Новость #214 Статистика

Жүректерді жарастырған Алматы

Қазақ ұлттық аграрлық университетінде Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойы мен «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» күніне арналған «Жүректерді жарастырған – Алматы» атты байқау өтті. Мың жылдық тарихы бар әсем қала Алматының мәдени-тарихи мұралары мен сұлу табиғатын  насихаттап, бұл қаланың нағыз ғашықтар қаласы екендігін таныстыру мақсатында ұйымдастырылған шараға университеттің  ізетті, сұлу да, сымбатты, халқымыздың салт-дәстүрін жетік меңгерген арулары мен сегіз қырлы, бір сырлы сері жігіттері қатысты.

фото
Байқауға оқу орнының алты факультетінің атынан 6 жұп қатысты: Орман, жер ресурстары және жеміс-көкөніс шаруашылығы факультетінен Олжатай Қайсар мен Қантөреева Гүлжауxар, Инженерлiк факультетінен Азирбай Ердаулен мен Дарынбай Камила,  Ветеринария факультетінен Еркебай Əбдіқалык және Дүйсеналина Жансая,  Агробиология және фитосанитария факультетінен Сугирбекова Айдана мен Махашов Айдынбек, Гидротехника, мелиорация жане бизнес факультетінен Ыдырыс Алмат пен Өмірзак Еркеназ, Технология жане биоресурстар факультетінен Мәдәлі Тоғжан және Асқар Ахмет.

фото
 Қатысушылар 3 кезең бойынша бақ сынасты. Бірінші кезеңде сайысқа қатысушы жұп өзінің факультетін, мамандығын, аты-жөнін әнмен, поэзимен немесе бейнеролик арқылы таныстырса, екінші «Бәйге» кезеңінде үміткерлердің салт - дәстүр, әдет - ғұрып, жөн - жоралғы жөнінде білімдері тексерілді. Байқаудың үшінші кезеңінде  сәні мен салтанаты келіскен қыз-жігіттерімізмың бұрала жұптық би билеп, көпшіліктің ықыласына бөленді.

фото
Жұптарға Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Анар Қашғанова, танымал актриса, әнші Салтанат Бақаева, белгілі ақын, аудармашы, журналист Алмат Исәділ, М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері Абзал Асхатұлы және «Ерке-Нұр» сән үйі директорының орынбасары  Айжан Байзақова төрелігін айтып, қазылық жасады.

фото
Кешке «Жігер» тобының әншісі Болатбек Досыбаев арнайы келіп, әннен шашу шашты. Сонымен қатар көрермендер бүгінгі таңда елімізде шеберліктің сырын талмай шертіп, ұлтымыздың мақтанышына айналып жүрген «Ерке Нұр» сән үйінің қазақ халқының салт-дәстүрі мен қолөнер шеберлерінің ежелгі әдісін сақтай отырып тігілген, әйелдерге арналған ұлттық нақыштағы киімдерінің көрсетілімін тамашалады.

фото
Байқау қорытындысы бойынша, көпшіліктің көңілінен шығып Бас жүлдені «Технология және биоресурстар» факультетінің студенттері Мәдәлі Тоғжан мен Асқар Ахмет иеленіп, нағыз бүгінгінің Қозысы мен Баянының үлгісін көрсетті. Бас жүлдеге ие болған байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен, «Ерке-Нұр» сән үйінің арнайы сертификаттарымен марапатталды.

фото
фото
 
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген М.Ботабеков
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты