Новость #751 Статистика

«Желтоқсан жаңғырығы – Тәуелсіздік бастауы»

Қазақ ұлттық аграрлық университетіндегі «Рухани жаңғыру» гуманитарлық зерттеу орталығы, «Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті» кафедрасы және университеттің ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен 16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне орай «Желтоқсан жаңғырығы – тәуелсіздік бастауы» тақырыбында басқосу өтті. Жиынға Желтоқсан көтерілісіне қатысушы, ғалым, тарихшы, жазушы Бейбіт Орынбекұлы Қойшыбай пен Желтоқсан көтерілісіне қатысушы, университеттің доценті Еркін Нұратдинұлы Ермұқанов кеш қонағы болып қатысты.
Жиынды профессор, т.ғ.д. С.О.Смагулова мен т.ғ.к. Ә.Ж.Ахантаевалар жүргізді. «Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., профессор Д.И.Салқынбек кіріспе сөз сөйлеп, Қазақстан тарихындағы желтоқсан көтерілісінің маңыздылығына тоқталды.

photo
photo
Кеш қонағы көрнекті қаламгер Бейбіт Қойшыбай 1986 жылы жастардың алаңға шығуын ХХ ғасыр басындағы Алаш қайраткерлерінің күресімен сабақтастыра отырып, сол кездегі қазақ жастарының жігерлігі, батылдығы тәуелсіздікке бастаған қадам болғандығын әсерлі әңгімеледі. Сол көтерілістің бел ортасында жүрген Е.Ермұқанов та алаңға шыққан жастардың әрекеттері мен олардың көрген қиындықтары жайлы көзімен көрген өмір шындығын баяндады.
Басқосу барысында қонақтарға студенттер тарапынан сұрақтар қойылды. Ғалым Б.Қойшыбай тарихи, әдеби кітаптарын университеттің кітапханасына тарту етті.
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген М.Ботабеков
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты