Новость #271 Статистика

Жүгері өндірісінің жаңа серпіні

Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін дамыту – аграрлық саясаттың маңызды бағыты. Себебі ел экономикасын дағдарыс жағдайынан алып шығатын негізі күш дәл осы ауыл шаруашылығы саласы  болып табылады.Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеуде әлемдік көшбасшылардың қатарында бола алады десек, қателеспейміз. Ауыл шаруашылығы өн­дірісінің қарқынды  өсуі – бұл саланы тиімді бизнес көзіне айналдырып, оған инвестициялық ағымдарының құйылуына септігін тигізеді. Ол үшін әрине өндірілетін өнімнің көлемі мен сапасын арттыру да керек болады. Бұл процесс өндіріске инновацияны, ғылымды енгізгенде ғана жүзеге асатыны белгілі. Осы ретте Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ұжымы аграрлық секторды дамыту, аймақ экономикасын жандандыру, өндіріс, ғылым, білім интеграциясын жүзеге асыру  мақсатында фермерлер, кәсіпорын, шаруа қожалықтарымен бірлесе елеулі жұмыстар атқарып келеді.
 
photo
photo
photo
photo
photo

Қазақ ұлттық аграрлық университеті Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі мен «Нұр-Агро» ЖШС «Будан»,  ЖШС-імен бірігіп күздегі егін жинау науқанындағы «Алқап күні» аясында  «Жүгері өндірісінің ағымдағы жай-күйі және даму перспективалары» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды. Конференция жұмысы ашық аспан астында, «Нұр Агро» қожалығының жүгері алқабында өтті. Шараға Қазақ ұлттық университетінің ректоры, академик Тілектес Есполов, Алматы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сексембай Бекішов, Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Биналі  Ысқақ Нұр Агро ЖШС директоры Кәрім Құдайбердиев, «Будан» ЖШС директоры Еркін Шакеев пен ғылыми институт қызметкерлері, ғалымдар, агрономдар және Венгрия, Украина елдерінен келген қонақтар да қатысты. Конференция барысында Қазақтандағы жүгері өндірісі, өндіріске инновацияны енгізу, жаңа будан түрлері, өнім көлемін арттыру үшін жаңа бағдарламалар әзірлеу сияқты тақырыптар талқыланып, жүгері алқаптары мен өнім шығаратын зауыттың жұмысы таныстырылды.
 
photo
photo
photo

Жиында белгілі ғалымдар, аграрлық сала мамандары, Венгрия және Украина елдерінен келген қонақтарымыз  ауыл шаруашылығын жаңа бағытта дамыту жөніндегі пікірлерімен бөлісіп, тәжірибелерін ортаға салды:
 
Тілектес ЕСПОЛОВ,
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі
Қазақ ұлттық аграрлық университеті Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданымен бірлесе жұмыстар атқарады.  Оқу орнының ғалымдары инновациялық технологяиларды өндіріске енгізу, өнім көлемін арттыру сияқты мәселелерде фермерлерге  консалтингтік көмектер көрсетеді. Мұнда студенттердің тәжірибеден өтуі үшін арнайы 300 адамға арналған жатақхана да салынған. Дәл осы ауданда  Қазақстанда өндірілетін жүгері өнімдерінің 60%-ын шығарылады. Облыстағы 5 ауданның 76 мың гектардан аса жеріне жүгері дақылдары отырғызылған. Бүгінгі конференция жұмысын дәл осы Еңбекшіқазақ ауданында өткізуіміздің де өзіндік себебі бар. Осы ауданда орналасқан Будан және Нұр-Агро қожалықтары еліміздегі жүгері өндірісі бойынша ең үздік кәсіпорындар болып табылады, онда жүгері будандарының 20-дан аса түрі өндіріліеді және заманауи озық технологиялар қолданылады. Сондықтан өзге де тауар өндірушілер, фермерлер осы шаруашылықтың жұмысымен танысып, болашақта өндіріс сапасы мен көлемін арттырады деген ниеттеміз.Кеше ғана облысымызға Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев келіп, аймақтың аграрлық секторына оң бағасын беріп кетті. Бұл аудан үшін үлкен жетістік. Біз одан әрі өнім көлемін арттырып, ел экономикасын дамыту үшін фермерлермен бірге әлі көп жұмыстар атқаруымыз керек. Мұнай мен шикізатқа деген әлемдік бағаның күрт құлдырауын ескерсек, Қазақстан экономикасының ең перспективалы салаларының бірі ретінде ауыл шаруашылығын атап көрсете аламыз. Ауыл шаруашылығы елдің экономикалық дағдарыстан шығуына жол ашып, экспорттық стратегияны әртараптандыру үшін жаңа серпін бере алады.  Қазақстанның әлемдік нарықта азық-түлік өндіретін жетекші елге айналуына барлық мүмкіндігі бар. Мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті жандандыру арқылы біз өз-өзімізді қажетті технологиялармен қамтамасыз етіп қана қоймай, ауыл шаруашылығы өнімдері экпортының дамуына  жол ашамыз.
 
Андраш Геза,
«Marton Genetics «Базишмаг» компаниясы, Венгрия
Осыдан шамамен 60 жыл бұрын Еуропаның  жүгері шаруашылығында үлкен жаңалық болды: алғаш рет Мартонва шардағы аграрлық ғылыми-зерттеу орталығында жүгерінің алғашқы буданы жасалынды.  Одан кейін буданның бұл түрі одан әрі дамып, ғылым мен өндірсте жетістікке жетті. Жалпы жүгері өсіру үшін климаттың жылы болғаны дұрыс. Біздің ғалымдар ауа-райы жағдайына бейімделетін жүгерінің жоғары сорттарын жасаудағы еңбегі де орасан зор. Соның арқасында біз өте көп көлемде өнім алып, оны өзге мемлекеттерге экспорттаймыз. Соңғы он жыл ішінде біздің тұқымдар  Ресейде, Украина, Хорватия, Түркия, Румыния, Болгария және Польшада, Франция мен Испания елдерінде өсіріледі. Венгриялық жүгері сорттарының 20-дан астам түрі осы Қазақстанда да өсіріледі. Бүгін жүгері алқабын аралау барысында бір байқағаным сіздер әлі күнге дейін дәстүрлі суару әдісін пайдаланады екенсіздер. Суарудың бұл әдісінен көрі тамшылатып суарған тиімдірек болып табылады. тамшылатып суаруда ең алдымен жер құнарлылығын жоғалтпайды, оның үстіне дәстүрлі суарудан 2-3 есе аз су жұмсалады және топырақтың құнарлылығын арттыратын тыңайтқыштар сумен бірге ағып кетпей алқапта қалады. Нәтежиесінде шығын аз кетіп, өнімді молырақ алуға мүмкіндіктеріңіз бар. Біздің гибридтері тәжірибеден өткізу, Қазақстан климатына бейімділігін тексеру үшін біз қазақстандық фермерлермен бірлесе жұмыс жасауға дайынбыз.
 
Сексембай Бекішов,
Алматы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы
Алматы облысы жүгері өндірісі бойынша Қазақстандағы көшбасшы аудан. Одан өзге облыста дәнді-дақылдардың қызылша, майбұршақ, дәндік жүгері т.б дақылдар өндіріледі. Осыдан екі жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы облысқа келген сапарында аймақ басшысына, тұрғындарына өнім көлемін арттырып, шаруашылықтың дәл осы түрін одан әрі жетілдіру турасында нақты тапсырма берген болатын. Елбасының алға қойған міндеттерін жүзеге асыру мақсатында екі жылда арнайы бағдарлама жасалынып, бүгінде үлкен жетістіктерге жетіп отырмыз. Мысалы осыдан екі жыл бұрын дәндік жүгері 70 мың гектар жерге егідсе, бүгінгі таңда 76 мың гектарға жетті. 2 жыл ішінде бұл үлкен көрсеткіш деп есептеймін. Әрине тек егістік көлемін арттырып қана қоймай, өнімнің сапасына, алынатын астық көлеміне де баса назар аударғанымыз жөн. Бұрындары 70 мың гектар жерден 49 центнерден астық алсақ, биыл әр гек­тарынан 61-62 центнерден өнім жи­нау көзделуде. Бұл әрине жаңа технологияларды өндіріске енгізу арқылы жүзеге асады. Қазіргі таңда біз өнім көлемін арттыру бойынша 2020 жылға дейінгі бағдарламаны әзірлеп жатырмыз. Бұрын жүгері алқабын дәстүрлі әдіспен суаратын болсақ, келесі жылдан бастап тамшылатып, жаңбырлатып суару әдісін пайдаланатын боламыз. Жүгері өндірісін дамыту үшін облыс тарапынан қолдау да көрсетіліп отырады. Мысалы, биылғы жылы жүгері өсірушілерге әр гектарға 30 мың теңге көлмінде қаражат бөлініп, тыңайтқыштар мен гербицидті алуға 50 пайыз көлемінде субсидия берілді.
 
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі,
Суреттерді түсірген М.Ботабеков
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты