Новость #471 Статистика

Ұлттық жаңғыру – туған жер тұтастығы мен ел болашағының негізі

Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде «Ұлттық жаңғыру – туған жер тұтастығы мен ел болашағының негізі» деген тақырыпта Ұлт Көшбасшысы – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еліміздің бас басылымы – «Егемен Қазақстан» газетінің 12 сәуір күнгі санында жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мазмұны терең,  ұлттық мүддеміз бен рухани құндылықтарымызды жандандыруға бағытталған мақаласын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.

Жиынға Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Х.Әбжанов, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі тнститутының директоры, филология ғылымының докторы, профессор Е.Қажыбек, Әл-Фаради атындағы Қазақ ұлттық университетінің мәдениеттану және дінтану кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы Ж.Молдабеков, Мемлекеттік тілді дамыту институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Б.Қапалбеков және белгілі аграршы ғалымдар, университеттің оқытушы-профессорлық құрамы, студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысты.
Толығырақ мәліметті мына сілтеме арқылы оқи аласыздар:  http://www.dalanews.kz/25893 

Читайте также Архив новостей