«Жеміс шаруашылығын оқытудың заманауи әдістері. Даму перспективалары» - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1062 Статистика

«Жеміс шаруашылығын оқытудың заманауи әдістері. Даму перспективалары»

      Аталған тақырыпта Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Ауылшаруашылығы министрлігі, «Атамекен» ҰҚП «Біліктілік орталығы» және Қазақстан жаңғақ және жидектер өндірушілері мен өңдеушілер ассоциациясының бастамасымен аталған тақырыпта оқу орны базасындағы Агротехнологиялық Хабта халықаралық тәжірибелік семинар өтті.
Семинар барысында қатысушылар жеміс өсірудің тәжірибелерімен, жаңа технологияларымен танысты. Кездесудің негізгі спикері итальяндық ғалым Дамиано Аванзато өзінің ғылыми зерттеу тәжірибесіндегі жеміс-жидек дақылдарын көбейту әдістері туралы айтты.
Баяндамасының басында профессор Аванзато өзі жетекшілік ететін зерттеу жобаларына тоқталды. Халықаралық кеңесші өнімі мол жеміс-жидек ағаштарын өсіру үшін жердің жағдайына ерекше назар аудару керек екендігіне тоқталды. Оның айтуына қарағанда, Қазақстанда сусыз жерлер көп екен. Сонымен қатар,  жемістің тамыры сапасына зиянын тигізетін жер асты суларында да проблемалар бар екен. Итальяндық ғалым осы прблемалардың шешімі және генетикалық ресурсты қалпына келтіру және бақшаны басқару бойынша құнды мәліметтер берді.
Дамиано Аванзато жер телімін таңдаған кезде топырақтың физикалық және химиялық құрамын анықтаудың маңыздылығы туралы айтып берді. Д.Аванзатоның жаңғақ және жеміс, сүйекті дақылдар,  зәйтүн, граната және басқа да дақылдар бойынша халықаралық конгресстерді ұйымдастыруда тәжірибесі мол екендігін айтып өткен жөн.
 
photo   photo
photo   photo

photo
Жеміс өсіруде жобалар жасау мен жоспарлау бойынша  Балқанда (Албания, Болгария, Македония), Кавказ елдерінде (Армения, Грузия, Азербайжан), Таяу Шығыс (Аравия, Иран, Ливан), Орталық Азия (Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан), Азия (Қытай, Индия және КХДР) және Оңтүстік Америка (Аргентина және Чили) елдерінде халықаралық кеңесші ретінде қызмет етеді. Сонымен қатар Домиано Иран, Грузия, Аргентина және Қытайдың ғылыми мекемелерінде жеміс-жидек өсіру бойынша оқу семинарларын өткізеді және оқытады.

 
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі,
Фото: М.Ботабеков
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты