«Ветеринариялық фармация» - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #444 Статистика

«Ветеринариялық фармация»

10.03.2017 жылы ҚазҰАУ-нің 11 оқу ғимаратының 106 жаттығу бөлмесінде Ветеринария факультетінің «Клиникалық ветеринариялық медицина» кафедрасының ұйымдастыруымен «Ветеринариялық фармация» пәні бойынша пәндік олимпиада ұйымдастырылды. Олимпиадаға 5В120100-Ветеринариялық медицина мамандығы 2-курс студенттері арасынан 8 топ қатысты. Оның ішінде 201, 202, 203, 204, 205, 206, 207, 208 топ студенттері және де сайысқа әділ-қазы алқалары ретінде: «Клиникалық ветеринариялық медицина» кафедрасының профессоры Н.А. Заманбеков, қауымдастырылған профессор Н.К.Кобдикова және «Биологиялық қауіпсіздік кафедрасының қауымдастырылған профессоры Б.К. Отарбаев қатысты.

photo
photo
photo
Сайыс 7 кезеңнен тұрды:
  • Кезең. Сәлемдесу немесе таныстыру
  • Топ басшылары арасында тест
  • Сөзжұмбақ
  • Үй тапсырмасы
  • Ой сергек
  • Фармациядан дәрілік зат дайындау технологиясы
  • Бағалау
Сайыстың нәтижесі бойынша
1-орын: «Фортуна» 208 топ иеленді;
2-орын: «Видаль» 201 топ иеленді;
3-орын: «Авиценна» 207 топ иеленді.
 
photo
photo
photo
«Ең үздік таныстырылған топ» номинациясы бойынша «Фармация» 204 топ;
«Белсенді топ » номинациясы бойынша «Панацея» 203 топ;
«Ең алғыр, шапшаң» номинациясы бойынша «Фармакопея» 205 топ студенттері иеленді.
 
Сайысты ұйымдастыру жұмыстарын жүргізген оқытушылар: «Клиникалық ветеринариялық медицина» кафедрасының ассистенттері: в.ғ.м., Тулепова Гульмира Қайырбекқызы;  Тлеуалиева Т.Е.

photo
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты