Новость #834 Статистика

«Жат ағымдардың жастарға ықпалы»

Ақпанның 8 күні, № 5 «Жалын» студенттер үйінде Акушерлік, хирургия және өсіп-өну биотехнологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен «Жат ағымдардың жастарға ықпалы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс шараға Алматы қаласы, Алатау ауданына қарасты Бекет ата мешітінің наиб имамы    Құдабаев Е. шақырылып, жатақхана студенттеріне Қазақстан аумағында тиым салынған жат ағымдар таныстырылды.
«Бүгінгі тәрбиелік шарамыз ислам діні және бүгінгі қазақ қоғамындағы діннің маңызына арналады.
Қасиетті дініміз сонау Пайғамбарымыз Мұхаммед (с. ғ. с.) заманынан бергі он төрт ғасырға жуық ешбір өзгеріске түспей, әлем мұсылмандарына сара жол салып келе жатқаны белгілі.

photo
photo
Президентіміз Н. Ә. Назарбаев «Біз тегіміз – түрік, дініміз - ислам екенін ұмытпауымыз керек», - деп дінімізді берік сақтауымыз қажет екендігіне айрықша назар аударды мешіт қызметкері.
Ислам он төрт ғасырдан бері барша адамзаттың наным - сеніміне, нәсілі мен тегіне қарамастан, ынтымақ пен бейбітшілікке, тазалық пен сабырлылыққа шақырып келе жатқан Аллаһ тағаланың соңғы, әрі бірегей діні.
Қазіргі кезде Ислам мен қазақы салт - дәстүрлеріміздің ара жігін ажырату, олардың арасындағы қарама - қайшылықтарды толық танып білу қиындай түсуде, Олай дейтініміз, соңғы кездері әр түрлі уағыздар айтып, елді алдап жүрген топтардың көбейіп бара жатқаны жасырын емес деп, кафедра оқытушысы, профессор имам сөзін Туребеков О.Т. жалғастрды. Қазіргі кезде Исламға «изм», «террор» деген жағымсыз айдар тағылуда.
Жалпы, экстремизм дегеніміз не, оны қалай ажырату керек деген сұраққа Акушерлік, хирургия және өсіп-өну биоетхнология кафедрасының жетекшісі Үсенбеков Е.С. түсіндіре өтті.
Осы жөнінде студенттердің де пікірі тыңдалды.

photo
photo
Экстремизм дегеніміз – латын сөзі. Ол «шеттеу», «өз пікірімен әрекет жасау» дегенді білдіреді. Олар өздерін таза, дұрыс санап, өзгелерді адасушыларға жатқызады. Тура жол көрсеткендерді мойындамайды, деп профессор Джуланов М. Н., Перленбетов М.А қосып өтті.
Имангалиев А. К., Жумаханова Р.М., Иманбаев А.А, Қойбағаров Қ.У., Орынханов Қ.А., Махмутов А., Абдулла А., Кенжеев Ш., Хизат С., Пазылов Е.Қ., Күзембаев Ж., Омарбекова Г., Шманов Ғ., Баймирзаев Б., Джакипбекова А., Матвеева К., Хасанова Г.,  Байсуанова З.К. қатысқан іс-шара оқытушылардың ұйымдастыруымен дайындалған видеороликтер көрсетіліп, мультимедиялық тақтадан ислам дініне жат тармақтардың түрлері көрсетілді.
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты