағынан меңгерту;
photo   photo

Ұйымдастырушылар: профессорлар Нұрғазы Б.Ө., Мауланов А.З., Амиргалиева С.С.; қауымдастырылған профессорлар Кенжебекова Ж.Ж., Ибажанова А.С.; ассистент Джангабулова А.
Зияткерлік сайыс талаптары: 1. Топты таныстыру; 2. Макропрепараттардан сұрақ-жауап; 3. Гистологиялық препараттарды иновациялық технологиямен анықтау; 4. Капитан командалар сайысы; 5. Үй тапсырмасы.
Қорытынды: Әділ қазылар шешімімен 415-ші топ – 1 орын; 411-ші топ – 2 орын; 414-ші топ – 3 орын иеленіп, жүлделермен марапатталды.
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты