Новость #215 Статистика

Жас ғалымдар сынақтан өтті

2016 жылдың 21-22 сәуір күндері Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «Жас ғалымдардың агроөнеркәсіп кешенінің индустриалды-инновациялық дамуына қосқан үлесі» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференция мақсаты – магистранттар мен жас ғалымдардың творчестволық белсенділігін арттыру, оларды замануи аграрлық ғылымның өзекті мәселелерін шешуге тарту, сонымен қатар агроөндіріс кешенінің индустриалдық-инновациялық дамуына әсер ету, ғылыми институттар мен оқу орындары арасында әріптестікті нығайту, тәжірибе алмасу.

Конференцияға оқу орнымыздан бөлек әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, Тұран университеті мен Еуразия технологиялық университетінің магистранттары, докторанттары және ғылыми-зерттеу институттарының жас ғалымдары қатысты.

Конференцияда 6 секция бойынша 99 жас ғалым баяндама жасады.

Конференция барысында Агробиология және экология секциясы бойынша өтініш берген 37 баяндаманың 18-і, Ветеринария секциясы бойынша 18 баяндаманың 10-ы, Өнімді өндіру және өңдеу технологиясы бойынша 15 баяндама, Орман, жер, су ресурстары және жеміс-көкөніс шаруашылығы секциясы бойынша 14, Агроинженерия, энергия үнемдеу және кәсіптік оқыту бойынша 28 және Аграрлық экономика және құқық секциясы бойынша 17 баяндама қорғалды.

Конференцияның екінші күні жас ғалымдарымыз «Альвеографта қамырдың реологиялық қасиеттерін анықтау», «Ауыл шаруашылық жануарлардың сүтін бөлу», «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігіне байланысты микробиологиялық тәуекелдер», «Өсімдіктердің қоректену диагностикасы және оларды анықтау әдістері», «Микробиологиялық зерттеулердегі дәл өлшеулер – сынақтардың шынайылығы мен ақпараттандырылуының басты шарты» сияқты тақырыптарда өткен мастер-класстарға қатысты.

фото
Бауыржан Зұлпыхаров, Әсел Жолдасбекова, Жұмағұл Боранбай, Мейрхан Абдикаримов, Нұрсұлтан Базарбаев, Нұрсұлтан Тойшиев, Аян Сапаров сияқты жас ғалымдардың баяндамалары пленарлық отырыста талқыланып, үздік деп танылды. Конференцияның қортындысы бойынша барлық қатысушыларға арнайы сертификат табысталды.
 
 
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты