Новость #752 Статистика

Жайылымдық жерлер мәселесі талқыланды

Үстіміздегі жылдың 6-қараша күні Қазақ ұлттық аграрлық университетінің мәжіліс залында «Жайылымдық жерлерді түгендеу әдісі және жағдайын бағалау» тақырыбында екі күнге арналған семинар өтуде. Шараны Қазақ ұлттық аграрлық университеті, ҚР Ауылшаруашылық министрлігі, АҚШ Ауылшаруашылық департаменті, Агротехнологиялық Хаб ұйымдастырды. Семинарды Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, академик Тілектес Есполов ашып, оқу орнының білім-ғылым, инновациялық бағыттағы жұмыстарымен таныстырды.  
Университет басшысы кіріспе сөзінде бүгінгі күні әлемде қолданылып жатқан сандық технологияларды еліміздегі агроөндіріс кешенінде тартуда, оны аграрлық секторға бейімдеу мәселесі туралы баяндады. Ректор сондай-ақ, университеттің 2010 жылдан бастап ұлттық зерттеу орталығына трансформациялану жұмысын жүргізіп келе жатқанын атап өтіп, соның негізінде құрылған Агротехнологиялық хаб жұмысына тоқталды.

photo
photo
Бүгінгі шара АҚШ Ауылшаруашылық департаменті ғалымдарымен бірлесіп ұйымдастырылып отыр. Шетелдік сарапшы-самандар әлемдік деңгейдегі жайылымдық жерлердің жай-күйі жайлы өзекті мәселелерге жасаған ғылыми зерттеулерімен, тәжірибелерімен бөлісіп, ортақ шешімдерін біздің ғалымдармен бірге талқылады.
АҚШ Ауылшаруашылық департаментінің жайылымдық жерлер жөніндегі маманы Кеннет Спает жайылымдық жерлер жөнінде өздерінде жасалған ғылыми зерттеулер жайлы кең көлемді баяндама ұсынып, экологиялық алаңды бақылау Концепциясы бойынша презентация жасады. Сонымен қатар, ғалым Дэвид Толедо «Жайылымдық жерлердің жағдайын бағалау» мәселелеріне тоқталды.
Семинарға қатысушы тараптар өзара тәжірибе алмасып, пікірлерімен бөлісіп,  алдағы уақытта да ғылыми жобаларды бірлесіп жүзеге асыратын болып келісті.
 
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі,
Суреттерді түсірген М.Ботабеков, Г.Әділхан
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты