XI Республикалық студенттік пәндік олимпиада жоғары деңгейде өтті - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1488 Статистика

XI Республикалық студенттік пәндік олимпиада жоғары деңгейде өтті

«Рухани жаңғыру» аясында Қазақ ұлттық аграрлық университеті «Агробиология» факультеті «Топырақтану және агрохимия» мамандығы бойынша  XI Республикалық студенттік пәндік олимпиада жоғары деңгейде өтті. Қазіргі таңда студенттерге берілетін білімнің сапасы мен білім алушылардың білімділігін арттыру мақсатында көптеген іс-шаралар атқарылуда. Солардың ішінде студенттер арасында өткізілетін пәндік олимпиаданың алатын орны ерекше.
 
 
 

Пәндік олимпиада - студенттің білім деңгейін тексерудің бұқаралық сипаттағы жарыс түрінде өткізілетін бірден-бір формасы. Ол білім алушының  мамандыққа деген қызығушылығын тудырумен бірге, олардың білімін бағалаудың әділ жолы болып табылады.
 
 

Республикалық пәндік олимпиадаға «Топырақтану және агрохимия» мамандығы бойынша 5 жоғары оқу орнынан 14 студент сайысқа түсті. Сайыс қортындысы бойынша  1-орындыҚазақ ұлттық аграрлық университетінің студенті Сүгірбекова Айдана иеленді

 
Ұйымдастырушылар:
Балғабаев Ә.М.
Жаманғараева А.Н.
Бейсенова Г.А.
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты