Жаңғақ шаруашылығы – табысты бизнес - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #611 Статистика

Жаңғақ шаруашылығы – табысты бизнес

Жақында Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылындағы «ЧАФ Тургень» ЖШС және «Интеграция Тургень» ЖШС Алматы облысы әкімдігі және Қазақ ұлттық аграрлық университетімен бірлесіп «Қазақстан Республикасында жаңғақ шаруашылығын дамыту» тақырыбында семинар өтті.
Семинар жұмысына «Интеграция» халықаралық қорының Төрағасы С.А.Терещенко, Италия ғалымы Калькани Пино, ҚР Білім және ылым министрлігінің микробиология ҒЗИ қызметкері Т.К.Таубекова, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Ғылыми жұмыстар және интеграция жөніндегі проректор, профессор Есенбай Исламов және  «ЧАФ Тургень» ЖШС директоры А.А.Жексембекова, тағы да басқа қызметкерлер қатысты.

photo
photo
Ғалымдар әлемдегі жер көлемінің 7 пайыз ғана жаңғақ өсіруге жарамды екендігін айтады. Осы салада Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдері жаңғақ өсіруде алдыңғы қатарда тұр.
– Осы елдердің ғалымдары біздің  Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ғалымдарымен тығыз байланыста жұмыс істейді және жаңғақ өсіру технологияларының құпиясымен бөлісіп тұрады, – деп атап өтті өз сөзінде профессор Есенбай Исламов. – Шетелдік ғалымдардың бағалауынша, жаңғақ шаруашылығын дамытуда Қазақстанның әлеуеті жоғары. Ол үшін оның тиімділігін шаруаларға кеңінен насихаттау қажет.
Жаңғақ жылы ауа-райын сүйеді. Сол үшін италиялық ғалым, жаңғақ шаруашылығы халықаралық Ассоциациясының вице-президенті Джузеппе Калькани жаңғақ өсіруге Қазақстанның оңтүстік аймағы қолайлы екендігін айтады. Сонда ғана мол өнім алуға мүмкіндік бар. Әрине, жазда құрғақ, көктемге жаңғақ гүлдейтін мезгілде суық ұру сияқты  ауа-райының кері әсері де бар. Сол үшін италяндық ғалымдар жаңғақтың  кеш гүлдейтін, өнімі жоғары сортын ұсынып отыр.
Еңбекшіқазақ ауданы әкімшілігінің қолдауымен, ғалымдардың, аграрлық саланың кәсіпкерлерінің күшімен бүгінде  Түрген ауылындағы 20 гектарлық аймақта жаңғақ бақшасы өсірілді. Аталған бақтың ерекшелігі, онда әлемдегі грек жаңғағының барлық сорты, үлкен бөлігі фундук сорты – орман жаңғағы бар. Жаңа бақша зерттеуші-ғалымдар мен студенттердің оқу-өнірістік тәжірибе алаңы әрі зерттеу аясы болады деп күтілуде.

photo
photo
«Besana» бүкіләлемдік жаңғақ өсірушілер қауымдастығының төрағасы Пино Кальканидің ойынша, Қазақстан питомниктерді дамытуды қолға алса, бес жылдың көлемінде көшеттерді еркін тасымалдауға қол жеткізеді. Ол үшін фермерлер жаңғақ бау-бақшасымен айналысуға ынта білдірулері керектігін айтады.
Бүгінгі күні кәсіпкерлердің күшімен Қазақстан жаңғақ және жидек өсірушілер қауымдастығы құрылған. Төрағасы болып белгілі кәсіпкер Сергей Терещенко болып сайланды. Қауымдастық Қазақ ұлттық аграрлық университеті ғалымдарымен бірлесіп жер игерушілердің барлығын жаңғақ дақылын өсірудің технологиялық қырларын оқытуға дайын. Бүгінгі күні «Жаңғақ 2050» бағдарламасы дайындалып жатыр.
 
 
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты