Новость #541 Статистика

«Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін»

Ұлттық Бірлік күніне орай Акушерлік, хирургия және өсіп-өну биотехнология кафедрасының күніне орай кафедра тәлімгерлерінің ұйымдастыруымен 18 мамыр 2017 жылы «ЫНТЫМАҚ, БІРЛІК, КЕЛІСІМ – ЕҢ БАСТЫ БАЙЛЫҚ ЕЛ ҮШІН» атты өзге ұлт өкілдерімен кездесу кешінін өткізілді.
Осы іс-шараға факультетіміздің деканы Джанабекова Гулмира Кумискалиевна, жастар саясаты бөлімінің бастығы Жолдасов Олжас Ергешұлы және университеттің студенттер ректоры 2 курс студенті Жасұлан және кафедра оқытушылары қатысты. Іс шараны кафедра профессоры Туребеков Орынбасар Тыштибайұлы ашып берді.

photo
photo
photo
photo
photo
photo
photo
photo
photo

Әр ұлттан құралған студенттер ән билерін ортаға салып өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар Құрманғазы атындағы консерваториясының 4 курс студенті Ахметов Берікболдың орындауында терме, өлеңдер айтты. Іс –шара соңында жастар саясаты бөлімінің бастығы Жолдасов Олжас Ергешұлы және университеттің студенттер ректоры 2 курс студенті Жасұлан сөз сөйлеп студенттерге ақ тілектерін жаудырды. Сонымен қатар кафедра аға оқытушысы Жумаханова Рая Мухамедиярқызы сөз сөйлеп кафедра атынан қатысқан студенттерге ынталандыру сыйлықтары берілді.

photo
photo
photo
Читайте также Архив новостей