Жастарды бизнес бастауға үйрету бойынша семинар өтті - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #692 Статистика

Жастарды бизнес бастауға үйрету бойынша семинар өтті

Бүгінгі күні студенттер арасында  старт-ап жобаларын жасап, іске асыру үрдісі қалыптасып келеді. Осы орайда «Кәсіптік оқыту» кафедрасының меңгерушісі Э.Аманбаева және инженерлік факультетінің 1 курс эдвайзері Н.Самбеткулова жастар саясатын дамытудың мемлекеттік қорының Алматы қаласындағы жастар ресурстар орталығымен бірігіп іс-шаралар ұйымдастырды. Жастар Ресурстар Ортылығын Дамытудың Мемлекеттік Қорының директоры  Ауганбаева Алма Курмановна және «Жастар ресурстар орталығы» жобасының жетекшісі Солтанбеков Али Солтанбекулы 1-3 курс  студенттеріне «Капиталсыз қалай бизнес ашуға болады» тақырыбындағы семинарға қатысуға ұсыныс жасады. Бұл семинарды бизнесті дамыту саласының эксперті, маркетингтегі, сатудағы, брендингтегі және инновациядағы бизнес-жаттықтырушы Аркадий Теплухин жүргізді, ол қатысушыларға алғашқы капиталсыз бизнес қалай бастауға болатындығы туралы, «Ақшалы лифт» деген не, банктармен қалай жұмыс жасау керек, «Бизнес-Періште» деген кім, инвесторларды қалай табу керек және де тағы басқа бизнес құпиялары туралы айтып кетті.

photo
photo
Семинар барысында студенттер өзінің бизнес ашу жолдарын, ең бастысы, бастапқы капиталсыз қалай жоғары жетістіктерге жету керектігі туралы нақты ақпарат алды. Студенттер семинардың тақырыбына қызығушылық танытты, бүгінгі күні жастар арасында өзекті болатын стартап жобаларына қатысуға қызығушылығын білдірді. Неқұрлым жастар өзінің ісін бастауға мүмкіндік бар екенің біліп бизнес жобаға кіріссе, соқұрлым ол осы саладағы жоғары жетістіктерге жетеді.
Семнарға қатысуша жастар «Алматы қаласы жастарының 2020 Жол картасы» тақырыбына байланысты жасалып жатқан «Лофт-орталығы» жобалармен танысып қайтты.
 
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты