Түлектер кездесуі - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1563 Статистика

Түлектер кездесуі

Жуырда 1979 жылы "Ауылшаруашылығын механикаландыру" мамандығын бітірген түлектер университетте бас қосты. Жиылған қауым университет ректоры Т.И.Есполовпен жүздесіп, оқу орнының қазіргі жай-күйімен танысты.
Ректор Тілектес исабайұлы  "Университетімізде даму стратегиясын жүзеге асыру жолында ауқымды және нәтижелі жұмыстар атқары­луда. Алдағы мақсаттар тым жоғары. Біліммен ғылымның қара шаңырағы - Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің келер жылы 90 жылдық мерей­тойы. Осы 90 жылдық тарихы бар универ­ситетіміздің түлектері еліміздің даму жолынадағы ағарту ісіне өз үлестерін қосуда және  әлі де қосатынына сенімдімін!», - деді.
 

Кездесу соңында түлектер "Университеттегі батыл жаңарулар мен үлкен өзгерістердің бастамашысы ректор Тілектес Есполовқа  өз аттарынан ізгі тілектерін білдіріп, осындай игі істі ұйымдастырып, университеттің өркендеуіне бар күшін салып жүрген Түлектер қауымдастығының атқарушы директоры Исабек Жанашевқа, ұстаздарға алғыстарын айтып, жаңа жетістіктерге жол ашатын, біздің Тәуелсіз Отанымыздың өркендеуіне үлес қосатын жасампаз студенттеріңіздің қатары көбейе берсін, Университетіміз әрқашан үздіктер қатарынан орын алып, тұғырынан таймасын. Әрқашан жақсылықта жүздесе берейік, жақсылық мол, еліміз аман болсын!" - деп өз тілектерін айтты. Кездесуге келген түлектердің арасында Бексынов Б.А., Бектурсынов Е., Абдықадыров С., Талқанбаев Қ.К., Садыров  Д.М., Құрбан Е.Қ., Юсупов С.А., Қыдырбаев Қ.У., Айтбаев Т.Е., Джунсанло Ю,. сынды еліміздің дамуына үлес қосып жүрген қоғам қайраткерлері, жеке кәсіпкерлер және академик, доценттер болды.

 
ҚазҰАУ баспасөз қызметі
Фото: М.Ботабеков
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты