Жапондық ғалымның дәрісі - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #65 Статистика

Жапондық ғалымның дәрісі

Жуырда Қазақ ұлттық аграрлық университетінде жапондық белгілі ғалым,  профессор Норио Ишида студенттерге арнайы дәріс оқыды.

фото
Дәрістің негізгі тақырыбы Арал теңізі мен Сырдария өзені экологиясы төңірегінде өрбіді. Шетелдік ғалымның айтуынша ол Арал тағдыры жайлы ең алғаш қазақтың көрнекті қаламгері Әнуар Әлімжановтан естіген екен. 1989 жылы бір топ қазақстандық делегация Жапонияда арнайы іссапарда болғанда біздің елдегі экология проблемалдарына қанық болған. Сол кезден бастап Ишида мырза осы мәселеге зерттеу тұрғысынан келіп, Арал өңіріне бірнеше экспедиция жасап, бірқатар ғылыми мақалалар жазған.

Қазіргі уақытта бұл ғалым Жапониядағы Қазақстангды зерттеу орталығына жетекшілік етеді.
 
ҚазҰАУ Баспасөзьб қызметі
Суреттерді түсірген: М. Ботабеков
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты