Топырақ құнарлылығы мәселелері талқыланды - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1564 Статистика

Топырақ құнарлылығы мәселелері талқыланды

2-3 шілдеде Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «Орталық Азияның ауыл шаруашылық ландшафттарында   қоршаған ортаға мониторинг жүргізу, жер және су ресурстарын басқару үшін зерттеудің және бағалаудың заманауи әдістері»тақырыбында халықаралық симпозиум өтті. «Орталық Азияның ауыл шаруашылық ландшафттарында   қоршаған ортаға мониторинг жүргізу, жер және су ресурстарын басқару үшін зерттеудің және бағалаудың заманауи әдістері» халықаралық симпозиумы жақын және алыс шетел, сондай-ақ жетекші университеттердің, ғылыми орталықтардың, ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдарының қатысуымен өтті. «Ө.О.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ҒЗИ» ЖШС (Қазақстан),  Орталық Азия экология және қоршаған орта ғылыми-зерттеу орталықтары (ҚХР және Қазақстан), Синьцзян экологии және география институты (ҚХР ҒА), Митчерлих топырақ құнарлылығы академиясы (Германия), «Қазақ ұлттық аграрлық университеті» АҚ (Қазақстан), «Топырақтану, агрохимия және агроэкология қоғамы» ҚБ (Қазақстан) атсалысты.
 

Шараны Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА Вице-президенті, академик Тілектес Исабайұлы Есполов ашып, жүргізіп отырды. 
Халықаралық симпозиум жұмысына жақын және алыс шетелдерден: Әзірбайжан, Германия, Қазақстан, Қырғызстан, ҚХР, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Жапония және басқа да елдерден ғалымдар қатысып, баяндамалар жасады.
Симпозиумда топырақ ресурстарын және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану, оның ішінде топырақ құнарлылығы мәселелерін қарастырды. Жақын және алыс шетелдердің белгілі ғалымдары топырақтың қазіргі жағдайы, олардың құнарлылығын сақтау мен қайта қалпына келтіру және мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жаңа тәсілдер бойынша кең түрде пікір алмасты.
Халықаралық симпозиум аясында пленарлық және секциялық отырыстар, дөңгелек үстел өткізіліп, соңында қарар қабылданды. Нәтижесінде Орталық Азия агроландшафттарындағы топырақ жамылғысының, қоршаған ортаның және экожүйенің қазіргі жағдайын зерттеу мен бағалаудың жаңа әдістерін пайдалану саласындағы ғылыми қоғамдастықтың пікір алмасуы мен интеграциясының өзіндік ақпараттық алаңының негізі құрылды. Табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың теориялық және практикалық тәсілдерінің нақты шешімдері ұсынылады. Бұл ретте, топырақтың болашақтағы жағдайын болжау маңызды мәнге ие, өйткені қазіргі климаттың жаһандық өзгеруімен, экологиялық жағдайдың нашарлауы жағдайында топырақтану және агрохимия ғылымдарының рөлі өлшеусіз және ерекше өзектілікке ие болуда.
Халықаралық симпозиум жұмысына жақын және алыс шетелдерден: Қазақстан, Қырғызстан, ҚХР, Тәжікстан, Германия, Ресей, Өзбекстан және Жапония елдерінен 70 ғалым қатысты, оның ішінде 40-ы ғылыми баяндамаларын ұсынды.
Халықаралық симпозиум аясында пленарлық, секциялық отырыстар мен дөңгелек үстел өткізілді, онда топырақ ресурстарының қазіргі жағдайы, тозу, шөлейттену, бүліну, ластану, тұздану, топырақ пен қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша жетекші ғалымдардың баяндамалары тыңдалды.
Шара «Ө.О.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ҒЗИ» ЖШС директоры Абдулла Сапаровтың 70 жылдық мрейтойы қарсаңында ұйымдастырылды. Абдулла Сапаров 45 жылдан аса топырақ ресурстарымен ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланатын жерлерді тиімді пайдалану және топырақтың құнарлылығын арттырудың негізінде ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі мен сапасын арттыру және өндіріске жаңа инновациалық технологияларды ендіру проблемаларымен айналысатын республикадағы агрохимия және топырақтану саласындағы көрнекті ғалым.
Халықаралық Симпозиумға қатысушылар осы Симпозиум іргелі және қолданбалы зерттеулерді одан әрі дамыту үшін серпін беретініне, әлемдік ғылыми қауымдастық ғалымдарының ғылыми байланыстарын нығайтуға ықпал ететініне сенімді.
 
 
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты